Облыс әкімінің 2025 жылғы 3 сәуірде Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында
көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
|
«Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының жарамсыз жеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2025 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел 10-26, 75-102, 140-157 шқ аралығына орта жөндеуге ЖСҚ әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Әзірленген ЖСҚ-ға сәйкес жобаның жалпы құны 971 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 2026 жылға – 485 млн теңге, ал қалған 486 млн теңге 2027 жылға өтпелі кезеңге қарастыру жоспарлануда. Басқарма тарапынан бюджеттік өтінім берілді. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Жамбыл облысының облыстық маңызы бар «Бірлік–Мойынқұм–Ұланбел–Шығанақ» автомобиль жолының 10–26 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурс өткізді. Мердігер ұйым ретінде «Құлан жолдары» ЖШС анықталды. 19.03.2026 жылы келісімшарт жасалды. Келісім шарт құны – 930 328 327,47 теңге. Құрылыс мерзімі – 3 ай. |
|
|
Аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарды жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларына тіркеу бойынша жұмыстар атқарып, нақты ұсыныс енгізу |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті (келісімі бойынша) Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан аумағында жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік нысандар саны – 10. Оның аудан аумағына тіркелгені – 8 кәсіпорын болса, тіркелмегені – 2 кәсіпорын. Тіркелмеген «Алтыналмас АК» АҚ мен «Құлан көмір» ЖШС басшылығымен арнайы кездесулер өткізіліп, аудан аумағына тіркелу мәселесі бойынша ұсыныстар енгізіліді.
|
|
|
Аудан бойынша барлық кен орындарына заңнама аясында зерделеу жұмыстарын жүргізу (тіркелу аумағы, жұмысшылар саны, Мойынқұм ауданы тұрғындарының үлесі, орташа айлық жалақысы т.б.) |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан аумағында жұмыс істеп тұрған 10 ірі өнеркәсіп бар. Ондағы жұмыспен қамтылғандар саны – 1728 адам. Оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 36,6 % (634 адам), шет ел азаматтарының саны – 11 адам, үлесі 0,6 % - ды құрайды. Ақпарат үшін: 1.«Алтыналмас АК» АҚ-ның Ақбақай филиалы; Жұмысшылар саны – 1027 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 37,3 % (384 адам). Орташа айлық жалақысы – 373 153 тг; 2.«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС; Жұмысшылар саны – 228 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 26,3% (60 адам) шетелдіктер – 11 адам. Орташа айлық жалақысы – 446 622 тг; 3.«Оргстрой» ЖШС; Жұмысшылар саны – 38 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 23,6% (9 адам). Орташа айлық жалақысы – 243 000 тг; 4.«Qazaq Mining Company» ЖШС; Жұмысшылар саны – 106 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 10,3% (11 адам). Орташа айлық жалақысы – 280 000 тг; 5.«Эврика-Барит» ЖШС; Жұмысшылар саны – 129 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 51,9% (67 адам). Орташа айлық жалақысы – 225 000 тг; 6.«Шығыс кен басқармасы» ЖШС; Жұмысшылар саны – 78 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 58,9 % (46 адам). Орташа айлық жалақысы – 267 000 тг; 7.«Коптас» ЖШС; Жұмысшылар саны – 4 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 0% (0 адам). Орташа айлық жалақысы – 210 000 тг; 8.«Құлан-Көмір» ЖШС; Жұмысшылар саны – 33 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 15,1 % (5 адам). Орташа айлық жалақысы – 348 257 тг;
9.«Компания Мын-Арал» ЖШС; Жұмысшылар саны – 35 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 91,4% (32 адам). Орташа айлық жалақысы – 137 370 тг; 10.«Мынарал Тас Компани» ЖШС; Жұмысшылар саны – 50 адам, оның ішінде Мойынқұмдықтар үлесі – 40% (20 адам). Орташа айлық жалақысы – 353 364 тг; |
|
|
Аудандық орталық аурухананы магниттік-резонанстық және компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз ету |
2026 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
|
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына Компьютерлік томограф аппаратын сатып алу мәселесін пысықтауда. |
|
|
Ауданда өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін бос жерлерге зерделеу жүргізіп, кезекте тұрған азаматтарға жер телімдерін беруді ұйымдастыру |
Жыл соңына дейін |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Мойынқұм ауданы бойынша 2025 жылы жалпы саны 383 азаматқа ҚР Жер кодексінің 44-1 бабына және бас жоспарға сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері кезекке сәйкес берілді. |
|
|
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және құқықбұзушылық профилактикасын күшейтуді қатаң бақылауға алу
|
Тұрақты |
Облыстық полиция департаменті (келісім бойынша) Мойынқұм ауданының әкімі |
Аудан көлемі облыс жер көлемінің 42.7 пайызын алып жатса, оның 132 шақырымы Республикалық маңыздағы жол торабы, 369 шақырымы облыстық жол торабын құраса, 284 шақырымы ішкі шаруашылық жол торабын құрайды. Жол апаты бойынша 2025 жылдың 03 айында - 5 жол апаты тіркелсе, 2026 жылы - 4 жол апаты тіркелген болатын. Жол апатынан 2025 жылы 3 адам қайтыс болса, 2026 жылы 2 адам қайтыс болды, 2025 жылы 6 адам жарақат алса, 2026 жылы 7 адам жарақат алды. Тиісінше, ЖКО саны өткен жылмен салыстырғанда 10,0 пайызға, ондағы қайтыс болған адамдар саны 20,0 пайызға азайған болса,ал жарақат алғандар саны 10,0 пайызға өскен. Аталған жол көлік оқиғаларының жартысынан көбі (4 дерек) Мойынқұм ауданы аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алған. 2026 жылдың 03 айында – 1311(2025жылы-1041) әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 786 (2025 жылы -333) жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды. Олар бойынша салынған айыппұлдар суммасы – 6 327 386 теңге болса, оның ішінде 4 734 480теңгесі өтелген (өндіру пайызы-80,5% құрады). Ағымдағы жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар, жүргізушілерге жолда жүру кезінде жол ережесін қатаң сақтау туралы инстаграмм әлеуметтік желісінде барлығы 500 бейне және фото материалдар жарияланды.
