Облыс әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы Шу ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

 

Бекітемін

Жамбыл облысының әкімі

_______________Е.Қарашөкеев

«__» маусым 2026 жыл

 

Облыс әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы Шу ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген

 сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

«ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалы аудан әкімдігімен бірлесіп, «Шу–Қайнар» автожолындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізілуін бақылауға алып, уақытылы аяқталуын қамтамасыз етсін

  

2027 жылғы желтоқсан

(аралы қ ақпарат жарты жыл сайын)

«Қазавтожол  ҰК» АҚ ЖОФ (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

2

Шу ауданында «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы» (СпецЦОН) орталығын ашу мәселесін қарастырып, ұсыныс енгізсін

 

 

2026 жылғы қыркүйек

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

3

Елді мекендердің ішкі көшелері мен автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысын реттеу мәселесін қарастырып, тиісті ұсыныстар енгізсін

 

2026 жылғы
қыркүйек

Жамбыл облысы Полиция департаменті (келісім бойынша), Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

4

Шу қаласындағы «Локомотив», «Қайрат» және «Пищевик» стадиондарының материалдық-техникалық жағдайына талдау жүргізіп, оларды қалпына келтіру және тиімді пайдалану бағытында жандандыру мәселесін қарастырсын

 

2026 жылғы желтоқсан

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шу ауданының әкімі  (жинақтау)

5

Шу қаласындағы Абай атындағы орта мектеп аумағында заманауи спорт алаңын (стадион) салу мүмкіндігін қарастырып, тиісті ұсыныстар енгізсін

 

2026 жылғы

желтоқсан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

6

Шу ауданындағы «Благовещенск», «Чапаев», «Фурманов» гидропосттарын және 85 дренаждық ұңғыманы анықтап, теңгерімге алу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін

 

2026 жылғы

қараша

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

7

Шу ауданы аумағындағы заңсыз құм карьерлерін анықтап, олардың қызметін тоқтату бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдасын. Заңды негізде құм карьерлерін ашуға ниет білдірген азаматтарға рұқсат құжаттарын рәсімдеу және қажетті келісу рәсімдерінен өту мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырсын

 

тұрақты

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

8

Шу және Мойынқұм аудандарын жоғары қысымды газбен қамтамасыз ететін Шу ауданы, Қонаев ауылы маңындағы автоматты газ қысымын реттеу станциясының (АГРС) құрылысын мерзімінде аяқтау, жобаны толық қаржыландыру мүмкіндігін қарастырсын

 

2027 жылдың

соңына дейін

(аралық ақпарат жарты жыл сайын)

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

9

«Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС басшылығының Шу аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуін ұйымдастырып, ауа райының қолайсыздығы кезінде электр желілерінің жиі өшуі, кернеу ауытқуының  шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар енгізсін

 

2026 жылғы

тамыз

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы                                                                                 Л. Ілебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы Шу ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Дата публикации
02 июля 2026