ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2027-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің

2026 жылғы «6» қазандағы                                                                                                              №201 қаулысымен мақұлданған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ

2027-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз қаласы,  2026 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ

1.

Жамбыл облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы

     3-6

2.

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлерін және есептік деректерінің 2025 жылы мақұлданған облыс деңгейіндегі Даму болжамының болжамды деректерінен алшақтығының себептерін талдау

     7-9

3.

Жамбыл облысының 2026 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері және негізгі бағыттары

     9-11

4.

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму тәуекелдері

    11-12

5.

Экономикалық өсу факторлары және Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2027-2029 жылдарға арналған болжамы

12-16

6.

Жамбыл облысының бюджет түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын бюджеттік параметрлерінің 2027-2029 жылдарға арналған болжамы

    16-17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жамбыл облысының 2025 жылғы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

2025 жылы экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталды.

2025 жылдың қорытындысымен облыстың жалпы өңірлік өнімі                                 3 341,6 миллиард теңгені,  нақты көлем индексі 107,1% құрады.  Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2 741,2 мың теңгені құрады.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіпке 22,8%, құрылысқа - 9,8%, көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге - 9,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығына - 9,1%, көлік және қоймалауға - 7,4%, ақпарат пен байланысқа - 0,6%, басқа салаларға - 40,5% тиесілі.

Облыстың еңбек өнімділігі 5 496,5 мың теңге/адамды немесе 114,4% құрады. Өсім өнеркәсіптегі 34,1%-ға (оның ішінде өңдеу өнеркәсіптегі - 48,4%-ға), құрылыстағы - 19,7%-ға, көлік және қоймалаудағы - 14,6%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығындағы - 3,4%-ға, көтерме және бөлшек саудадағы, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеудегі - 1,4%-ға еңбек өнімділігінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 19,2%-ға артып, 1 394,7 миллиард теңгені құрады.

Өсім тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазудағы көлемнің - 34,2%-ға (289,9 миллиард теңге), өңдеу өнеркәсібінде - 18,4%-ға                             (851,8 миллиард теңге), сондай-ақ электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласындағы жұмыстар мен қызметтер көлемінің 7,0%-ға (243,3 миллиард теңге) артуы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте қалдықтарды жинау, өңдеу және жою жөніндегі қызметтердің азаюына байланысты сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет көлемі 0,1%-ға              (9,7 миллиард теңгеге дейін)  төмендеді.

Өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 60%-дан жоғары. Оң динамика тамақ өнімдері (4,8%-ға), машина жасау (7,7%-ға), химия (20,5%-ға) және жеңіл өнеркәсіп (27,5%-ға), мұнай өнімдері (29,5%-ға), сондай-ақ басқа да металл емес минералдық өнімдер (61,1%-ға) өндірісі көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 338,3 миллион АҚШ долларын немесе 2024 жылғы деңгейіне 109,4% құрады.

2025 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 2,2 миллиард теңгеге 2 жоба іске қосылып, 101 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы «жасыл экономиканы» дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады.                        Жалпы белгіленген қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейді,оның ішінде 6 су (24,4 МВт), 10 жел (275,65 МВт) және 6 күн (271,25 МВт) электр станциясы.                              .

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 531,7 миллиард теңгені немесе 102,2% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 308,0 миллиард теңге (102,4%), мал шаруашылығы - 221,2 миллиард теңге (102,0%).

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 640,3 мың гектарды құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 2,1%-ға артты.Агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру шеңберінде соя бұршағының егіс алқабы 26 есеге, бұршақ тұқымдас көкөністер - 4,9 есеге, бақша дақылдары - 2,4 есеге, дәндік жүгері - 1,4 есеге, майлы дақылдар (сафлорды қоса алғанда), ашық топырақтағы көкөністері, картоп және мал азығы дақылдары (мал азығына арналған жүгеріні қоса алғанда) 1,2 есеге артты.

Дәнді және бұршақты дақылдардың өңделгеннен кейінгі салмақтағы жалпы жиналымы гектарынан орташа есеппен 11,1 центнер өнімділікпен 370,0 мың тоннаны, майлы дақылдар - 26,8 мың тоннаны (7,1 центнер/гектар), бақша дақылдары - 369,4 мың тоннаны (301,8 центнер/гектар), картоп - 225,7 мың тоннаны (273,1 центнер/гектар), қант қызылшасы - 296,0 ​​мың тоннаны          (451,9 центнер/гектар) құрады.

Су үнемдеу технологиялары 66,5 мың гектар алаңда қолданылды                           (тамшылатып суару – 44,6 мың гектар, жаңбырлатып суару - 19,3 мың гектар, лазерлік тегістеу – 2,6 мың гектар). Озық технологияларды енгізу есебінен қарқынды бақтардың ауданы 1,4 мың гектарды құрап, онда 20,9 мың тонна өнім жиналды.

Мал шаруашылығы саласында 2024 жылға қарай ет өндіру көлемі (тірідей салмақта) 2,6%-ға, сүт өндіру – 1,8%-ға; ірі қара мал саны – 2,8%-ға, қой – 4,4%-ға, жылқы – 13,3%-ға, құс – 18,7%-ға артты.

28,0 миллиард теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 101 жұмыс орны құрылды.

