Халықты  жұмыспен қамту туралы

Халықты  жұмыспен қамту туралы

 

2020 жылдың 1 желтоқсанына  54686  адам  жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 39499 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасты. 

2020 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарға 12133 адамды тартуға 4268,9 млн. теңге қаралып, есепті мерзімге ақылы қоғамдық жұмыстарға  13536 адам  жолданды.

2020 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 1072 адам жіберілуі жоспарланып, 227,9 млн.тг. қарастырылды. 2020 жылдың 1 желтоқсанына әлеуметтік жұмыс орындарына 1580 адам жіберілді.

Ал жастар практикасына 2344 жас түлек жіберуге жоспарланып,  833,7 млн.тг. қарастырылған. Есепті мерзімге жастар практикасына 2493  түлек жіберілді.

Жұмыспен қамтудың  белсенді түрлерін  іске асыру нәтижесінде 2020 жылдың 3 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі - 2,9 пайызын құрады.

Жалпы өзін өзі жұмыспен қамтылғандардың санындағы нәтижесіз өзін-өзі  жұмыспен қамтығандардың  үлесі  4,7 пайыздан 5,0 пайызға дейін жоғарылады.

 

 

Халықты  жұмыспен қамту туралы
Дата публикации
14 декабря 2020