Облыс әкімінің 2025 жылы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған
ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ м
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Ауданда қыс мезгілінің ерекше |
2025 жылғы 4 тоқсан |
Жуалы ауданындағы автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп-ұстауды сапалы ұйымдастыру және қар тазалау жұмыстарын жедел жүргізу мақсатында аудандық тиісті қаржы қарастырылып, бүгінге лизингтік қаржыландыру арқылы сыйымдылығы 3 м³ болатын LiuGong 855 фронтальды тиегіші сатып алынды. Сонымен қатар, көлемі 3 м³ болатын трактор сатып алу бойынша тиісті рәсімдер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде |
|
2. |
Шу ауданында іске қосылатын тері өңдеу цехына Жуалы ауданынан мал терісін өткізу мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізу
|
2026 жылғы 2 тоқсан (аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу) |
Шу ауданында тері өңдеу цехының іске қосылуы жоспарлануына байланысты Жуалы ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылық иелері арасында мал терісін ұйымдасқан түрде өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар өңдеу кәсіпорнын шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге, мал шаруашылығы қалдықтарының тиімді пайдаланылуына және саладағы экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда |
|
3. |
Темір жол өткелінің (тесік көпір) құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтау үшін қажетті қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз ету |
2026 жылғы 2 тоқсан (аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу) |
Мердігер тарапынан жұмыс кестеге сәйкес жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге 87 свай қағылып, 1-кезең жұмыстары аяқталды. Оның ішінде биіктігі 7,5 м тереңдікте көпірді қазу, ГНБ және перонда өткелдерді құру жұмыстары сонымен қатар бірінші кезеңдегі бетон құю жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта алынған темір жол рельстерін орнату және екінші кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда темір жол шпалдары алынып, электр жүйесінің жоғарғы және төменгі қуатты линиялары ауыстыру жұмыстары жүргізілуде |
|
4. |
Облыстық мәндегі Бауыржан Момышұлы - Қошқарата бағытындағы автожолды қыс мезгілінде қар басып қалу салдарын азайту үшін қар ұстайтын кедергілер қою мәселесін қарастыру |
2025 жылғы 4 тоқсан |
Облыстық маңызы бар Бауыржан Момышұлы – Қошқарата – Қызтоған автомобиль жолының Ақтасты және Қызтоған ауылдары аралығында қыс мезгілінде қар басу қаупін азайту мақсатында қар тоқтатқыш қоршаулар орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, осы мақсатқа қажетті жер учаскесіне мемлекеттік актілерді рәсімдеу және мемлекеттік тіркеу жұмыстары атқарылуда, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті бастапқы деректер жинақталуда. Жобалау жұмыстарының құны айқындалғаннан кейін қаржыландыру мәселесін шешу үшін тиісті бюджеттік өтінім ұсынылатын болады |
|
5. |
«Боралдай» көмір кен орнын облыстық жобалар тизеріне енгізіп, инвестор табу мәселесін қарастыру |
2026 жылғы 1 тоқсан (аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу) |
Жуалы ауданының Боралдай ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан «Боралдай» көмір кен орны 1962 жылға дейін пайдаланылып, қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Кен орнын қайта айналымға енгізу және инвестиция тарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда жобаға «Грин Пауер Жуалы» ЖШС қызығушылық танытып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қажетті рұқсат құжаттарын алу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына тиісті өтініш жолдады. Рұқсат құжаттары алынғаннан кейін инвестор тарапынан кен орнын геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, оны өнеркәсіптік игеру мүмкіндігі айқындалатын болады |
|
6. |
Бауыржан Момышұлының ескерткішін Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойына көшіру |
2025 жылғы 4 тоқсан |
Б.Момышұлының жаңа ескерткішін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойына орнату бойынша конкурсқа 37 эскиздік жоба ұсынылып, облыстық комиссияда қаралып, үздік үш жоба анықталып тиісті министрлікке жолданды. Қазіргі таңда 3 жоба Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі республикалық комиссиясының қарауына жолданды. Қорытынды шешім қабылданғаннан кейін ескерткішті дайындау және орнату жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылатын болады |
|
7. |
Рысбек батыр ауылында |
2025 жылғы 4 тоқсан |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында 100 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджетке өтінім ұсынылды, алайда қолдау таппады. Келесі нақтылау барысында республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім тағы да ұсынылатын болады |