2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында қайтарым қаражаты есебінен 30,7 миллиард теңгеге 5,7 мың жоба (жылыжайлар, қайта өңдеу, наубайхана, қызмет көрсету саласы) қаржыландырылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 399,1 миллиард теңгені құрап,                       2024 жылмен салыстырғанда 16,2%-ға артты. Пайдалануға 787,1 мың ш. м тұрғын үй берілді, бұл 2024 жылғы деңгейінен 3,7%-ға жоғары.

Бөлшек және көтерме сауда айналымының 4,5%-ға өсуіне қарамастан, автокөлік жөндеу сегментіндегі бәсеңдік салдарынан сауда айналымы                   2024 жылғы деңгейге 99,4% құрады.

Көлік және қоймалау қызметтері 11,7%-ға артты, оның негізгі үлесі теміржол көлігімен жүк тасымалдауға (82,1%) және құбыржол көлігімен тасымалдауға (10,8%), ал жолаушылар тасымалында негізгі үлес автомобиль көлігіне (99,0%) тиесілі.

Есепті кезеңде өңірдің көлік саласында автобус паркі 91 бірлікке жаңартылды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 789,4 миллиард теңгені құрап, 2024 жылдың деңгейіне 43,0%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция жалпы көлеміндегі бюджет қаражатының үлесі 17,2%                     (135,7 миллиард теңге), жеке инвестициялар үлесі 82,8% (653,7 миллиард теңге) құрайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша сыртқы сауда айналымында 2,0 есеге                 (1098,8 миллион АҚШ доллары) өсім тіркелді, оның ішінде импорт 2,8 есеге (890,5 миллион АҚШ доллары) артып, ал экспорт 13,1%-ға (208,3 миллион АҚШ долларына) қысқарды.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 1,4 есеге, оның ішінде экспорт - 1,6 есеге, импорт - 1,2 есеге артты.

Облыста 289,8 миллиард теңгеге 32,5 мың кәсіпкерлік субъектілері қаржыландырылды, оның ішінде 53,4 миллиард теңгеге 2,2 мың жоба мемлекеттік қолдау тапты.

Нәтижесінде 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,5%-ға (108,6 мың бірлік), ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 1,1%-ға (169,0 мың адам), бизнес субъектілерімен өндірген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1,3 есеге                     (2 096,9 миллиард теңге) артты. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 29,1% құрады.

Облыстың байланыс қызметтері интернет желісінің серпінді дамуы есебінен (19,8%-ға) 12,0%-ға артты.

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары және 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында 13,9 миллиард теңгеге 48 жоба (ұзындығы 690 шақырым) іске асырылды. 24 елді мекен, сондай-ақ Тараз және Шу қалаларындағы 9 шағын алқабы сапалы ауыз сумен қамтылды. Облыстағы 357 елді мекеннің барлығы 100% сумен қамтамасыз етілген.

Газбен жабдықтау саласында есепті кезеңде 19,1 миллиард теңгені құрайтын 14 жобаның (177 шақырым) 9-ы аяқталды, қалған 5-і 2026 жылға өтпелі. Нәтижесінде 284 елді мекен (79,5%) немесе халықтың 91,8%-ы «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілді.

Жылумен жабдықтау саласында 3,6 миллиард теңгеге 10 жоба бойынша                   15,2 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өңірдің 4 қаласы (Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылды.

Электрмен жабдықтау саласында Тараз қаласы мен аудандардың 10 елді мекенінде 2,5 миллиард теңгеге 162 шақырым электр желілерін қайта жаңғырту бойынша 11 жоба іске асырылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде су құбыры желілерінің тозу деңгейі 2024 жылғы 26,6%-дан 2025 жылы 24,7%-ға, газ құбырлары - 24%-дан 23,6%-ға, жылу желілері - 54%-дан 53%-ға, электр желілері - 79,0%-дан 75,9%-ға дейін төмендеді.

Облыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің желісі 10,1 мың шақырымды құрайды (республикалық маңызы бар – 1,2 мың шақырым, облыстық – 1,7 мың шақырым, аудандық – 1,5 мың шақырым; елді мекендер көшелері – 5,7 мың шақырым). Оның ішінде 2025 жылы 28,0 миллиард теңгеге 471,4 шақырымы жөнделді (құрылыс –               17,7 шақырым, қайта құру – 8,0 шақырым, орташа жөндеу – 445,7 шақырым). Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 99,5%-ға дейін жеткізілді.

2025 жылғы алдын ала мәлімет бойыншы облыс халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы  164,3 мың теңгені құрап, номиналды түрде 9,1%-ға өсті, ал нақты мәнде 0,8%-ға төмендеді. Орташа айлық жалақы 327,4 мың теңгені құрап, номиналды түрде 9,1%-ға өсті, ал нақты мәнде 0,8%-ға төмендеді.

2025 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.

Жылдық мәндегі тұтыну бағаларының индексі 111,8% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 113,2%, азық-түлік емес тауарлар – 110,2%, ақылы көрсетілетін қызметтер – 110,8% құрады.

 

Жамбыл облысының 2025 жылғы

салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы

 

Өңірде бюджет қағидаларын қатаң сақтауға, кіріс базасын нығайту мен оның есептілігін қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға негізделген салықтық-бюджет саясаты іске асырылуда

2025 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері 774,1 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 215,2 миллиард теңгесі - меншікті кірістер (жалпы кірістің 27,8%-ы).

