Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жалпы өңірлік өнім

2025 жылдың қорытындысымен (алдын-ала мәлімет) облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 322,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 104,9%                     (2024 жыл  – 3 150,4 млрд. теңге, НКИ – 104,1%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 725,3 мың теңгені құрады (2024 жыл  – 2 577,0 мың теңге).

Облыс бойынша 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі қысқа мерзімді экономикалық индикатор 117,9% (ҚР - 104,2%) деңгейінде қалыптасты. Экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемінің өсуі байқалады (о.і. өнеркәсіпте – 120,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 102,2%, құрылыста – 127,3%, саудада – 104,0%, көлікте – 117,5%, байланыста – 103,8%).

Өнеркәсіп

2026 жылдың қаңтар-сәуірінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 471,3 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 20,6%-ға өсті.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 14,5%-ға                 (71,9 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 28,7%-ға (306,6 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 4,0%-ға (89,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинақтау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 16,0%-ға (3,0 млрд. теңге) өсім байқалады.

2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 191,8 млрд. теңгені құрайтын, 1700 жаңа жұмыс орнын құрумен             3 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС – сутегі асқын тотығын өндіру, құны – 30 млрд. теңге, қуаттылығы – 30,0 мың тн/жыл, 100 жаңа жұмыс орны (Шу ауданы); «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидінің өндірісі, құны – 25,8 млрд. теңге, қуаттылығы – 15,0 мың тн/жыл, 100 жаңа жұмыс орны (Талас ауданы); «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС – минералды тыңайтқыштардың өндірісі,  қуаттылығы – 136,0 млрд. теңге, қуаттылығы – 1,0 млн. тн/жыл, 1500 жаңа жұмыс орны (Сарысу ауданы)).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2026 жылы облыстық бюджеттен 25,4 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2026 жылдың 1 мамырына 22,0 млрд. теңге игерілді.

Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 65,9 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-сәуір айына 102,2%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 65,1 млрд. теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге 102,3%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,2 млрд. теңге (НКИ - 101,9%), мал шаруашылығы –                   64,9 млрд. теңге  (НКИ – 102,3%).

Өсімдік шаруашылығында 627,7 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. 2026 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша дәнді дақылдар 348,4 мың га алқапқа (97,7%), майлы дақылдар – 40,0 мың га (100,0%), көкөніс дақылдары – 22,3 мың га (94,5%), картоп – 8,4 мың га (100,0%), қант қызылша – 7,5 мың га (88,1%) егілді.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндірісі (тірі салмақта) 33,6 мың тонна (101,9%), сүт – 57,9 мың тонна (101,8%), жұмыртқа – 29,5 млн. дана (135,7%) құрады. ІҚМ саны - 490,3 мың басты (103,4%), қой – 3 622,1мың басты (104,5%), жылқы – 209,8 мың басты (112,3%), құс – 2 318,3 мың басты (105,5%) құрады.

Сауда

Тауар айналымының көлемі 310,7 млрд. теңгеге жетіп, 2025 жылдың қаңтар-сәуірге 4,0%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 183,5 млрд.теңгені (3,0%-ға), көтерме сауда айналымы – 126,3 млрд. теңгені құрады (5,6%-ға).

Сыртқы сауда айналымы

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы             169,4 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге өсті, оның ішінде импорт – 160,7 млн. АҚШ долларын (2,5 есе) құрады, ал экспорт  8,7 млн. АҚШ долларын құрап 84,1%-ға қысқарды. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 152,0 млн. АҚШ доллар теріс қалыптасты.

Облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2026 жылдың қаңтар-наурызында 11,4%-ға (71,5 млн. АҚШ доллар), оның ішінде экспорт – 3,4%-ға (25,5 млн. АҚШ доллар),  импорт – 15,3%-ға (46,0 млн. АҚШ доллар) төмендеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығару көлемі 2 096,9 млрд. теңгені (126,4%) құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны – 169,0 мың адам (101,1%).

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 106,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған саны – 101,6 мың бірлік. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 95,0%-ды құрайды.

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 74,8 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 127,3%-ды құрады.

