Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтар-наурыздағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Жалпы өңірлік өнім
2025 жылдың 9 ай қорытындысымен облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2 632,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 106,1% (2024 жылғы 9 ай – 2 226,0 млрд. теңге, НКИ – 103,9%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 158,8 мың теңгені құрады (2024 жылғы 9 ай – 1820,5 мың теңге).
Облыс бойынша 2026 жылғы қаңтар-наурыздағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 118,4% (ҚР-102,5%) деңгейінде қалыптасты. Экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемінің өсуі байқалады (оның ішінде өнеркәсіпте – 117,6%, ауыл шаруашылығында – 101,9%, құрылыста – 152,7%, саудада – 103,6%, көлікте – 118,3%, байланыста – 102,2%).
Өнеркәсіп
2026 жылдың қаңтар-наурызында өнеркәсіп өнімінің көлемі 355,5 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 17,6%-ға өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 13,3%-ға (54,4 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 21,5%-ға (227,0 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 11,1%-ға (71,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинақтау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 16,6%-ға (2,2 млрд. теңге) өсім байқалады.
2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 191,8 млрд. теңгені құрайтын, 1700 жаңа жұмыс орнын құрумен 3 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС – сутегі асқын тотығын өндіру, құны – 30 млрд. теңге, қуаттылығы – 30,0 мың тн/жыл, 100 жаңа жұмыс орны (Шу ауданы); «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидінің өндірісі, құны – 25,8 млрд. теңге, қуаттылығы – 15,0 мың тн/жыл., 100 жаңа жұмыс орны (Талас ауданы); «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС – минералды тыңайтқыштардың өндірісі, қуаттылығы – 136,0 млрд. теңге, қуаттылығы – 1,0 млн. тн/жыл., 1500 жаңа жұмыс орны (Сарысу ауданы)).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2026 жылы облыстық бюджеттен 25,4 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2026 жылдың 1 сәуіріне 18,2 млрд.теңге игерілді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 46,3 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-наурыз айына 101,9%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 45,6 млрд. теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге 101,9%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,2 млрд. теңге (НКИ-100,0%), мал шаруашылығы – 45,4 млрд. теңге (НКИ – 101,9%).
Өсімдік шаруашылығында 627,7 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. 2026 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша дәнді дақылдар 309,2 мың га алқапқа (86,7%), майлы дақылдар – 16,1 мың га (40,3%), көкөніс дақылдары – 8,6 мың га (36,5%), картоп – 3,8 мың га (45,0%), қант қызылша - 1,9 мың га (21,9%) егілді.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндірісі (тірі салмақта) 25,0 мың тонна (101,4%), сүт – 37,3 мың тонна (101,8%), жұмыртқа – 20,2 млн. дана (134,2%) құрады. МІҚ саны 471,5 мың басты (102,8%), қой – 3 411,8 мың басты (104,4%), жылқы – 200,9 мың басты (113,6%), құс – 2 376,4 мың басты (110,7%) құрады.
Сауда
Тауар айналымының көлемі 229,3 млрд. теңгеге жетіп, 2025 жылдың қаңтар-наурызына 3,6%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 140,0 млрд.теңгені құрап, 2,5%-ға, көтерме сауда айналымы – 88,6 млрд. теңгені құрап, 5,3%-ға өсті.
Сыртқы сауда айналымы
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы 169,4 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге өсті, оның ішінде импорт – 160,7 млн. АҚШ долларын (2,5 есе) құрады, ал экспорт 8,7 млн. АҚШ долларын құрап 84,1%-ға қысқарды. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 152,0 млн. АҚШ доллар теріс қалыптасты.
Облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 20,8%-ға (42,0 млн. АҚШ доллар), оның ішінде экспорт – 7,8%-ға (13,7 млн. АҚШ доллар), импорт – 25,9%-ға (28,3 млн. АҚШ доллар) төмендеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығару көлемі 1411,1 млрд. теңгені (120,0%) құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны – 167,7 мың адам (100,8%).
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 110,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған саны – 105,2 мың бірлік. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 95,0%-ды құрайды.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 60,7 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 152,7%-ды құрады.