Бюджетке 303,1 миллиард теңге салық түсімдері түсті (оның ішінде               87,9 миллиард теңгесі - республикалық бюджетке, 215,2 миллиард теңгесі – жергілікті бюджетке),бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19,1%-ға артық                (254,4 миллиард теңге).

2024-2025 жылдары іс жүзінде Жамбыл облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын, бірақ Қазақстанның басқа өңірлерінде тіркелген компанияларды қайта тіркеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Олардың қатарында «Шокпар-Гагаринское» ЖШС, «Zhanashyr Project» ЖШС, «НДФЗ» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бар.

«Жамбыл облысы бойынша жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту және қосымша резервтерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жоспары» жол картасы бекітілді, ол түсімдердің жаңа көздерін анықтауға мүмкіндік беріп, жергілікті бюджетке қаражаттың қосымша ағынын қамтамасыз етті.

Жаңа Бюджет кодексі (ҚР 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі) және Салық кодексі (ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі) негізінде Жамбыл облысының бюджеттік бағдарламаларына бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға және салық салу шарттарының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер енгізілді.

 

2. Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлерін және есептік деректерінің 2025 жылы мақұлданған

облыс деңгейіндегі Даму болжамының болжамды деректерінен алшақтығының себептерін талдау

Жамбыл облысының 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында (Жамбыл облысы әкімдігінің  2024 жылғы 3 қазандағы №245 Қаулысымен мақұлданған) 2025 жылғы негізгі макроэкономикалық параметрлер сақталды.

2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы салалық жергілікті атқарушы органдардың болжамды көрсеткіштері мен ақпараты  негізінде қалыптастырылды.

Жамбыл облысының 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы ауытқулар бірнеше факторларға байланысты туындаған. Өңір экономикасының макроэкономикалық процестерге тәуелділігі жоғары болғандықтан, бұл көрсеткіштер тұрақсыз және оларды болжау күрделі болып табылады (инфляция деңгейі мен бағаның өсуі, геосаяси шиеленіс, ұлттық валюта бағамының өзгеруі, тарифтік және бюджеттік саясаттың түзетілуі, сондай-ақ ауыл шаруашылығының дамуына әсер ететін табиғи жағдайлар).

 

1 кесте. Болжамды және нақты деректердің өсу (төмендеу) қарқыны
арасындағы сәйкессіздік, %

 

№

р/с

Көрсеткіштің атауы

2025жыл

Ауытқу

 (+,-)

Болжам

Нақты

1.

ЖӨӨ нақты өзгерісі,

%алдыңғы жылға

102,9

107,1

+4,2

2.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы% алдыңғы жылға

105,1

102,2

-2,9

3.

Өнеркәсіп% алдыңғы жылға

105,2

119,2

+14,0

4

Өңдеу өнеркәсібі

% алдыңғы жылға

105,1

118,4

+13,3

5

Құрылыс% алдыңғы жылға

100,5

116,2

+15,7

6

Бөлшек және көтерме сауда

% алдыңғы жылға

102,0

99,4

-2,6

7

Көлік және қоймалау,

% алдыңғы жылға

101,3

111,7

+10,4

8

Ақпарат және байланыс,

% алдыңғы жылға

105,4

118,4

+13,0

 

2025 жылғы Жамбыл облысы ЖӨӨ-нің нақты өзгерісінің нақты және болжамды мәндері арасында алшақтық байқалады. ЖӨӨ-нің НКИ 107,1% құрады, бұл болжамды мәннен (жоспар - 102,9%) 4,2 пайыздық тармаққа жоғары. Мұндай нәтиже базалық секторлардағы озық өсіммен және өңірлік экономика салаларындағы бағаның өзгеруі бойынша бағалауды ескеретін және ЖӨӨ-нің номиналды көлемінің болжамдарына әсер ететін, болжамда пайдаланылған дефлятор индекстерімен түсіндіріледі.

Өсімнің негізгі факторы өнеркәсіп көлемінің 19,2%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің 2,2%-ға, құрылыс жұмыстарының 16,2%-ға, көлік және қоймалау көлемінің 11,7%-ға, ақпарат және байланыс қызметтерінің 18,4%-ға артуы болды.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында болжамды көрсеткіштің 2,9 пайыздық тармаққа орындалмауы байқалады (жоспар 105,1%). Өсімдік шаруашылығындағы теріс динамика агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру шеңберіндегі құрылымдық өзгерістермен, сондай-ақ вегетациялық кезеңдегі қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар өнімділігінің 41,6%-ға (11,1 центнер/гектарға дейін) және қант қызылшасының 21,5%-ға (451,9 центнер/гектарға дейін)  төмендеуімен байланысты.

Осылайша, шаруашылықтардың барлық санаттарында дәнді және бұршақты дақылдар егісі 0,8%-ға қысқарды, бұл ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бидайға арналған егіс алқаптары майлы дақылдар (15,6%-ға) мен бақша дақылдары (2,4 есе) алаңдарын кеңейту пайдасына 12,5%-ға қысқарды. Бұдан бөлек, облыстың барлық шаруашылықтарында қант қызылшасының егіс алқабы 41,6%-ға қысқарды.

Мал шаруашылығында индикатордың орындалмауына ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қой мен ешкі басының 12,4%-ға (44 192 бас), жылқы басының 4,0%-ға (3 032 бас) төмендеуі қосымша әсер етті.