Өсім Жуалы ауданындағы А-2 «Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» тас жолының 546-557 шқ және ескі Күйік асуының жол торабын күрделі жөндеу («СП «СИНЕ МИДАС СТРОЙ» ЖШС), Қордай ауданындағы  Қордай ауылында тәулігіне 3,5 мың тн клинкер өндіретін зауытының құрылысы («KORCEM» ЖШС)(«КАЗГРАДОСТРОЙ» ЖШС), Мойынқұм ауданындағы Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларының сумен жабдықтау және су тарту құрылыстарын қайта жаңарту («ИНТЕЛЛЕКТ АЗИЯ» ЖШС), Мойынқұм а. су құбыры желілерін қайта жаңарту («NESIBE ЖОБА» ЖШС), Сарысу ауданындағы Өндіріс а. нысанда күрделі ішкі құрылғылары бар колонна типті жабдықтарды монтаждау және орнату (Қазақстандағы «Қытайдың құрылыс механикалық өнеркәсібі тобы» (Синоконст) ЖШС филиалы), кальцийленген сода зауытының құрылысы («CHINA CAMC ENGINEERING CO.,LTD компаниясының филиалы), Талас ауданындағы Қаратау қ. натрий цианидін өндіруді 15 мың тн/жыл және аммоний сульфатын 5 мың тн/жыла кеңейту («МҰНАЙҚҰРЫЛЫССЕРВИС» ЖШС), Шу ауданындағы Тасөткел а. жүгері өңдеу зауытының құрылысы («ШАНЬДУНЬ АНЬЧЭН ЦЗЯНЬГУН» ЖШС Қазақстандағы филиалы) есебінен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 176,3 мың ш.м немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 101,8%-ды құрады.

110,7 мың м2 жеке тұрғын үй (572 бірлік үй), 980 пәтерге арналған                 65,6 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (9 үй) пайдалануға берілді.

Көлік

Көлік қызметтері 2026 жылғы қаңтар-сәуірінде 110,4 млрд. теңгені (117,5%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 12,2 млн. тонна (148,4%), жүк айналымы – 7,1 млрд. ткм (85,9%), жолаушыларды тасымалдау – 36,3 млн. адам (138,7%), жолаушылар айналымы -                       726,0 млн. жкм (119,9%) құрады.

Жолдар

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1224,8 шқ, облыстық – 1688,45 шқ, аудандық – 1471,75 шқ, елді мекендердің көшелері – 5732 шқ.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 2026 жылы 24,4 млрд. теңге (ОБ) бөлінді. 2026 жылдың 1 мамырына               5,9 млрд. теңге игерілді.

2026 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 99,0%-ға дейін жеткізіледі.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 277,2 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың тиісті кезеңіне 38,3%-ға өсті. Өсім Тараз қ. жабдықтар сатып алу («Т.И. Батуров ат. ЖАМБЫЛ ГРЭС» АҚ), Жамбыл мен Жуалы аудандарындағы әуе желісінің құрылысын салу және 500 кВ қосалқы станцияны қайта құру (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC», Қордай ауданындағы өндірістік қуаты тәулігіне 3,5 мың тн клинкер құрайтын цемент зауытына арналған тазарту құрылыстарын салу («KORCEM» ЖШС), металл рудасын өңдеу және бағалы металдарды өндіру зауытының құрылысына арналған жабдықты алу, Меркі ауданындағы супермаркетті, 4 шағын маркетті, моншаны, туристік базаны, жалпы білім беретін мектепті, әкімдіктің екі ғимаратын, екі мал шаруашылығы кешенін, үш мектепке дейінгі ұйымын пайдалануға беру                 (1-ИС), Мойынқұм ауданындағы жел электр станциясының құрылысы («AKTAS ENERGY» ЖШС), Сарысу ауданындағы қуаттылығы 500 мың тн/жыл кальцийлендірілген сода өндіретін зауытының 9 ғимаратының құрылысы («QAZAQ SODA» ЖШС), Шу ауданындағы жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу зауытының құрылысы үшін жабдықты сатып алу («SHENGTAI BIOTECH CO.,LTD» ЖШС), өнеркәсіптік кремний пешінің  2 жиынтығын сатып алу («JVICTOR NEW ENERGY» ЖШС), металлургия зауытын салу және сыпыру-жинау машинасын, өзін-өзі тиейтін және өзін-өзі түсіретін қоқыс таситын көлікті, автогидроподьемникті сатып алу («YONGGANG CENTRAL ASIA IRON AND STEEL» ЖШС), натрий цианиді өндіретін зауыттың құрылысына жабдықты сатып алу                      («Altynalmas Reagents» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.

