Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашаға ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 8 қарашаға ауылдық округтер әкімдері

сайлауын тағайындау туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2026 жылғы 8 қарашаға Мерке ауданының Мерке, Ақермен және Аспара ауылдық округтері, Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылдық округі, Сарысу ауданының Жаңатас қаласы, Т.Рысқұлов ауданының Ақниет және Құмарық ауылдық округтері, Шу ауданының Тасөткел ауылдық округі әкімдері сайлауы тағайындалды.

2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған ауылдық округтер әкімдері сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/90459?parentId=21753&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашаға ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
30 сентября 2026