Өсім Жуалы ауданында А-2 «Ташкен-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» тас жолының 546-557 шқ және ескі Күйік асуының жол торабын күрделі жөндеу («СП «СИНЕ МИДАС СТРОЙ» ЖШС), Қордай а. Қордай ауылында тәулігіне 3500 тонна клинкер өндіретін зауытының құрылысы («KORCEM» ЖШС)(«КАЗГРАДОСТРОЙ» ЖШС), Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларының сумен жабдықтау және су тарту құрылыстарын қайта жаңарту («ИНТЕЛЛЕКТ АЗИЯ» ЖШС), Мойынқұм а. су құбыры желілерін қайта жаңарту («NESIBE ЖОБА» ЖШС), Сарысу ауданы, Өндіріс а. нысанда күрделі ішкі құрылғылары бар колонна типті жабдықтарды монтаждау және орнату (Қазақстандағы «Қытайдың құрылыс механикалық өнеркәсібі тобы» (Синоконст) ЖШС филиалы), кальцийленген сода зауытының құрылысы («CHINA CAMC ENGINEERING CO.,LTD КОМПАНИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ), Талас ауданында Қаратау қаласындағы натрий цианидін өндіруді жылына 15 мың тоннаға және аммоний сульфатын жылына 5 мың тоннаға кеңейту («МҰНАЙҚҰРЫЛЫССЕРВИС» ЖШС), Шу ауданында Тасөткел а. жүгері өңдеу зауытының құрылысы («ШАНЬДУНЬ АНЬЧЭН ЦЗЯНЬГУН» ЖШС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 150,4 мың ш.м. немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 101,7%-ды құрады.
88,2 мың м2 жеке тұрғын үй (457 бірлік үй), 341 пәтерге арналған 62,2 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (8 үй) пайдалануға берілді.
Көлік
Көлік қызметтері 2026 жылғы қаңтар-наурызында 82,5 млрд. теңгені (118,3%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 9,5 млн. тонна (152,0%), жүк айналымы – 5,7 млрд. ткм (90,7%), жолаушыларды тасымалдау – 26,8 млн. адам (144,2%), жолаушылар айналымы - 561,1 млн. жкм (125,5%) құрады.
Жолдар
Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі - 1204 шқ, облыстық - 1697 шқ, аудандық - 1451 шқ, елді мекендердің көшелері – 5732 шқ.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 2026 жылы 25,7 млрд. теңге (ОБ) бөлінді. 2026 жылдың 1 сәуіріне 3,7 млрд. теңге игерілді.
2026 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 99,0%-ға дейін жеткізіледі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Инфляция
Инфляция деңгейі 2026 жылғы наурыз айында 2025 жылғы желтоқсанға 102,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 3,2%-ға, ақылы қызметтерге - 2,8%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары қалыптасты (ҚР - 102,7%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2026 жылғы наурыз айында сәбіздің бағасы - 8,1%-ға, тұз, экстрадан басқа - 7,5%-ға алма, картоп - 5,7%-ға, қызылша - 5,2%-ға, шәй - 3,3%-ға, қант құмшекер - 3,2%-ға, қышқыл сүт өнімдері - 2,3%-ға (о.і. қаймақ - 3,1%-ға, майлылығы 5-9% сүзбе - 2,5%-ға, майлылығы 2-3% айран - 0,7%-ға, сүт 0,2%-ға), балық пен теңіз өнімдері - 2,2%-ға, кофе - 0,6%-ға, ет - 0,4%-ға (о.і. қой еті - 1,4%-ға, құс - 1,3%-ға), нан, жұмыртқа, 1 дәрежелі - 0,2%-ға өсті.
Көкөністер бағасының 3,4%-ға (о.і. қиярлар - 17,3%-ға, басты пияз - 11,1%-ға, қызанақтар - 9,7%-ға, ақ қауданды қырыққабат - 3,0%-ға), май және тоң май - 1,6%-ға (о.і. сары май - 3,7%-ға), макарон өнімдері - 0,7%-ға (о.і. спагетти - 4,7%-ға, рожкилер - 0,6%-ға), жармалар - 0,6%-ға (о.і. қарақұмық жармасы - 1,6%-ға), тазартылған, жылтыратылған күріш - 0,4%-ға төмендеуі байқалды.
Ұн, күнбағыс майы, сиыр еті, жылқы еті, шошқа етінің бағалары өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарларға жуғыш және тазалағыш құралдар бағасы 2,6%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 2,3%-ға, жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар, заттар, киім - 0,5%-ға, аяқ киім - 0,4%-ға, жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағар май материалдары - 0,1%-ға (о.і. бензин АИ-95, бензин АИ-96 - 0,7%-ға, дизель отыны (жалпы) - 0,2%-ға) өсті.
Ақылы қызметтер бойынша демалыс және мәдениет - 1,3%-ға, асханадағы түскі ас, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тарифтік жоспар үшін абоненттік төлем (қоныраулар, интернет, sms хабарламалар) - 1,2%-ға, амбулаториялық қызметтер - 0,8%-ға, көлік қызметі – 0,4%-ға (о.і. жолаушылар әуе көлігі – 2,9%-ға, жолаушылар автомобиль көлігі – 0,1%-ға) өсті.
