«2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 156-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің

тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы
24 желтоқсандағы № 156-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

 

        

«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы         19 наурыздағы № 392 бұйрығына сәйкес:

  1. «2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 156-ө өкіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған өкімнің қосымшасымен бекітілген 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы өкімнен туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы Азамат Мұратұлы Байзатовқа жүктелсін.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                Е. Қарашөкеев

 

№ р/с Мемлекеттік аудит объектілері Аудиттің типі Аудиторлық іс-шараның атауы Тексеру түрі Мемлекеттік аудитпен қамтылатын кезең Аудит жүргізу мерзімі Мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтердің жоспарланған көлемі (мың теңге)
2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл 2026 жыл Барлығы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11   12
1. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  «Тараз қалалық өмірлік қиын
жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тиімділік аудиті Қызметтің тиімділігін тексеру және бағалау  Ішкі мемлекеттік аудиті 01.01.2022 ж. -   31.12.2025 ж. I тоқсан 173 886,0 956 596,0 694 094,0 1 044 753,0   2 869 329,0
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тиімділік аудиті Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті 01.01.2025 ж.-            30.06.2026 ж. 2026 жылғы   7 шілде -        24 қыркүйек аралығы       131 152,0 55 135,0 186 287,0
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тиімділік аудиті Республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиті 01.01.2024 ж. -   31.12.2025 ж. 2026 жылғы   3 тамыз -        21 қазан аралығы     310 188,0 405 337,0 184 777,0 900 302,0
4. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тиімділік аудиті Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті 01.01.2024 ж. -
30.06.2026 ж.
2026 жылғы   1 қазан -        19 желтоқсан аралығы     204 340,0 185 608,0 91 708,0 481 656,0
  Барлығы             173 886,0       956 596,0       1 208 622,0       1 766 850,0       331 620,0      4 437 574,0  
  Ескертпе:                      
  Қамту сомасы бюджеттің атқарылуы мен тексерілетін мәселелер негізінде жаңартылуға жатады.              
«2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 156-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
03 июля 2026