Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың II жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың II жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және  «Қазақстан Республикасындағы      тіл    туралы»      Қазақстан       Республикасы    Заңы  25-6-бабының  2-тармағына  сәйкес:  

  1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың II жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жоспарды Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Басқарма бекітілген Жоспарға сәйкес мерзімді тексеруді жүргізуді және осы өкімнен туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С. Сәлемовке жүктелсін.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

Жамбыл облысы әкімінің

2026 жылғы « ____» мамырдағы

№_____ өкіміне қосымша

                                                                                                                                                                                                                                                                                           

 

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша

2026 жылдың IІ жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспары

 

№ р/с

Мемлекеттік органның атауы

Тексерілетін субъектінің атауы

Тексерілетін субъектінің (объектінің) орналасқан жері

Тексеру жүргізу мерзімдері

1

2

3

4

5

1.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106

2026 жылдың

ІI жартыжылдығы

2.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 65

2026 жылдың

ІI жартыжылдығы

3.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 «Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

 

 

Жамбыл облысы, Меркі  ауданы, Меркі ауылы, Ә.Исмаилов көшесі, 169

2026 жылдың

ІI жартыжылдығы

4.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Меркі ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы, Меркі  ауданы, Меркі ауылы, Ә.Исмаилов көшесі, 169

2026 жылдың

ІI жартыжылдығы

5

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Меркі ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы, Меркі  ауданы, Меркі ауылы, Ә.Исмаилов көшесі, 169

2026 жылдың

IІ жартыжылдығы

6.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 «Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Шу ауданы, Төле би  ауылдық округі, Төле би көшесі, 143

 

2026 жылдың

IІ жартыжылдығы

7.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Шу ауданы, Төле би  ауылдық округі, Төле би көшесі, 240

2026 жылдың

IІ жартыжылдығы

8.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы,  

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1

2026 жылдың

IІ жартыжылдығы

9.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы,  

Т. Рысқұлов ауданы, Құлан  ауылы, Жібек жолы көшесі, 75

2026 жылдың

IІ жартыжылдығы

10.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, 1

 

2026 жылдың

IІ жартыжылдығы

 

Ескерту:  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы  25-6-бабының 10-тармағына  сәйкес тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. Тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық нысандағы бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін тексерілетін субъектіге (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында қалады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың II жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
03 июня 2026