Өнеркәсіптегі өсім болжамды көрсеткіштен 14 пайыздық тармаққа асып, 119,2% құрады. Бұл тау-кен өндіру секторы көлемінің 1,3 есеге (болжам бойынша – 108,0%), электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар мен қызметтер көлемінің 7,0%-ға артуымен (102,0%) байланысты, сонымен қатар оң нәтижеге инвестициялар есебінен белсенді ынталандыру, өндірістік базаны кеңейту, жұмыс істеп тұрған қуаттарды жүктеу, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарта отырып ірі жобаларды іске асыру тікелей әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсімі 118,4% құрады, болжамды көрсеткіштен 13,3 пайыздық тармаққа жоғары. Өсім тамақ өнімдерін өндірудің 4,8%-ға (болжам – 101,0%), химия өнеркәсібінің 1,2 есеге (101,2%), мұнай өнімдерін өндірудің 1,3 есеге (100,0%) және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінің 1,6 есеге (100,1%) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданындағы мектептер, Шөлдала, Көлтоған, Құмшағал, Айшабибі, Пригородное тұрғын алқаптары үшін жоғары вольтты желілер мен кіші станциялар, көппәтерлі тұрғын үйлер; Қордай ауданындағы иммундық-биологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт, «Корцем» ЖШС үшін цемент зауыты; Сарысу ауданындағы кальцийленген сода өндіретін зауыт, «Еврохим Қаратау» ЖШС үшін химиялық заттар өндіретін химиялық кешен, кальцийленген сода өндіретін зауыт үшін 68 жатақханасы бар тұрғын үй қалашығы; Талас ауданындағы «Talas Investment Company» ЖШС үшін нaтрий цианидін өндіретін зауыттың 2-ші желісі және Майтөбе мен Қожағаппар ауылдарының газбен қамтамасыз ету жүйелері нысандарының құрылысы есебінен 16,2%-ға өсті (болжамды көрсеткіштен +15,7 пайыздық тармаққа жоғары).

Саудадағы нақты көлем индексі 99,4% деңгейінде қалыптасты, бұл автокөлік жөндеу сегментіндегі бәсеңдік салдарынан болжамды көрсеткіштен 2,6 пайыздық тармаққа төмен.

Өсім қарқыны көлік (111,7% деңгейінде), ақпарат және байланыс (118,4% деңгейінде) қызметтерін көрсету саласында қол жеткізілді, бұл жүк тасымалдаудың (5,9%-ға), жолаушыларды тасымалдау және Интернет байланыстың (1,2 есе) артуы есебінен болжамды деңгейден тиісінше 10,4 және 13,0 пайыздық тармаққа жоғары.

 

3. Жамбыл облысының 2026 жылғы әлеуметтік-экономикалық  даму үрдістері және негізгі бағыттары

2026 жылдың 1 тоқсанында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 764,0 миллиард теңгені, НКИ - 111,7% құрады. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 628,8 мың теңгені құрады.

2026 жылғы қаңтар-тамыздағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113,5% деңгейінде қалыптасты. Экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемінің ұлғаюы байқалады.

Өнеркәсіп өндірісі 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға (981,3 миллиард теңге) өсті. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі - 6,8%-ға (148,3 миллиард теңге), өңдеу - 27,2%-ға (654,6 миллиард теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау - 6,7%-ға (172,2 миллиард теңге) артты. Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет көлемі 4,5%-ға (6,3 миллиард теңге) қысқарды.

2026 жылы Біріңғай индустрияландыру картасы шеңберінде инвестиция көлемі 627,8 миллиард теңгені құрайтын және 1206 жаңа жұмыс орнын ашатын 6 өнеркәсіптік-инновациялық жоба іске асырылуда.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,6%-ға артты                         (280,8 миллиард теңге). Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы алдын ала мәліметтер бойынша 654,9 мың гектарды құрады, оның ішінде дәнді масақты дақылдар 377,2 мың гектар алқапқа егілді.

Мал шаруашылығында тірі салмақтағы ет өндірісі 0,6%-ға, сүт - 1,9%-ға, жұмыртқа - 14,4%-ға өсті.

2026 жылғы 1 қыркүйекке жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101,7 мың бірлікті құрады.

2026 жылдың 8 айында 48,7% өсіммен негізгі капиталға 621,4 миллиард теңге  инвестиция тартылды. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,4%-ға (228,3 миллиард теңге),  пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 1,4%-ға (408,9 мың шаршы метр) артты.

Ішкі сауда 2,8%-ға, оның ішінде бөлшек сауда - 2,2%-ға, көтерме сауда – 3,4%-ға өсті.

2026 жылдың қаңтар-шілдесінде сыртқы сауда айналымы 1,2 есеге арты, оның ішінде импорт - 1,9 есеге, ал экспорт 79,5%-ға қысқарды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 0,8%-ға артты, оның ішінде импорт - 3,8%-ға, ал экспорт - 3,1%-ға төмендеді.

Көлік қызметтері 10,2%-ға,  байланыс 4,6%-ға артты.

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары және Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша 20,5 миллиард теңгеге 20 жоба іске асырылуда.

Ағымдағы жылы газбен жабдықтау саласында өтпелі 5 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Мойынқұм ауданындағы жобаны аяқтау үшін 4,6 миллиард теңге (республикалық бюджеттен – 4,0 миллиард теңге, облыстық бюджеттен – 0,6 миллиард теңге) бөлінді.

