2026 жылдың өрт қаупі бар маусымында Жамбыл облысы аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

2026 жылдың өрт қаупі бар маусымында Жамбыл облысы аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын

бекіту туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабының                     3) тармақшасына, «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы      № 107 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10433 болып тіркелген), 2026 жылғы жазғы кезеңде облыстың орманды алқаптары мен дала аумағындағы табиғи өрттердің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылдың өрт қауіпті маусымында Жамбыл облысы аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

2) аумақтық төтенше жағдайлар департаментімен, жауапты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен (келісімдері бойынша) бірлесіп, іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралардың қабылдануын;

3) іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпараттың Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөліміне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының

басшысы                                                                                    Н. Егембердиев

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2026 жылғы «__»__________

№__қаулысына қосымша

 

 

2026 жылдың өрт қаупі бар маусымында Жамбыл облысы аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

Іс-шаралар атауы

Орындалу

мерзімдері

Орындалу үшін жауаптылар

1

Орман және дала аумақтарын өрттерден қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ орман өрттерін жоюға қызметтердің дайындық деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеп, төтенше жағдайлар комиссиясының отырысын өткізу

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері

2

2026 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық жұмыс топтарын (штабтар) құру

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері

3

Жамбыл облысының мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпсіздігін және өрттерді сөндіруді қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен алдын алу және ескерту шараларының жоспарын орындауды бақылауға алып, ірі көлемді табиғи өрт шыққан жағдайда өртті жою жөніндегі өзара іс-әрекетті ұйымдастыру

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері, ЖОӘТРжТПРБ, ЖОТЖД

(келісім бойынша)

4

Табиғи орман өрттерімен күрес жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру, өртке қарсы насихатты ұйымдастыру, өртке қарсы тақырыптарға билбордтар, аншлагтар, стендтер әзірлеп, орман, дала алқаптарына және жол бойларына орнату

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ

5

Республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында, темір жол, электр желілері бойларында минералданған жолақты жыртуды аяқтау және жыртылған жолақтарда шөп өсуіне жол бермеу

25 мамыр

Аудан әкімдіктері, «ҚТЖ» ҰК АКФ  «МЖБ» (келісім бойынша),  «ҚазАвтоЖол» АҚ ЖОФ (келісім бойынша), ЖОӘЖКжАЖБ

6

Жанар-жағармай материалдарының, тамақ өнімдерінің және басқа да шығыс материалдарының қорларын құру

25 мамыр

Аудан әкімдіктері

7

Орман және дала алқаптарындағы жану оқиғалары мен өрт қауіпсіздігі талаптары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, жеке және заңды тұлғаларға хабарлау үшін телефон нөмірлерін анықтау

25 мамыр

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ

8

Дала алқаптарына іргелес автомобиль, темір жол мен елді мекендердің бойын уақтылы жырту, қоқыстардан тазарту

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері, «ҚТЖ» ҰК АКФ  «МЖБ» (келісім бойынша),  «ҚазАвтоЖол» АҚ ЖОФ (келісім бойынша), ЖОӘЖКжАЖБ

9

Өртке қарсы сумен жабдықтаудың табиғи және жасанды көздерін жабдықтау және жарамды күйде ұстау

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері

10

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде автотрактор техникасын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауына бақылауды күшейту

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ

11

Орман және дала өрттері шыққан жағдайда күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарларына, байланыс, тұрғындарды құлақтандыру және хабардар ету сызбаларына түзетулер енгізу

 

сәуір-мамыр

айларында

ЖОТЖД

(келісім бойынша),

ЖОӘТРжТПРБ,

ЖОӘАЖДжАҚБ,

ЖООШжЖДАИ

(келісім бойынша)

12

Жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі қызметтермен қарамағындағы аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша семинар-кеңестер өткізу

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері және ауылдық округтер әкімдері, ОТЖД

13

Меншік түріне қарамастан ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жағдайына, өртке қарсы талаптардың сақталуына техникалық тексерістер жүргізу

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері және ауылдық округтер әкімдері, ОТЖД

14

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ерікті және өзге де өртке қарсы құрылымдарды құру және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын жандандыру

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері

15

Орман және дала өрттерін сөндіру үшін өрт қауіпті маусымда жанар-жағар май материалдарының қорын құру, су тасығыштарды, соқалы тракторларды және орман, дала өрттерін сөндіруге бейімделген өзге де техникаларды есепке алу

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ

16

Жедел медициналық көмек бригадаларын өрт қауіптілігі жоғары кезеңде күйікке қарсы дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету

сәуір-мамыр

айларында

Аудан әкімдіктері, ЖОДСБ

 