Инфляция

Инфляция деңгейі 2026 жылғы сәуір айында 2025 жылғы желтоқсанға 103,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 4,0%-ға, ақылы қызметтерге – 3,5%-ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары қалыптасты (ҚР – 103,6%).

Азық-түлік тауарлары бойынша басты пияздың бағасы – 21,3%-ға, қатты және жартылай қатты ірімшік – 5,2%-ға, қызылша – 4,8%-ға, жұмыртқа – 3,8%-ға, жүгері жармасы – 3,7%-ға, бидай жармасы – 3,1%-ға, алма – 2,8%-ға, макарон өнімдері – 2,3%-ға (о.і. спагетти – 5,8%-ға, рожки – 2,8%-ға), сәбіз – 2,0%-ға, картоп – 1,6%-ға, ұн мен ет – 1,2%-ға (о.і. қой еті – 3,2%-ға, құс еті – 2,9%-ға, жылқы еті – 0,8%-ға, сиыр еті – 0,7%-ға), кофе – 1,0%-ға, сүт – 0,9%-ға, күріш, нан, майлар мен тоңмайлар – 0,5%-ға (о.і. сары май – 1,2%-ға), балық және теңіз өнімдері 0,4%-ға өсті.

Бағаның төмендеуі қиярға - 22,4%-ға, қызанақ – 11,9%-ға, қарақұмық – 2,1%-ға, «экстрадан» басқа тұз – 2,0%-ға, майлылығы 2-3% айран – 1,9%-ға, сүзбе – 0,8%-ға, шәй - 0,5%-ға байқалады.

Жармалар, шошқа еті және күнбағыс майының бағалары өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша фармацевтикалық өнімдер – 4,6%-ға, шыны және керамика бұйымдары – 3,7%-ға, жеке пайдалануға арналған өзге де заттар, аспаптар мен тауарлар – 2,2%-ға, жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары – 0,4%-ға (о.і. АИ-95, АИ-96 бензині, дизель отыны – 0,5%-ға), тұрмыстық аспаптар, киім, жуғыш және тазалау құралдары -  0,1%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер бойынша амбулаторлық қызметтердің бағасы – 2,0%-ға, көлік қызметтері – 1,6%-ға (о.і. теміржол жолаушылар көлігі – 4,3%-ға, әуе жолаушылар көлігі – 1,4%-ға, автомобиль жолаушылар көлігі – 0,3%-ға), демалыс және мәдениет 0,3%-ға өсті.

Салықтар мен бюджет

Мемлекеттік бюджетке  109,9  млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 101,1%, оның ішінде республикалық бюджетке –                33,1 млрд.теңге (80,6%), жергілікті бюджетке – 76,8 млрд. теңге (113,5%).

Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда            106,8%-ға өсті.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс бюджетінің шығындары 241,8 млрд. теңгені құрады немесе болжам 97,7%-ға орындалды, оның ішінде әлеуметтік салаға 154,0 млрд. теңге қарастырылды (99,6%).

Түзетілген облыс бюджетінің шығыстары 821,4 млрд. теңгені құрады. Тиісті кезеңмен салыстырғанда шығыстар сомасы 11,2 млрд. теңгеге немесе 1,3 %-ға өсті   (2025 жылғы 1 мамырына  – 810,2 млрд. теңге).

Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге –                       50,6%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 5,2%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына – 4,8%, денсаулық сақтауға –2,1% келеді.

Сумен қамтамасыз ету және су бұру

2025 жылдың қорытындысымен облыстың барлық 357 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп,  сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға жетті.

  «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                        2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы АЕМ - де және облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға 10,2 млрд. теңгеге (ЖБ) 20 жобаны іске асыру қарастырылды. Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы 17,3 млрд. теңгеге (РБ – 15,3 млрд. теңге, ЖБ – 2,0 млрд. теңге) 11 жобаны іске асыру қарастырылған.

