Облыс әкімінің 2026 жылғы 24 маусымда Қордай ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      

        «БЕКІТЕМІН»

        Жамбыл облысының әкімі

        ____________ Е. Қарашөкеев

        «01» шілде 2026 жыл

 

 

 

Облыс әкімінің 2026 жылғы 24 маусымда Қордай ауданына жұмыс сапары барысында

көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 №

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.    

Қордай ауылындағы «Батыс» ықшам ауданына орталықтандырылған кәріз жүйесін салуға қаражат бөлу мәселесін және кезең-кезеңімен шешу   жолдарын қарастыру

 

2027 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

2.    

Қордай ауылында жаңа орталық аурухана салу мақсатында әзірленген жабалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сарапатамадан өткізіп, толық рәсімделген құжаттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыру

 

15.12.2026 жыл

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты

3.    

Инвесторларды тарта отырып, балаларға арналған жаңа жазғы лагерь ашу мәселесін қарастыру

 

Жыл соңына дейін

Қордай ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), облыс әкімдігінің білім басқармасы, облыс әкімдігінің туризм және инвестиция басқармасы

 

4.    

Бель, Мұзбель, Аңырақай, Бәйтерек елді мекендерін табиғи газға қосу мақсатында тиісті қаражат бөлу мәселесін қарастыру

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

5.    

«Қаракемер-Керу» жолын орташа жөндеу жобасын аяқтау мақсатында бюджетті нақтылауда тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика           және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

6.    

«Отар теміржол станциясы маңындағы теміржол арқылы өтетін жол өткелі құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында бюджетті нақтылауға тиісті өтінім беріліп, қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

7.    

9 ауылдағы (Бель, Сұлутөр, Көктөбе, Үлкен-Сұлутөр, Кенен, Жаңатұрмыс, Қызылсай, Күнбатыс-1, Керу) ауыз              су инфрақұрылымының тозуына байланысты орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта           жаңғырту мақсатында тиісті қаражат бөлу мәселесін қарастыру

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

8.    

Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесі арқылы жаңа «Батыс» алқабына жаңа көпір салу жобасын  іске асыру мақсатында бюджетті нақтылауда тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты

9.    

Аудандағы іске асырылып жатқан барлық жобаларды мерзімінде және сапалы аяқтау мақсатында тиісті жұмыстарды атқару

 

Тұрақты

Қордай ауданы әкімінің аппараты

10.        

Мемлекеттік сатып алу конкурстары белгіленген мерзімінде және заңға сәйкес жүргізілуін қадағалап, бөлінген қаражаттың уақытылы және заңнама талаптары бойынша игерілуін қамтамасыз ету

 

Тұрақты

Қордай ауданы әкімінің аппараты

11.        

Қылмыстың алдын алу және қоғамдық жол көлігі қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бойынша профилақтикалық жұмыстарды күшейту

 

Тұрақты

Қордай ауданы әкімінің аппараты

 

 

 

Жамбыл облысы әкімі

аппаратының басшысы                                                                                                           Л. Ілебаев

 

Облыс әкімінің 2026 жылғы 24 маусымда Қордай ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
03 июля 2026