Облыс әкімінің 2026 жылы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған
ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Боралдай ауылдық округінің Рысбек батыр ауылындағы № 20 Жамбыл атындағы орта мектебінің жаңа құрылысын жүргізуге қаржы қарастыру |
2026 жыл 3 тоқсан |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында 100 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджетке өтінім ұсынылды, алайда қолдау таппады. Келесі нақтылау барысында республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім тағы да ұсынылатын болады |
|
2. |
Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мүмкіндігін қарастыру |
2027 жыл 4 тоқсан |
Аталған кешен құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Алдағы уақытта республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады |
|
3. |
Билікөл ауылдық округі (Қарабастау ауылындағы Абай, Қойгелді, Әлімбетов, Жамбыл, К.Қошмамбетов көшелері, Бәйдібек көшесінің бұрылысы) және Қызыларық ауылдық округі (Теріс–Ащыбұлақ ауылы Айнабұлақ көшесі қиылыстарымен, Қызыларық ауылы Жүзбаев көшесі, Ақтөбе ауылы Қайнарбұлақ, Жаңатұрмыс көшелері қиылыстарымен) көшелеріндегі автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражатты облыстық бюджеттен бөлу мәселесін қарастыру |
2026 жыл 3 тоқсан |
Билікөл және Қызыларық ауылдық округтеріндегі көрсетілген көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті бюджеттік өтінім берілді. Қазіргі уақытта өтінім қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес қаралу сатысында. Өтінім қолдау тапқан жағдайда жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген тәртіппен іске асырылатын болады
|
|
4. |
Нұрлыкент ауылындағы №5 |
2027 жыл 4 тоқсан |
Мектеп облыс бойынша бекітілген білім беру ұйымдарын жаңғырту жоспарына енгізілген. Жоспарға сәйкес аталған мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |