Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың пайдаланушыларына сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөнінде АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың пайдаланушыларына сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөнінде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың пайдаланушылары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлауалды үгітті жүргізу басталғанға дейін кемінде бес күн бұрын, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға және оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті.

Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетін және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың пайдаланушылары саяси партиялардың партиялық тізімдерін ұсынған кандидаттарының, сондай-ақ бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру және тарату құны мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін мұндай материалдарды орналастыруға және таратуға құқылы емес.

Үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметтерді төмендегі электрондық пошта мекенжайларына жолдауға болады: tic_zhb_obl@saylau.kz

Дата публикации
14 октября 2026