Жуалы ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

БЕКІТЕМІН

Жамбыл облысының әкімі

__________  Е. Қарашөкеев

«___»_________2026 жыл

 

 

Жуалы ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша

берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.            

Боралдай ауылдық округінің Рысбек батыр ауылындағы № 20 Жамбыл атындағы орта мектебінің жаңа құрылысын жүргізуге қаржы қарастыру

2026 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, құрылыс басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

2.            

Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мүмкіндігін қарастыру

2027 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, құрылыс басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

3.            

Билікөл ауылдық округі (Қарабастау ауылындағы Абай, Қойгелді, Әлімбетов, Жамбыл, К.Қошмамбетов көшелері, Бәйдібек көшесінің бұрылысы) және Қызыларық ауылдық округі (Теріс–Ащыбұлақ ауылы Айнабұлақ көшесі қиылыстарымен, Қызыларық ауылы Жүзбаев көшесі, Ақтөбе ауылы Қайнарбұлақ, Жаңатұрмыс көшелері қиылыстарымен) көшелеріндегі автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражатты облыстық бюджеттен бөлу мәселесін қарастыру

 

2026 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

4.            

Нұрлыкент ауылындағы № 5 М. Ломоносов атындағы орта мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу

 

2027 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, білім басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жуалы ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
19 июня 2026