Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
|
|
Жамбыл облысының әкімі
|
Е. Қарашөкеев
|
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
қаржы басқармасының басшысы Б. Әкек
|
Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы «____» наурыздағы
№ ____ қаулысына қосымша
|
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
- «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 328 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2060 болып тіркелген).
- «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 328 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 164 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4313 болып тіркелген).
- «Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 171 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4693 болып тіркелген).