Ақпарат
Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы қыркүйек айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.
2026 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 12577 кіріс құжаты түскен.
Түскен 12577 құжаттың 8300-і (66%) бақылауға алынып, 5705-і тиісті мерзімінде орындалса, 2595 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр.
Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 212 құжаттың 169-ы орындалды. Қалған 43 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 2928құжаттың
2031-і орындалды, қалған 897құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
5160 құжаттың 3505-і орындалды, қалған 1655 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.
Шығыс хаттар саны – 10179.
2026 жылғы қыркүйек айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.