Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 шілдеге ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 12 шілдеге ауылдық округтер әкімдері

сайлауын тағайындау туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2026 жылғы 12 шілдеге Байзақ ауданының Үлгілі ауылдық округі, Жамбыл ауданының Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері, Қордай ауданының Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері, Мойынқұм ауданының Ақсүйек ауылдық округі және Талас ауданының Тамды ауылдық округі әкімдері сайлауы тағайындалды.

2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдері сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/82737?parentId=21753&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
03 июня 2026