Сарысу және Шу аудандарының 32 елді мекенін газбен қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылуда. «Еврохим» автоматты газ үлестіру станциясының құрылысын аяқтауға 1,0 миллиард теңге бөлінді, құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

«Шу» АГҮС жобасы Шу ауданының 18 елді мекенін және Мойынқұм ауданының 24 елді мекенін кезең-кезеңімен газбен қамтуды қарастырады. Жобаны іске асыруға Арнайы мемлекеттік қор қаражатынан 2,9 миллиард теңге көзделген, қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін газбен қамтуды дамытуға 8,7 миллиард теңге бағытталды. Нәтижесінде облыс халқын газбен қамту деңгейі 92,2% құрайды.

Жылумен жабдықтау саласында ұзындығы 29,3 шақырым жылу желілерін 11 жоба аясында реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Электрмен жабдықтау саласында 131,6 шақырым электр желілерін реконструкциялау бойынша 11 жоба іске асырылуда.

Автожол саласында 23,4 миллиард теңгеге 2 көпір, 3 теміржол өткелін салу және 134,6 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде (қайта жаңғырту - 5,7 шақырым, орташа жөндеу - 128,9 шақырым). Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 99,0% құрайды.

2026 жылдың 1 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 166,8 мың теңгені құрап, 2025 жылдың тиісті кезеңіне номиналды мәнде 7,6%-ға өсіп, нақты мәнде 3,4%-ға төмендеді.

2026 жылғы 2-тоқсанда орташа айлық жалақы 375,5 мың теңгені құрады, бұл ретте номиналды мәнде 5,7%-ға өсім, ал нақты мәнде 4,3%-ға төмендеу байқалады.

2026 жылғы тамызда тұтыну бағаларының индексі 2025 жылғы желтоқсанға 106,0% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 105,1%, азық-түлік емес тауарлар – 106,1%, ақылы көрсетілетін қызметтер – 108,0% құрады.

Өңірде даму әлеуеті бар 235 ауылдық елді мекен (69 тіректі және 166 спутниктік). 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 72,9% (қала 88,9%, ауыл 72,7%) құрады.

Ауылдық елді мекендерді дамыту Қазақстан Республикасының өңірлік дамуының 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жалғасады, онда «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобалары бірыңғай бағдарламаға біріктірілген.

Ағымдағы жағдайды ескере отырып, 2026 жылы ЖӨӨ өсімі 3,9% деңгейінде бағаланады. Номиналды ЖӨӨ 2026 жылы 3 749,0 миллиард теңге көлемінде болжанады.Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 6,4 мың АҚШ доллары деңгейінде бағаланады.

Өнеркәсіп көлемінің өсуі 8,5%, ауыл шаруашылығы – 5,7%, құрылыс – 5,0%, көлік – 5,0%, сауда – 3,1% деңгейінде күтілуде.

 

4. Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму тәуекелдері

Қазіргі кезеңде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негізгі тәуекелдер ретінде сыртқы сын-қатерлер мен ішкі құрылымдық осалдықтар сақталуда. Өңір экономикасы әлемдегі геосаяси тұрақсыздықтың, инфляциялық процестердің, баға өсімінің және валюта бағамы құбылуының қысымында қалып отыр, бұл транзиттік әлеует пен инвестициялық белсенділікке тікелей әсер етеді.

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тәуекелдері:

- тыңайтқыштар мен химия өнеркәсібі шикізатының әлемдік бағаларына тәуелділік; Қытай мен Ресей тарапынан жоғары бәсекелестік;

-облыстың сыртқы сауда айналымындағы импорт үлесінің жоғары болуы;

- өңірде суармалы судың тапшылығы, Қырғыз Республикасымен реттелетін трансшекаралық өзендерге тәуелділік;

- аграрлық сектордың климаттық осалдығы және жоғары сезімталдығы;

- жеке қосалқы шаруашылықтардың елеулі үлес салмағында ауыл шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жоғары шоғырлануы;

- энергетикалық және коммуналдық желілерді кезең-кезеңімен жаңарту және жаңғырту қажеттілігі;

- тазарту имараттарын жаңғырту қажеттілігі;

- энергия ресурстары мен көлік қызметтеріне тарифтердің өсу үрдісі;

- инфрақұрылымдық логистиканың нашар дамуы;

- темір жол және құбыр көлігімен жүк тасымалдау көлемінің әлемдік нарық конъюнктурасына тәуелділігі;

- туудың біртіндеп төмендеуін қоса алғанда, демографиялық үрдістер;

- сыртқы және ішкі көші-қонның еңбек ресурстарының балансына әсері.

 

5. Экономикалық өсу факторлары және Жамбыл облысының             әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің

2027-2029 жылдарға арналған болжамы

Экономика дамуының негізгі серпіні сапалы әрі орнықты өсуді қамтамасыз етуге бағытталған еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Жамбыл облысының 2029 жылға қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы 2027–2029 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған мақсатты индикаторларға қол жеткізуге ықпал етеді.

Ауқымды индустрияландыру, өңдеуші секторға инвестициялар тарту, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыру және қызмет көрсету секторы 2027–2029 жылдарға арналған орта мерзімді кезеңде Жамбыл облысы экономикасының сапалы өсуінің негізгі драйверлеріне айналады. Экономиканы әртараптандыру стратегиялық міндет болып қала береді, онсыз орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүмкін емес.

