Жамбыл облысының әкімдігі, облыстың жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы жылдың 6-айында 29 833 (2024 жылдың 6-айында – 28 922) өтініш тіркеліп, оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 2 328 (2 964) өтініш тіркелген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артқан.
Айқын ерекшелік ретінде 34-39 жас аралығындағы өтініш берушілердің жоғары үлесі – 19,2% байқалады, бұл экономикалық белсенді халықтың мемлекеттік органдармен байланысқа деген жоғары қажеттілігін көрсетеді.
Әлеуметтік мәртебе бойынша бөліністе өтініш берушілердің ең үлкен үлесі жұмыс істейтін халыққа тиесілі – 35,61%.
Өтініштердің жалпы санынан бөліп қарағанда 2025 жылдың 6-айында өтіштердің басым көпшілігі Тараз қаласына – 10 599, Қордай ауданына – 2 653, Байзақ ауданына – 1 541, Шу ауданына – 1 490 барлық өтініштердің 54,5%-ы келіп түскен.
Талдау көрсеткендей, өтініштерде көтерілген ТОП-5 сұрақтарға мыналар кірді: жер және жерді пайдалану, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету.
Жер және жерді пайдалану мәселелері тұрақты түрде 1-ші орында қалды – (2025 жылғы бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша жалпы көлемдегі үлесі де 22,3%-ды құрады).
2025 жылы 18 368 (19 990) әкімшілік акт қабылданды. Өтініштердің 15 608 (17 300) қолайлы әкімшілік акт, 2 760 (2 690) ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған, 1 570 (1 579) әкімшілік рәсім тоқтатылды, 6 616 (6 078) оңайтылған әкімшілік іс қаралған.
2025 жылы қабылданған қолайлы актінің саны 9,7%-ға кеміген, (2024 ж. 17 300, 2025 ж. 15 608) ал ауыртпалық салатын әкімшілік акт 2,5%-ға (2024 ж. 2 690, 2025 ж. 2 760) артқан.
2024 жылы «е-Өтініш» АЖ-да жеке және заңды тұлғалар тарапынан жолданған жолданымдарға жан-жақты талдау жүргізілді. Бұл талдау барысында азаматтарды толғандыратын негізгі мәселелер анықталып, олардың мазмұны, сипаты мен қайталану жиілігі бойынша жүйеленді. Нәтижесінде, азаматтар тарапынан жиі көтерілетін өзекті сұрақтар мен проблемалар сараланып, сол мәселелер бойынша түсінікті әрі нақты жауаптар қамтылған сұрақ-жауаптар тізбесі әзірленді.
Әр салаға қатысты келесі бағыттар бойынша сұрақ-жауаптар әзірленді: (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар – 8, жер қатынастары -5, білім - 3, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу– 4, мәдениет және тілдерді дамыту – 2, ауыл шаруашылығы -5, денсаулық сақтау -3, кәсіпкерлік -2, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары - 3, энергетика -2, әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму – 2, дене шынықтыру және спорт-2, мемлекеттік сатып алу -1, ветеринария саласы - 1, мемлекеттік-сәулет құрылыс бақылау басқармасы -1, құрылыс -1, басқада -5).
Осыған сәйкес, азаматтар тарапынан жиі қойылатын ТОП-50 сұрақ-жауап білім базасына жүктелді.
2025 жылғы 2 мамыр және 2 маусым күндері облыс әкімі аппаратының басшысы орынбасарының төрағалық етуімен облыс әкімдігі басқармаларының жауапты қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіліп, сұрақ-жауаптарды құрастырудың тәртібі мен талаптары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, тиісті бағыт-бағдар берілді.
Қазіргі уақытта біріңғай білім базасын жетілдіру мақсатында «е-Өтініш» жүйесінде тіркелген өтініштерге тұрақты түрде талдау жүргізіліп, азаматтардың қызығушылығы мен сұранысы бойынша, бекітілген алгоритмге сәйкес қосымша жаңа сұрақтар мен жауаптар әзірлену үстінде.
Атап айтқанда, жер қатынастары – 15, спорт -11, мемлекеттік сатып алу -10, қаржы - 3, құрылыс – 3, мемлекеттік-сәулет құрылыс бақылау - 2, дін – 1 салалары бойынша сұрақ-жауаптардың тізбесі әзірленуде.
Алдағы уақытта да азаматтардың қажеттіліктеріне сай өзекті мәселелер қамтылып, білім базасы қосымша толықтырылатын болады.