Жамбыл облысы бойынша 2025 жыл қорытындысымен (алдын ала мәлімет) жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 322,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 104,9%.
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 2725,3 мың теңге (2024 жылғы тиісті кезеңі – 2577,0 мың теңге).
Инфляция деңгейі 2026 жылғы наурыз айында 2025 жылғы желтоқсанға 102,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 3,2%-ға, ақылы қызметтерге - 2,8%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары қалыптасты (ҚР - 102,7%).
2025 жыл қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі - 4,8% құрады.