Жамбыл облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабының 3-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев
Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы ____ қыркүйектегі
№____ қаулысына қосымша
Жамбыл облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) қоғамдық көмекші - құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;
2) құқық бұзушылық профилактикасы - құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;
3) уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы орган (соның ішінде қаладағы аудан әкімдіктері), құқық қорғау органы және өзге де мемлекеттік орган.
2-тарау. Жамбыл облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Комиссия, егер олар тиісті аумақта құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға тікелей ықпал еткен болса, қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.
Анонимді хабарламалар ақшалай сыйақымен көтермелеуге негіз болып табылмайды.
Көтермелеуді алу үшін азамат уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталғаннан, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды толық төлегеннен кейін, көтермелеуді төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган ұсыным қалыптастырады және айына бір рет Комиссияға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіз бойынша көтермелеуден үміткер азаматтардың тізімі бар ұсынымды жібереді.
Мұндай азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымдарды Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қарайды.
Комиссия уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде азаматтарды құқық бұзушыдан өндіріліп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермелеуді ұсыну немесе ұсынбау туралы хаттамалық шешім шығарады.
Комиссияның хаттамалық шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган тиісті шешім (қаулы) шығарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу және оларға ақшалай қаражат төлеу үшін жергілікті атқарушы органның шешімі негіз болып табылады.
Ақшалай сыйақы төлеу 20 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде Комиссия шешім шығарған сәтте қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Ақшалай сыйақы төлеу көтермелеуге ұсыным енгізген, жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген уәкілетті органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
_____________________________
|
|
Жамбыл облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларына 1-қосымша Нысан ________________________________ ________________________________ (уәкілетті органның атауы)
|
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеу алуға
ӨТІНІШ
Азаматтан (азаматшадан) _________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған күні, айы, жылы: ___________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): _________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _________________________________________
Сериясы: ______________ нөмірі: __________________________________________________
Кім берді: __________________, берілген күні: «______» __________________________ жыл
Нақты тұратын / тіркелген мекенжайы (керек емесін сызып тастаңыз):
Облыс (қала) __________________________ (аудан) __________________________________
Көше (шағын аудан) ___________________________ үй ____________ пәтер _____________
Осы өтінішпен «____»___________ 20____жылы сағат «___» мин. «___»-де менің тарапымнан әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелгенін хабарлаймын, ол мынадан көрініс тапты: ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(құқық бұзушылықтың мәнін, орны мен мән-жайларын қысқаша көрсету)
Аталған хабарлама фото, бейнетіркеу материалдарымен бірге менің тарапымнан уәкілетті органға: ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауын көрсету)
мына құрал арқылы жіберілді: ________________________________________________________________________________
(және жіберу арнасы: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «102» мобильді қосымшасы, кезекші бөлім және т.б.)
Хабарлама жіберілген сәтте аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі менің жүгінуіме дейін автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен (фото және бейнетіркеу камераларымен) және аспаптармен немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тіркелмегенін растаймын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес маған көтермелеу тағайындау мәселесін қарауыңызды сұраймын.
Көтермелеуді төлеуді мына мекенжайға жүргізуді сұраймын (қажетті нұсқаны [V] белгісімен белгілеңіз):
Менің ағымдағы банктік шотыма:
жиырма таңбалы шот нөмірі (IBAN): KZ ______________________________________
банкте (қаржы ұйымының атауы): ____________________________________________
Қайырымдылық ұйымының шотына:
Ұйымның толық атауы: _____________________________________________________
Ұйымның БСН: __________________________, шот (IBAN) ___________________ KZ
банкте: ___________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Маған көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Құқық бұзушылық профилактикасына көрсетілген жәрдем үшін көтермелеуді тексеру, тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Ұялы телефон: ___________________________ E-mail: _________________________________
Өтініш берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл
Өтініш берушінің қолы: ________________________
|
|
Жамбыл облысында құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде
«___» _________20 ___ жылғы № ___ ______________________________
(уәкілетті органның атауы)
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы
ҰСЫНЫМ
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған және көтермелеу алуға өтініш жіберген азаматтардың тізімін Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынамыз:
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган азаматтардың аталған хабарламалары құқық бұзушылық анықтауға (ашуға) тікелей ықпал еткені және ақпараттың бастапқы дереккөзі деп танылғаны (бұрын бұл құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдармен немесе лауазымды тұлғалармен тіркелмегені) фактісін растады.
Осы ұсынымды жасау сәтінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қатысты қаулылар заңды күшіне енді, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.
|
№ |
Азаматтың Т.А.Ә., ЖСН |
Құқық бұзушылық туралы хабарламаның күні мен мәні |
ӘҚБ туралы іс бойынша қаулының нөмірі мен күні |
Төленген айыппұл сомасы (төленген күні) |
Ұсыныла-тын көтермелеу мөлшері (АЕК-пен, 20 АЕК-тен аспайды) |
Азаматтың ағымдағы банктік шоты (IBAN) / қайырымдылық ұйымының атауы, БСН немесе шоты |
|
|
|
|
|
|
|
|
Азаматтардың жіберген өтініштері және растаушы құжаттар қоса беріледі.
Басшы ____________________________________________________________________
тегі, аты-жөнінің бас әріптері, (қолы)
Ұсыным берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл