2026 жылғы «11» ақпан № 22
Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің
жекелеген санаттарына 2026 жылға арналған тамақтандыру
шығыстарын өтеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
2) көп балалы отбасылардан шыққан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға.
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Жамбыл облысының
әкімінің міндеттерін атқарушы Н. Календеров
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының басшысы Н. Оршубеков