Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

Мойынқұм аудандық орталық аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің құрылыс, денсаулық сақтау басқармалары. Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

2

Жергілікті бюджет есебінен соңғы 10 жылда сатып алынған аудандағы ғимараттарға толық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тізімін ұсыну

 

2026 жыл

31 тамыз

Облыс әкімдігінің құрылыс, қаржы басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

3

Мойынқұм ауылында жаңадан соғылған тұрғын үйлердің заң талаптарына сәйкес «Отбасы  банк» АҚ арқылы азаматтарға берілуін қамтамасыз ету

 

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

4

Мойынқұм ауылының батыс аймағындағы жайлым жерлерге ағын су жеткізу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізу

 

 

 

 

2026 жыл

31 тамыз

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

5

Аудан аумағындағы жаңадан іске қосылған инвестициялық жобаларды жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеу бойынша нақты жұмыстар жүргізу

 

тұрақты

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жамбыл облысы бйоынша мемлекеттік кірістер  департаменті (келісім бойынша), Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

  

6

Жаңадан іске қосылған инвестициялық жобаларға жергілікті жастарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру

 

тұрақты

Мойынқұм ауданының әкімі

7

Шу өзенінің түбін тазалау, жағалауын бекіту және су реттегіш гидроқұрылыс нысанын салу жобасын қаржыландыру талдау жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізу

 

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,  құрылыс басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

8

Аудан тұрғындарына қысқы жылыту маусымына қажетті шірік сексеуілді ерте босатудың заңдылығын  қарау

 

2026 жыл

31 тамыз

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

9

Мойынқұм ауылындағы Құлыншақ балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

 

2026 жыл

1 қазан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

10

Айдарлы және Хантау ауылдарының аралығындағы республикалық маңыздағы автомобиль жолын қоршауды  немесе қауіпті жол учаскелерін анықтап бейнекамералар орнату үшін нақты ұсыныстар енгізіп, іс асыру

 

Ұсыныс енгізу

2026 жыл

31 тамыз дейін, іске асыру жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

«Қазавтожол» АҚ (келісім бойынша), Облыстық полиция департаменті                   (келісім бойынша)

 

11

Айдарлы ауылында балабақша ашу үшін жеке кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, балабақша тапшылығы мәселесін шешу

 

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

12

Мойынқұм ауылындағы екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу

 

2027 жылдың ішінде

Мойынқұм ауданының әкімі

13

«Психоневрологиялық аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 15 балаға мәдени-бұқаралық               іс-шаралар мен білім беру курстарын ұсыну жұмыстары  бойынша мердігерді жылдың  басында анықтау және алдағы уақытта мұндай кемшіліктердің қайталанбауы үшін бақылауды күшейту

 

2027 жыл қаңтар

Мойынқұм ауданының әкімі

14

Қылышбай ауылындағы ауыз су сапасын жақсарту мақсатында мембраналық сүзгі орнату

 

2026 жыл

31 тамыз

Мойынқұм ауданының әкімі

15

Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме жұмысына толық зерделеу жүргізіп, аудан тұрғындарының сапалы қоғамдық жол тасымалын ұйымдастыру

 

2026 жыл

1 қыркүейк

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

16

Облыс аумағынан ашылуы жоспарланған тері, жүн өңдейтін өндіріс орындары туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

 

 

Тұрақты

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

17

Мойынқұм айналма каналын бетондау мәселесіне талдау жасап, қажеттілігіне қарай тиісті жұмыстарды жүргізу

Жыл соңына  дейін

«Қазсушар» РМК ЖОФ (келісім бойынша), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

18

Қарабөгет ауылына кіреберіс жолды орта жөндеу жұмыстарын жүргізу

2027 жылдың               2 тоқсаны

облыс әкімдігінің экономика, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

Мойынқұм ауданының әкімі

 

19

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда сүт бағытындағы шаруаларды қаржыландыру үшін жобаларды ұсыныстарын қарау

тұрақты

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК және Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

Жамбыл облысы

әкімінің аппарат басшысы                                                                                   Л. Ілебаев

 

 

 

Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Дата публикации
28 июля 2026