Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Жамбыл облысының әкімі
|
|
Е. Қарашөкеев
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігінің
Автомобиль жолдары комитеті
Жобаны енгізуші:
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М. Саурықов
|
Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» _________ № __ қаулысына қосымша
|
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
- «Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 374 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2510 болып тіркелген);
- «Жамбыл облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 303 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2891 болып тіркелген);
- «Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №374 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2916 болып тіркелген);
- «Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 374 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5023 болып тіркелген).