Салықтар мен бюджет
Мемлекеттік бюджетке 81,4 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 110,4%, оның ішінде республикалық бюджетке – 23,8 млрд.теңге (86,7%), жергілікті бюджетке – 57,5 млрд.теңге (124,5%).
Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,8% - ға өсті.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бюджетінің шығындары 173,3 млрд. теңгені құрады немесе болжам 99,0%-ға орындалды. Оның ішінде әлеуметтік салаға 113,2 млрд. теңге қарастырылды (98,9%).
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша түзетілген облыс бюджетінің шығыстары 814,4 млрд. теңгені құрады. Тиісті кезеңмен салыстырғанда шығыстар сомасы 47,0 млрд теңгеге немесе 6,1%-ға өсті (2025 жылғы 1 сәуіріне – 767,4 млрд. теңгені).
Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге – 54,2%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 5,6%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына – 5,2%, денсаулық сақтауға –2,2% келеді.
Сумен қамтамасыз ету және су бұру
2025 жылдың қорытындысымен облыстың барлық 357 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға жетті.
Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы 8,4 млрд. теңгеге (РБ – 7,9 млрд. теңге, ЖБ – 504,0 млн. теңге) 4 жобаны іске асыру қарастырылған.
Экология
2025 жылғы алдын ала мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысындағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 51,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қаласында – 24,8 мың тонна. Азот диоксидінің орташа тәуліктік көрсеткіштерінің артуы автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты (өңірде 276,9 мың бірлік тіркелген) ауаның ластануын және оның тұрақты жиналуын көрсетеді.
\Халық саны
2026 жылдың 1 наурызына облыстың халық саны 1 215,0 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында - 488,6 мың адам, Байзақ ауданында 95,5 мың адам, Жамбыл – 51,1 мың адам, Жуалы – 52,1 мың адам, Қордай – 154,6 мың адам, Т.Рысқұлов – 65,2 мың адам, Меркі – 87,2 мың адам, Мойынқұм - 27,1 мың адам, Сарысу – 42,6 мың адам, Талас – 46,7 мың адам, Шу - 104,3 мың адам.
Әлеуметтік қорғау
2025 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны – 25 938 адам (2024 жылдың көрсеткішінен 1 364 адамға аз), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 153 899 адам, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 26 949 адамға аз, облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 29,8%-ды құрады.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2025 жылдың 4 тоқсанында 5,4%-ды немесе 65 071 адамды құрады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 5 249 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен – 3 283 адам, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 593 адам, онлайн оқыту курстарына - 679 адам, жастар практикасына – 27 түлек, ақылы қоғамдық жұмыс орнына – 712 адам жолданды.
Білім
Бүгінге 661 мектепке дейінгі ұйымдармен (545 балабақша, 116 шағын орталықтар) 66,2 мың бала немесе 98,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2025 жылдың деңгейінен 3,6 пайыздық тармаққа жоғары.
2026 жылы 13 білім беру обьектілерін дамытуға 9,0 млрд.теңге бөлінді (Жамбыл ауданында 1 мектептің (100 орындық), Шу ауданында 2 мектептің (240 орындық), Тараз қ. 1 мектептің (600 орындық) құрылыстары қарастырылған (облыс бойынша 9 мектепке жапсарлас, оның ішінде дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернат).
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.
Облыстағы 451 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 377 мектепте 2209 интерактивті панельдер орнатылған.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2026 жылы 19,8 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 2,7 млрд.теңгесі немесе 99,2%-ы игерілді.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 5,2 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,4 млрд.теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,8 млрд. теңге (о.і. РБ – 3,0 млрд.теңге, ЖБ – 2,8 млрд.теңге) бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 305,8 млн. теңге (ЖБ) (Талас ауданындағы Қаратау қаласындағы 200 орындық орталық аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңарту, Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне кіреберіс салу, Тараз қаласында компьютерлік томография мен маммография модульдеріне арналған гараж құрылысы) қарастырылды.
2026 жылдың қаңтар-наурызында қатерлі ісіктермен, қант диабетімен психикалық бұзылу аурулармен алғашқы сырқаттанушылықтың өсуі және туберкулез, қан айналымы жүйесімен, мерез және наркологиялық ауруларымен алғашқы сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады.
Ана өлімінің 2 жағдайы Тараз қ. тіркелді.
Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісі 384 медициналық ұйымды қамтиды, оның ішінде 27 ауруханалық, 140 амбулаториялық-емханалық, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт, 152 медициналық пункт (оның ішінде 6 медицина қызметкері) және 6 басқа ұйымдар.