2026 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы

 

 

2026 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы   № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                  Е. Қарашөкеев

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

ауыл шаруашылығы

басқарма басшысы                                                                    Ә. Желеубаев

2026 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы
Дата публикации
17 сентября 2026