Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мыналардың:
- «Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 248 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген);
- «Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 248 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 12 мамырдағы № 103 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4609 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік
және индустриалды-инновациялық
дамыту басқармасының басшысы А. Сейсебаев