Жамбыл облысы әкімі аппаратының Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі

Жамбыл облысы әкімі аппаратының Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен алдын алу жұмыстарын үйлестіретін негізгі жұмысшы орган болып табылады.

Бүгінгі таңда Бөлімнің бекітілген штат саны 3 бірліктен (бөлім басшысы, 2 бас инспектор) тұрады:

- Бөлім басшысы – Комиссия хатшысы қызметін атқарады;

- 1 бас инспектор – Экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, зардаптарын барынша азайту және Комиссия қызметін ұйымдастыруға жауапты;

- 1 бас инспектор – Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты.

Бөлім Терроризмге қарсы комиссияның және оның жұмыс тобының қызметін ұйымдастырудан бөлек 3 консультативті кеңесші органның, яғни Өңірлік жедел штабтың, Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік штабтың жұмысын ұйымдастырады.

Бөлім өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың алдын алу, сервистік тәсілдерді енгізу, терроризмге қарсы қорғалу мен зардаптарды жою бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға тікелей қатысады.

Сондай-ақ, Ұлттық жобалар, Тұжырымдамалар, Кешенді жоспарлар мен Жол карталарының өңірде орындалуын, сондай-ақ арнайы және құқық қорғау органдарының (прокуратура, ҰҚК, ІІМ, ЭТҚ, Ұлттық ұлан) өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Мемлекеттік органның негізгі қызмет бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Сонымен қатар, күзетілетін тұлғалардың сапарлары кезінде құзырлы органдармен (ҰҚК, МКҚ, ПД) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу жүктелген.

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылған.

Бөлімнің ұйымдастыруымен жыл басынан бері Терроризмге қарсы комиссияның 3 отырысы (25.02.2026 ж., 28.05.2026 ж., 01.09.2026 ж.) және оның жұмыс тобының ай сайынғы 8 отырысы өткізілді. Отырыстарда экстремизм және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері қаралып, тиісті тапсырмалары берілді.

Дағдарыс жағдайының қауіпі төнген және оның туындауы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Өңірлік жедел штабтың                     4 отырысы (05.03.2026 ж., 29.04.2026 ж., 04.08.2026 ж., 18.08.2026 ж.) өткізілді.

Бұдан бөлек, Бөліммен ағымдағы жылы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) 3 отырысы (15.01.2026 ж., 09.04.2026 ж., 02.07.2026 ж.) өткізіліп, проблемалық мәселелер мен криминогендік жағдай талқыланды. Отырыстар нәтижесінде өңірдегі криминогендік ахуалды жақсартуға ықпал ететін нақты ұсыныстармен және тапсырмалар берілді.

2026 жылғы 25 тамызда Жамбыл облысы әкімдігінің №171 қаулысымен «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес ВАК атауы «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия» болып өзгертілді.    

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің 2025 жылғы 13 тамыздағы №134-р өкіміне сәйкес, Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік штабтың (бұдан әрі - Штаб) құрамы облыс әкімінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі №126-ө өкімімен қайта қаралып, бекітілді.

Штаб жетекшісі ретінде облыс әкімі, штаб жетекшісінің орынбасарлары ретінде облыстық Полиция департаментінің басшысы және облыс әкімінің бірінші орынбасары бекітілді.

Ағымдағы жылы Штабтың 3 отырысы (29.01.2026 ж., 29.04.2026 ж.,        09.07.2026 ж.) өткізіліп, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар қарастырылып, әзірленді. Штабпен өңірдегі нашақорлық пен есірткі қылмыскерлігінің жай-күйіне тұрақты талдау жүргізілуде және бұл бағыттағы жұмыстар өңір басшылығымен бақылауға алынған.

 

Дата публикации
16 сентября 2026