Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы мамыр айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді

Ақпарат

 

Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы мамыр айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.

2026 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 6803 кіріс құжаты түскен.

Түскен 6803 құжаттың 4076-ы (60%) бақылауға алынып,                      2808-і тиісті мерзімінде орындалса, 1268 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр.

 Оның ішінде:

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 130 құжаттың 98-і орындалды. Қалған 32 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;

- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 1338 құжаттың
810-ы орындалды, қалған 528 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;

- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
2608 құжаттың 1900-і орындалды, қалған 708 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.

Шығыс хаттар саны – 4390.

2026 жылғы мамыр айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.

Дата публикации
01 июня 2026