Жалпы өңірлік өнімді 2029 жылға қарай 3,4%-ға ұлғайту көзделіп отыр.

Ауыл шаруашылығы: орташа жылдық өсім - 3,9%.

Саладағы тұрақты оң өсім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық ресурстарға қолжетімділігін кеңейту, инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістік қуаттарды жаңғырту, заманауи агротехнологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Өңірде инвестицияларды тиімді тарту, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын, сондай-ақ «Мен кәсіпкер» құралы шеңберінде «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және «Бір ауыл – бір өнім» жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Егіс алқаптарын әртараптандыру, сұранысқа ие дақылдардың (майлы, көкөніс, мал азығы) үлесін арттыру және пайдаланылмайтын егістік жерлерді айналымға тарту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кешенді жеделдете дамыту мақсатында көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жеңілдікпен кредит беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін жеңілдетілген лизинг, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетіктері іске қосылатын болады.

Агроөнеркәсіптік қайта өңдеу саласында қуаттылығы жылына 300,0 мың тонна қант зауытын жаңғырту (Тараз қант зауыты), жылына 7,0 мың тонна көлемінде ет өнімдерін қайта өңдеу («TRZ Agro» ЖШС), жылына 1,0 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын шығару («Asa Global» ЖШС), тракторлар мен комбайндар шығару («Kaz Fmworld Agricultural Machinery» ЖШС), құс фабрикасы («Алель Агро» АҚ), 5 мың бас ірі және 20 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы («Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС) және басқа да жобалар жоспарлануда.

Экспортқа бағдарланған өнімдердің сыртқы нарықтарын дамыту жоспарлануда: бидай (Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан); пияз (Польша, Өзбекстан); картоп (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан); жұмыртқа (Тәжікстан, Өзбекстан); мақсыр майы (Германия, Нидерланд, Жапония, Иран, Қытай); макарон өнімдері (Тәжікстан, Ауғанстан); ет және тағамдық өнімдер (Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт).

Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру заманауи асыл тұқымдық базаны құру, малдың генетикалық әлеуетін арттыру, сондай-ақ бордақылау алаңдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарын салу есебінен қамтамасыз етіледі.

Максималды тиімділікке қол жеткізу үшін өсімдік шаруашылығындағы жоспарлар су қоймаларын салу және қайта құру, сондай-ақ суару каналдарын жаңғырту жұмыстарымен синхрондалатын болады.

Облыс аумағында 2028 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 31,7 миллион текше метр құрайтын 3 су қоймасын (Андас-3, Ақмола, Қалғұты) салу және жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасын (Ынталы, Қарақоңыз, Теріс-Ащыбұлақ) қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2026-2028 жылдары жалпы ұзындығы 1 298 шақырым 236 каналды реконструкциялау көзделген. Бұдан бөлек, қуаттылығы жылына 15 мың гектарға дейінгі тамшылатып суғару жүйелерін өндіруді ұйымдастыру бойынша «Akplas» (Түркия) компаниясының жобасын іске асыру жоспарлануда, бұл суғарылатын жерлердің жалпы алаңын 80 мың гектарға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыру, апта сайынғы мониторинг жүргізу және әлеуметтік павильондар желісін кеңейту жоспарлануда.

2027-2029 жылдары өнеркәсіп өнімдері өндірісінде орташа өсім жылына 4,2% деңгейінде болжануда.

Тұтастай алғанда, индустриялық саясат сабақтастығын сақтайды және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады, онда тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарының өндірісі басым бағыттар болып қала береді.

Өңдеу өнеркәсібінің орташа жылдық өсімі 5,6% құрайды.

Индустрияландыруды тереңдету кәсіпорындарды өсу нүктелерінде ұтымды орналастыру, өнім өндіруші кәсіпорындар пулын қалыптастыру және индустриялық аймақтар құру арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуін арттыру үшін «Инвестицияларға тапсырыс» механизмін іске асыру жалғасады, оның аясында агроөнеркәсіптік кешен және халық тұтынатын тауарлар шығару бойынша нақты жобалар пулы қалыптастырылады.

Осылайша, облыста 2030 жылға дейін инвестиция көлемі 5,6 триллион теңгеден асатын 116 жобадан тұратын пул қалыптастырылды, бұл 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Химия саласы өңір экономикасының басым секторы болып қала береді. Бұл фосфат шикізатының елеулі қорларымен, фосфорит кен орындарын одан әрі игерумен, фосфорды терең өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, сондай-ақ жаңа өндірістерді ашумен негізделеді.

Тараз қаласында «НұрХим-2021» ЖШС қуаттылығы жылына 310 мың тонна аралас кешенді тыңайтқыштар өндіру жобасын іске асыруда, бұл                      20 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді; «Алтай Элит Строй» ЖШС қуаттылығы жылына 40,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын жүргізуде (30 жұмыс орны).

Сарысу ауданында түрік инвесторының қатысуымен қуаттылығы жылына 1,0 миллион тонна «QazaqSoda» кальцийленген сода өндіретін                    (300 жұмыс орны), сондай-ақ қуаттылығы жылына 1,0 миллион тонна «Zhanatas chemical complex» тыңайтқыштар мен құрамында азоты бар қосылыстар өндіретін ірі зауыттардың құрылысы жалғасуда (5000 жұмыс орны).

