«БЕКІТЕМІН»
Жамбыл облысының әкімі
____________ Е. Қарашөкеев
«01» шілде 2026 жыл
Облыс әкімінің 2026 жылғы 24 маусымда Қордай ауданына жұмыс сапары барысында
көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Қордай ауылындағы «Батыс» ықшам ауданына орталықтандырылған кәріз жүйесін салуға қаражат бөлу мәселесін және кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастыру
|
2027 жыл ішінде |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты
|
|
2. |
Қордай ауылында жаңа орталық аурухана салу мақсатында әзірленген жабалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сарапатамадан өткізіп, толық рәсімделген құжаттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыру
|
15.12.2026 жыл |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты |
|
3. |
Инвесторларды тарта отырып, балаларға арналған жаңа жазғы лагерь ашу мәселесін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Қордай ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), облыс әкімдігінің білім басқармасы, облыс әкімдігінің туризм және инвестиция басқармасы
|
|
4. |
Бель, Мұзбель, Аңырақай, Бәйтерек елді мекендерін табиғи газға қосу мақсатында тиісті қаражат бөлу мәселесін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты
|
|
5. |
«Қаракемер-Керу» жолын орташа жөндеу жобасын аяқтау мақсатында бюджетті нақтылауда тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты
|
|
6. |
«Отар теміржол станциясы маңындағы теміржол арқылы өтетін жол өткелі құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында бюджетті нақтылауға тиісті өтінім беріліп, қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты
|
|
7. |
9 ауылдағы (Бель, Сұлутөр, Көктөбе, Үлкен-Сұлутөр, Кенен, Жаңатұрмыс, Қызылсай, Күнбатыс-1, Керу) ауыз су инфрақұрылымының тозуына байланысты орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында тиісті қаражат бөлу мәселесін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты
|
|
8. |
Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесі арқылы жаңа «Батыс» алқабына жаңа көпір салу жобасын іске асыру мақсатында бюджетті нақтылауда тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты |
|
9. |
Аудандағы іске асырылып жатқан барлық жобаларды мерзімінде және сапалы аяқтау мақсатында тиісті жұмыстарды атқару
|
Тұрақты |
Қордай ауданы әкімінің аппараты |
|
10. |
Мемлекеттік сатып алу конкурстары белгіленген мерзімінде және заңға сәйкес жүргізілуін қадағалап, бөлінген қаражаттың уақытылы және заңнама талаптары бойынша игерілуін қамтамасыз ету
|
Тұрақты |
Қордай ауданы әкімінің аппараты |
|
11. |
Қылмыстың алдын алу және қоғамдық жол көлігі қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бойынша профилақтикалық жұмыстарды күшейту
|
Тұрақты |
Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Жамбыл облысы әкімі
аппаратының басшысы Л. Ілебаев