17

Резервті өрт сөндіргіш автомобиль техникасын дайындық сапына қою. Тараз қаласындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік топтары мен қосалқы техникаларын дайындау

өрт қауіпті кезең

бойы

ЖОӘТРжТПРБ, ЖОТЖД

(келісім бойынша)

18

Облыстағы барлық 15 ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде өрт-тактикалық жаттығулар өткізу, табиғи өртті сөндіруге тартылатын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

сәуір-мамыр

айларында

ЖОӘТРжТПРБ, ЖОТЖД

(келісім бойынша)

19

«Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының келісімі бойынша облыс аумағындағы табиғи өрттердің алдын алу туралы бейнероликтер көрсетілімін ұйымдастыру

өрт қауіпті кезең

бойы

ЖОӘТРжТПРБ, ЖОӘІСБ,

ЖОТЖД (келісім бойынша), «ҚРТ» АҚ ЖОФ (келісім бойынша)

20

Өрт қауіптілігі жоғары кезеңдерде мемлекеттік орман қорын авиациялық және жер бетінде патрульдеуді қамтамасыз ету

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ

21

Диспетчерлік бекеттер мен өрт бақылау мұнараларында орман және табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін өрт қауіптілігі жоғары кезеңде тәулік бойы кезекшілік өткеруге ауыстыруды қамтамасыз ете отырып, олардың кезекшілігін ұйымдастыру.

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ, ЖОТЖД

22

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс орындарында, санаторийлер мен пансионаттарда, халықтың көп шоғырланатын жерлерінде өртке қарсы насихат тақырыбында көрнекті тақтайшалар орнатып және өрт қауіптілігі жоғары кезеңінде күзету жұмысын ұйымдастырып, өрт шыққан жағдайда адамдарды қауіпті аймақтан көшіру тәртібін әзірлеу

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері және ауылдық округтер әкімдері, ЖОӘББ

23

Шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиісті аумақтағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабан шөптерін және өзге де өсімдік қалдықтарын  бақылаусыз өртеуге тыйым салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды қамтамасыз ету

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері және ауылдық округтер әкімдері, ЖОӘАШБ

24

Жұмыста Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №107 бұйрығымен бекітілген «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру» қағидаларын қолдану бойынша шаралар қабылдау

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ, ЖОТЖД

(келісім бойынша)

25

Өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуын және көлік құралдарының кіруін шектеу бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін полиция департаменті қызметкерлері мен  мекеме жұмыскерлері қатарынан бірлескен мобильді топ құру

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ, ЖОТЖД

(келісім бойынша), ЖОПД (келісім бойынша)

26

Көктемгі-күзгі егіс жұмыстарын жүргізу кезінде шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылымдарда және шабындықтарда тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ шөптерді жағу, шөптесін өсімдіктерді өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын  қамтамасыз ету

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері және ауылдық округтер әкімдері, ЖОӘАШБ, ЖОӘТРжТПРБ, ЖОТЖД (келісім бойынша)

27

Демалыс орындарынан басқа өрт қауіптілігі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағына өтуін шектеу туралы шешім қабылдау

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері,

ЖОӘТРжТПРБ

28

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының 16) тармақшасына сәйкес барлық өрт қауіпті маусым бойы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлу бойынша қажетті шаралар қабылдау

өрт қауіпті кезең

бойы

Аудан әкімдіктері және ауылдық округтер әкімдері, ЖОӘАШБ

29

«Қазавиаорманкүзету» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны әуе техникасымен орман және далалық алқаптарды әуеден патрульдеу барысында табиғи өртті немесе жану оқиғасын анықтаған жағдайда, ол туралы ақпаратты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік қызметіне 112 немесе 101 телефоны арқылы жедел ұсынуды қамтамасыз ету

өрт қауіпті кезең

бойы

ЖООШжЖДАИ

(келісім бойынша)

 

 

Ескертпе:

 

ЖОПД

Жамбыл облысының Полиция департаменті;

ЖОТЖД

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті;

ЖОӘТРжТПРБ

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;

ЖОӘЖКжАЖБ

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы;

ЖООШжЖДАИ

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы;

ЖОӘАЖДжАҚБ

Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі;

ЖОӘІСБ

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы;

ЖОӘДСБ

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы;

ЖОӘББ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы;

«ҚТЖ»-ҰҚ АҚФ «МЖБ»

«Қазақстан темір жолы» - Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалы  «Магистралды желі бөлімшесі»;

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ЖОФ

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы;

«ҚРТ» АҚ ЖОФ

«Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік

қоғамының Жамбыл облыстық филиалы.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу

басқармасының басшысы                                                           Н. Егембердиев

 

2026 жылдың өрт қаупі бар маусымында Жамбыл облысы аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
17 сентября 2026