Талас ауданында натрий цианиді өндірісін («Talas Investment Company» ЖШС) жылына 15 мың тоннаға дейін (100 жұмыс орны) және фосфор тыңайтқыштарын қайта өңдеуді («AsiaChem» ЖШС) жылына 150 мың тоннаға дейін (50 жұмыс орны) жеткізу жоспарлануда.

Шу ауданында қуаттылығы жылына 30,0 мың тонна «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» сутегі пероксидін өндіру (100 жұмыс орны) және қуаттылығы жылына 25 мың тонна «Altynalmas Reagents» натрий цианидін өндіру (100 жұмыс орны) бойынша жобалар іске асырылуда.

Металлургия саласында жоғары сапалы ферросиликомарганец өндіретін зауыт құрылысы («Тараз өндірістік комбинаты» ЖШС) қуаттылығы жылына 90 мың тонна (130 жұмыс орны); тау-кен металлургия комбинатының құрылысы және алтын кен орындарын игеру («Central Asia Gold Corp.» АҚ) қуаттылығы жылына 200 мың тонна кен (300 жұмыс орны); мыс кендерін үйінділеп шаймалау зауытын іске қосу («Shagala Mining» ЖШС) қуаттылығы жылына 9 мың тонна кен (300 жұмыс орны); алтын айыру фабрикасының құрылысы («Астана-Стройинвест» корпорациясы» ЖШС) қуаттылығы жылына 1,0 миллион тонна кен (50 жұмыс орны); алтын қосылыстарын өндіру бойынша гидрометаллургия цехын құру («Golden Compass Capital» ЖШС) қуаттылығы жылына 1 251 тонна (26 жұмыс орны); алтын айыру фабрикасының құрылысы («Шокпар-Гагаринское» ЖШС) қуаттылығы жылына 1,0 тонна (1000 кг) (400 жұмыс орны) жоспарлануда.

Құрылыс индустриясында цемент зауытының («Kazchemtrading» ЖШС), «Тараз» индустриялық аймағының аумағында сэндвич-панельдер мен модульдік үйлер шығаратын зауыттың («Жанатас Құрылыс Сервис» ЖШС) құрылысы, асфальт-бетон өндірісі («Alem Beton» ЖШС), құмблоқтар, жиектастар және құрылыс өнімдерінің өндірісі («Асқар-Тау НС» ЖШС), модификацияланған күкіртбетон өндірісі («Recycling Industrial Materials» ЖШС), жасанды тастан жасалған бұйымдар өндірісі («Промингрупп» ЖШС) және басқа да жобалар жоспарланған.

Аталған факторлар кешені экономиканы әртараптандыру және индустриялық қаңқаны нығайту бойынша шаралардың дәйекті іске асырылуымен бірге өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді.

Құрылыс: орташа жылдық өсім –5,0%.

Құрылыс саласының серпінді дамуы өңірлік экономиканы нығайтудың, өндірістік базаны кеңейтудің және базалық инфрақұрылымды жаңартудың негізгі факторы болып табылады

2027-2029 жылдар кезеңінде құрылыс көлемінің өсуі 29 денсаулық сақтау, 27 білім беру нысанын салу, автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау бойынша 15 жобаны іске асыру, сондай-ақ Тараз қаласында 2025 жылы басталған бірқатар жобалар есебінен қамтамасыз етіледі.

Инфрақұрылымдық секторды дамытумен қатар тұрғын үй құрылысында да жоғары белсенділік болжануда. Мәселен, бюджет қаражаты есебінен жалпы алаңы 396,7 мың шаршы метр 68 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Саудадағы өсім жылына орта есеппен 3,5% құрайды.

Бұл саланың дамуы инвестициялық және сыртқы сауда жобаларының санын арттыру, көтерме және бөлшек сауда желісін кеңейту, сондай-ақ сатудың цифрлық арналарын белсенді енгізу есебінен ынталандырылатын болады. Сауда саласын дамыту жұмысы заманауи сауда инфрақұрылымы форматтарын құру және көпформатты сауда объектілерін салу бағытында жалғасады. «Салтанат», «Жібек жолы» және «Якка сарай» базарлары жаңғыртылуда.

Көлік және қоймалау саласында орташа өсім – 7,3% құрайды.

Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстың елді мекендері арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталатын болады. Жолдарды жөндеу, жаңа технологияларды енгізу және өңірлер арасында да, облыс ішінде де көлік байланысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасады. Облыста автомобиль жолдарының дамыған желісі бар.                        2029 жылға дейін облыстың барлық аудандарында автожолдарды салу, қайта құру және орташа жөндеу есебінен нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 99,0% деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Тасымалдау сапасын арттыру мақсатында автобус паркін жыл сайын жаңартып отыру көзделіп отыр.

Ақпарат және байланыс қызметтерінің жылына орта есеппен 9,5%-ға өсуі экономиканы белсенді цифрландыру, IT-қызметтерге сұраныстың артуы, деректерді беру мен өңдеудің озық технологияларын енгізу, сондай-ақ Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу есебінен қамтамасыз етіледі.

