2026 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 80-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауын;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқарма басшысы Ә. Желеубаев