2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №60/99 қаулысы басшылыққа алынсын.
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Тараз қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары тиісті Күнтізбелік жоспарларды әзірлесін және қабылдасын.
- Осы қаулы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының интернет-бетінде, облыстық «AQ JOL» және «Знамя труда» газеттерінде жариялансын.
Төраға С. Айдапкелов
Хатшы А. Боранбаев
Тараз қаласы,
2026 жылғы 13 қазан
№ 21