4G және 5G технологиялары бойынша мобильді кең жолақты Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ түрлі секторлардағы (қаржы, мемлекеттік, инфрақұрылымдық, құрылыс, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы) кәсіпорындарды автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде облыстың барлық елді мекендерін сапалы кең жолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы

Халықтың орташа жылдық саны 2027 жылы 1228,5 мың адамнан                      2029 жылы 1252,1 мың адамға дейін ұлғаяды, оның ішінде ерлер саны                    611,9 мыңнан 624,2 мың адамға дейін, әйелдер - 616,5 мыңнан 628,0 мың адамға дейін ұлғаяды.

Жұмыс күші құрамындағы ерлердің болжамды саны 2027 жылғы 304,4 мың адамнан 2029 жылы 306,0 мың адамға дейін артады, әйелдер саны 2027 жылы 239,3 мың адамды құрап, 2029 жылы 239,9 мың адамға дейін өседі.

Ерлер арасындағы болжамды жұмыссыздық деңгейі 2027 жылы 3,9% құрап, 2029 жылы 3,8%-ға дейін төмендейді, әйелдер арасында 2027 жылы 5,9% құрап, 2029 жылы 5,8%-ға дейін төмендейді.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2029 жылға 507 057 теңгеге жетеді (2027 жылы – 425 693 теңге).

 

6.Жамбыл облысының бюджет түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын бюджеттік параметрлерінің

2027-2029 жылдарға арналған болжамы

Жамбыл облысы бюджетінің 2027-2029 жылдарға арналған параметрлері Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексіне, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері мен тапсырмаларына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен облыстың даму жоспарына сәйкес қалыптастырылады.

Бюджет саясаты бюджеттің теңгерімділігін сақтау, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, шығыстарды түсімдердің нақты мүмкіндіктері шегінде жүзеге асыру, борыштық тұрақтылықты сақтау және облыстық бюджет тапшылығын бақыланатын деңгейде ұстап тұру арқылы жүргізілетін болады.

Бюджет шығыстары, ең алдымен, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, ауылдық аумақтарды қолдауға, шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыруға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, инвестициялық жобаларды іске асыруға, экологиялық және су шаруашылығы мәселелерін шешуге, сондай-ақ инфрақұрылымдық және цифрлық дамуға басым тәртіппен бағытталады.

2027-2029 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын ескере отырып, облыстың меншікті кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2027 жылы - 232,3 миллиард теңгені, 2028 жылы - 238,2 миллиард теңгені, 2029 жылы - 253,1 миллиард теңгені құрайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген салықтық және экологиялық реформалар бизнеске түсетін фискалдық жүктемені төмендетті, бірақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің азаюына әкелді. Кешенді экологиялық рұқсаты (КЭР) бар I санаттағы объектілерді эмиссия үшін төлемдерден босату салдарынан өңірдің салық базасы қысқарды - осы негізде Экология департаменті 2026 жылғы 15 мамырда өңірдегі ең ірі салық төлеуші «Қазфосфат» ЖШС-нің өтінімін мақұлдады.

Сондай-ақ облыстың 23 ірі салық төлеушісін әкімшілендіруді республикалық деңгейге беру, КТС бойынша аванстық төлемдер табалдырығын 350 000-нан 600 000 АЕК-ке дейін арттыру, ЖТС бойынша базалық шегерімді 14-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайту, сонымен қатар мүлік салығы 300 АЕК-ке дейін (1 297,5 мың теңге) болатын бизнесті ағымдағы төлемдер бойынша есептеулерді тапсырудан босату тежеуші әсерін тигізді. Осы тәуекелдерді барынша азайту және кем түскен кірістерді толтыру үшін облыста инвестициялар тарту, экономиканы әртараптандыру және меншікті экономикалық әлеуетті нығайту бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.

Облыс бюджетінің шығыстары 2027 жылы - 874,4 миллиард теңгені,             2028 жылы - 946,4 миллиард теңгені, 2029 жылы - 1 002,0 миллиард теңгені құрайды.

Бюджет қағидаларына сәйкес шығыстар өсімінің шекті қарқыны                     2027 жылы - 12,4%, 2028 жылы - 8,2%, 2029 жылы - 5,9% құрайды. Болжам бойынша меншікті кірістердің өткен жылға қарағандағы өсу қарқыны: 2027 жылы - 102,2%, 2028 жылы - 102,5%, 2029 жылы - 106,3% құрайды.

Жоспарлы кезеңде Жамбыл облысының бюджет саясаты бюджеттің теңгерімділігін, қаржылық тұрақтылығын және шығыстардың негізділігін сақтай отырып, мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді бірінші кезекте орындауға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

 

1.       Жамбылоблысыныңәлеуметтікэкономикалықдамукөрсеткіштерініңболжамы

 

№

Көрсеткіштер

Бағалау

Болжам

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

2029 жыл

1

2

3

4

5

6

1.

ЖӨӨ, млрд теңге

3 749,0

4 086,9

4 458,8

4 856,2

2.

ЖӨӨ нақты өзгеруі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

103,9

104,0

103,6

103,4

3.

 Халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ, есептік бағам бойынша АҚШ долл

6 416,8

6 886,5

7 452,1

8 084,3

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша барлық экономикалық қызметі түрлері бойынша ЖӨӨ

4.

Ауылорманжәнебалықшаруашылығы, млн теңге

330 650,8

367 560,7

404 427,4

445 848,4

5.

алдыңғы жылға қарағанда %-бен

105,7

103,6

103,9

104,1

6.

Өнеркәсіп, млн теңге

897 877,7

931 005,8

1 002 841,8

Дата публикации
14 октября 2026