Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы маусым айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.
2026 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 8233 кіріс құжаты түскен.
Түскен 8233 құжаттың 5404-і (66%) бақылауға алынып, 3535-і тиісті мерзімінде орындалса, 1869 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр.
Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 149 құжаттың 119-ы орындалды. Қалған 30 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 2073 құжаттың
1201-і орындалды, қалған 872 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;
- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
3182 құжаттың 2215-і орындалды, қалған 967 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.
Шығыс хаттар саны – 5421.
2026 жылғы маусым айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.