Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

  

 

Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының

күші жойылды деп тану туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                           және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                       23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан                  Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі

 

Б. Сапарбаев

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 20.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4845 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Жамбылской области - Руководитель отдела Елдос Сайлауович Бекпатшаев, 08.12.2020 16:29:42, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Жамбылской области - Заместитель руководителя Даурен Жигулиевич Дайрабаев, 10.12.2020 15:19:34, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Жамбыл облысы әкімінің аппараты - Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, 14.12.2020 09:19:10, положительный результат проверки ЭЦП

Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
23 декабря 2020