Ақпарат
Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы шілде айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.
2026 жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 9962 кіріс құжаты түскен.
Түскен 9962 құжаттың 6570-і (66%) бақылауға алынып, 4353-і тиісті мерзімінде орындалса, 2217 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр.
Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 177 құжаттың 137-і орындалды. Қалған 40 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 2400 құжаттың
1401-і орындалды, қалған 999 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
3993 құжаттың 2815-і орындалды, қалған 1178 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.
Шығыс хаттар саны – 6544.
2026 жылғы шілде айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.