Экология

2025 жылғы алдын-ала мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысындағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 51,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қаласында – 24,8 мың тонна. Азот диоксидінің орташа тәуліктік көрсеткіштерінің артуы автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты (өңірде 276,9 мың бірлік тіркелген) ауаның ластануын және оның тұрақты жиналуын көрсетеді.

\Халық саны

2026 жылдың 1 сәуіріне облыстың халық саны 1 214,5 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында - 489,0 мың адам, Байзақ ауданында 95,4 мың адам, Жамбыл – 51,0 мың адам, Жуалы – 51,9 мың адам, Қордай – 154,4 мың адам, Т.Рысқұлов – 65,1 мың адам, Меркі – 87,1 мың адам, Мойынқұм - 27,1 мың адам, Сарысу – 42,6 мың адам, Талас – 46,7 мың адам, Шу - 104,2 мың адам.

 

 

Әлеуметтік қорғау

2026 жылғы 1 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны – 25 170 адам (2025 жылдың тиісті кезеңі көрсеткішінен 982 адамға төмен (2025 жылғы 1 тоқсан – 26 152 адам)),                        өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 136 035 адам (2025 жылдың тиісті кезеңі көрсеткішінен 17 681 адамға төмен (2025 жылғы 1 тоқсан                         - 153 716 адам)), облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 27,2%-ды құрады.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі                      2025 жылдың қорытындысымен 5,3%-ды немесе 64 042 адамды құрады.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 10 184 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 5 535 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орнына - 1 486 адам, жастар практикасына - 79 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына – 17 адам, «Күміс жас» жобасына – 120 адам, онлайн оқыту курстарына – 1 906 адам, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1 041 адам  жолданды.

Білім

2026 жылы білім беруге 416,0 млрд теңге бөлінді, 1.05.2026 жылғы жағдай бойынша 128,2 млрд теңге немесе есепті кезең жоспарына 99,7% игерілді.

Бүгінге 661 мектепке дейінгі ұйымдармен (545 балабақша, 116 шағын орталықтар) 66,2 мың бала немесе 98,4% (1-6 жас) қамтылды,                          бұл 2025 жылдың деңгейінен 3,6 пайыздық тармаққа жоғары, 2-ден 6 жасқа дейін – 98,9%.

2026 жылы 13 білім беру  обьектілерін дамытуға 9,0 млрд. теңге бөлінді (Жамбыл ауданында 1 мектептің (100 орындық), Шу ауданында                           2 мектептің (240 орындық), Тараз қ. 1 мектептің (600 орындық) құрылыстары қарастырылған (облыс бойынша 9 мектепке жапсарлас, оның ішінде дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернат).

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен              1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.

Облыстағы 451 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 377 мектепте 2 209 интерактивті панельдер орнатылған.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2026 жылы 19,8 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 3,7 млрд.теңгесі немесе 99%-ы игерілді.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 5,2 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 1,9 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,8 млрд. теңге бөлінді (о.і. РБ – 3,0 млрд.теңге, ЖБ – 2,8 млрд.теңге).

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 305,8 млн. теңге (ЖБ) (Талас ауданы Қаратау қаласындағы 200 орындық орталық аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңарту, Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне кіреберіс салу, Тараз қаласында компьютерлік томография мен маммография модульдеріне арналған гараж құрылысы) қарастырылды.

2026 жылдың қаңтар-сәуірінде қатерлі ісіктермен, қант диабетімен психикалық бұзылу, туберкулез, мерез аурулармен алғашқы сырқаттанушылықтың өсуі және қан айналымы жүйесімен наркологиялық ауруларымен алғашқы сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады.

Ана өлімінің 2 жағдайы Тараз қ. тіркелді.

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісі 384 медициналық ұйымды қамтиды, оның ішінде 27 ауруханалық, 140 амбулаториялық-емханалық, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт, 152 медициналық пункт (оның ішінде 6 медицина қызметкері) және 6 басқа ұйымдар.

 

Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
22 мая 2026