Облыс әкімінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі Меркі ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде ақпарат

Облыс әкімінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі Меркі ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде ақпарат

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы ақпарат

1.      

Меркі ауданының орталық көшесін кеңейту мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шараларды қабылдау

2025 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Меркі ауданы аумағында орналасқан Ә. Исмаилов атындағы орталық көшеге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2024 жылдың 15 тамыз күні мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Жобалау-сметалық құжатаманың жалпы құны 4 млрд. 299 млн. теңге, жасалатын жолдың ұзындығы 7,7 шақырым, ені 14 метрді құрайды. Бюджеттік өтінім салалық министрлікке, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына жолданды. 2025 жылға жалпы қаражаттың 10% немесе 400,0 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінген болатын. Қаржы тапшылығына байланысты қаржы жыл соңында қайтарылды.
2027-2028 жылдарға Даму жоспарына енгізілді.

Орындалды.

2.      

Аудан ішілік жолдарды күтіп ұстау мақсатында «Алатау Су-Жылу» мекемесінің қызмет көрсету аясын кеңейту бойынша жұмыстарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізу

2025 жылдың қарашасы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Аудан ішілік жолдарды күтіп ұстау мақсатында «Алатау Су-Жылу» мекемесі тарапынан Ақермен, Аспара, Тәтті ауылдық округтерімен келісім- шарт жасасып, бүгінгі таңға қысқы күреу және тазалау жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың қараша айында әр ауылдық округпен келісім-шарт жасалған, шарт құны 2,5 млн теңгені құрайды.

Орындалды.

3.      

«Ақшешек» обалы қорымы орналасқан жер учаскесінің заңсыз берілгені туралы мәліметті жан-жақты зерделеп, нәтижесі бойынша нақты ақпарат ұсыну

2025 жылдың қарашасы

Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

 

29.07.2024 жылы «QAZAQ ARCHAEOLOGY» ЖШС-і «Ақшешек қорымы» ескерткішінің тарихи-мәдени құндылығын анықтау мақсатында сараптама жасап, ескерткіштің архитектуралық құрылымы сақталмаған және нысанның ескерткіш ретіндегі тарихи-мәдени құндылығы жоқ деп қорытындысын ұсынды.

Орындалды.

4.      

Түркі ғибадатханасын ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларын қорғауды қажет ететін тарихи нысандар тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастырып, жүргізілген жұмыстар мен ұсыныстар жөнінде нақты ақпарат ұсыну

2025 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

Түркі ғибадатханасын ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларын қорғауды қажет ететін тарихи нысандар тізіміне енгізу Республикалық деңгейде атқарылатын ауқымды шара, аудан көлемінде жүргізілетін шараларға толық қолдау көрсетілетін болады.

Орындалды.

5.      

Ауыл шаруашылығы саласында несие алуға қолдау көрсету мәселесіне қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастыру

2025 жылдың қазаны

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

2025 жылдың 11 қарашасында аудандағы шаруа қожалық өкілдеріне ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік және қаржылық қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін кездесу өткізілді. Аталған кездесуде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, «ӘКК Тараз» АҚ өкілдері, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілі, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі өкілі, «Аграрлық несие корпорациясы» АК Жамбыл облысы бойынша филиал директорынын орынбасары, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілі өз салалары бойынша мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен оларды алу тетіктері жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.

Орындалды.

6.      

Жауғаш батыр ауылындағы электр желісінің іске қосылу барысын бақылауға алу

2025 жыл ішінде

Меркі ауданының әкімі

Меркі ауданы, Жауғаш батыр ауылындағы электр желісінің іске қосылу барысы аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомобиль жолдары бөлімнің қатаң бақылауында.

Бүгінгі таңда 170 дана бағана орнатылып, электр сымдары тартылуда.

Орындалды.

7.      

Шекара маңындағы аумақты тұрақтандыру мақсатында Жауғаш батыр ауылының жанынан өтетін республикалық маңызы бар жол бойында жол сервистік кешенін ашу мәселесін пысықтап, іске асырылуына ықпал ету

2025 жыл ішінде

Меркі ауданының әкімі

Кеңес ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр ауылының жанынан өтетін Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің бойынан жолдың екі бетінен а.ж. мамыр айында шағын тамақтану орнымен азық түлік дүкені қызмет іске қосылған.

Орындалды.

8.      

Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға мемлекет тарапынан берілетін субсидияларды алуына ықпал ету.

Осы мақсатта «ҚазАгроҚаржы» мекемесімен бірлесіп, шаруалардың несиелерін төлеу кестесіне жеңілдіктер қарастыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

2025 жылдың қарашасы

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

Меркі ауданы бойынша «ҚазАгроҚаржы» тарапынан 2023 - 2024 жылға 31 доңғалақты трактор алынды. Шаруа қожалықтарға бүгінгі күнге дейін мемлекеттен тиісті субсидиялар түспеген, алайда өтінім қабылданып резервте тұр. Меркі аудандық әкімдік тарапынан облыстық салалық басқармаға бірнеше рет хат жолданған. Шаруа қожалықтарға заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Орындалды.

9.      

Аспара ауылдық округінде жаңадан іске қосылған дәрігерлік амбулаторияның құрал-жабдықтарын аудандық орталық аурухана басшылығының алып қою дерегіне байланысты зерделеу жүргізіп, нәтижелері бойынша нақты ақпарат ұсыну

2025 жылдың қазан

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

Аудандық көп бейінді орталық аурухана мамандарының тарапынан Аспара ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрал-жабдықтарына байланысты зерделеу жүргізілді, қажетті құрал жабдықтар жеткізілді.

Аспара дәрігерлік амбулаториясында пайдаланылмай бос тұрған кейбір медициналық құрал-жабдықтарын аурухананың бөлімдеріне және басқа дәрігерлік амбулаторияларға қажетіне сай берілді.

Орындалды.

 

 

Дата публикации
30 апреля 2026