|
|
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жер телімдерін заңнамалар аясында беру және суармалы егістік жерлерлердің көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау |
Жыл соңына дейін |
Мойынқұм ауданының әкімі |
2025 жылға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша бекітілген жоспар көлемі – 13 000,0 га. Бүгінгі күнге жалпы алаңы 19030,1 гектар оның ішінде 88,8 гектар суармалы егістік, 18627,0 гектар жайылымдық, 314,1 гектар шабындық жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. 2025 жылы 27 ақпанда конкурс ұйымдастырылып, Онда 18 жер теліміне, жалпы жер көлемі 9764,0585 гектар, суармалы егістік 63,2062 гектар, жайылымы 9273,1012 гектар, шабындық 427,7511 гектарға құжаттары қабылданып, жер телімдері берілді. |
|
|
№8 Мойынқұм колледжінде қосымша техникалық мамандықтарды ұлғайту жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базасын жандандыру (құрылысшы, тау-кен өндірісі мамандықтары)
|
2025 жыл 4 тоқсан |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы
|
№8 Мойынқұм колледжінде қосымша техникалық мамандықтарды ұлғайту жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базасын жандандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ: - «Кең көлемде құрылыс жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша лицензия қосымшасын алу үшін білім беру бағдарламасы екі тілде әзірленіп, білім беру Тізіліміне енгізілді. - Модульдік шеберхана (дәнекерлеу ісі, Слесарлық іс ) құрылысы жүргізілді. - Компьютер сыныбы жаңа материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Слесарлық іс шеберханасы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. |
|
|
Мойынқұм ауылынан ардагерлерге арналған ғимарат мәселесін қарастырып, ұсыныс беру |
Жыл соңына дейін
|
Мойынқұм ауданының әкімі |
Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №68г мекен-жайындағы «AMANAT» партиясы аудандық филиалы ғимаратынан тиісті кабинеттер ардагерлер назарына ұсынылып, берілді.
Алдағы уақытта аталған кабинеттерге аудан әкімдігі тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, берілетін болады. |
|
|
Мойынқұм ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу
|
Жыл соңына дейін
|
Мойынқұм ауданының әкімі |
Аудан орталығы Мойынқұм ауылында 13 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 6 көп пәтерлі тұрғын үйлерге 2025 жылы аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған үйлердің сыртқы келбеті термопанелдермен қапталып, шатырлары жаңартылған. Сонымен қатар кіре берістері жөнделіп, электр желілері жаңартылып, аумағы асфальтталып, балалар ойын алаңшалары орнатылды. Жобамен 1 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстарынның құны 30 млн теңге. |
|
|
Аудандық полиция бөліміндегі кадр тапшылығын жою бойынша нақты шаралар қабылдау
|
Тұрақты |
Облыстық полиция департаменті (келісім бойынша)
|
Мойынқұм аудандық полиция бөлімінде 80 штат белгіленген. Бүгінгі таңға оның ішінде 12 бос орын бар. Бөлім басшылығымен жеке құрам арасында қызметтік тәртіппен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу жандандырылды, оған офицерлер мен полиция жиналыстарының қызметін жетілдіру кіреді. Жыл басында ардагерлер Кеңесінің тұрақты жұмыс атқаруы Мойынқұм аудандық ПБ бекітілген жоспар бойынша ардагерлер Кеңесімен бірлесе отырып, екі арадағы байланысты нығайту, жас мамандарды тәрбиелеу және де Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін басшылыққа алып іс жүргізілуде. Бүгінгі таңға кадр тапшылығын жою бойынша түсіндіру жұмыстары мен ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. |
|
|
Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды қатаң бақылауда ұстау
|
Тұрақты |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Аудан әкімдігінің «Мойынқұм ауданы бойынша санитарлық тазалау жұмыстары туралы» №57 қаулысына сәйкес аудан көлемінде тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді. Аталған іс-шараларға 2500-ге жуық адам мен арнайы техникалар жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 200 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылып, белгіленген полигондарға жеткізілді. Көгалдандыру жұмыстарын күшейту мақсатында 2026 жылғы 23 наурызда аудан орталығында «Жасыл әлем – жасыл Мойынқұм» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Акция барысында жалпы саны 2500 түп қарағаш көшеттері отырғызылып, оның 2030 түбі жасыл белдеу аумағына, 470 түбі ауылдық округтердегі мекемелер аумақтарына егілді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі тарапынан бекітілген 2026–2030 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында елді мекендерді көгалдандыру бойынша тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалуда. Осыған сәйкес, 2026 жылғы 28 наурызда қосымша 2000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, жалпы «Жасыл белдеу» аумағына отырғызылған көшеттер саны 4030 түпті құрады. Тұрғындардың экологиялық мәселелер бойынша өтініштерін жедел қарау мақсатында 2025 жылдан бастап арнайы цифрлық сервис іске қосылған. Аталған жүйе арқылы азаматтар қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөнінде хабарлай алады. 2026 жылдың басынан бері 22 өтініш тіркеліп, олардың барлығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, оң шешімін тапты. |
|
|
Заңнама аясында Биназар тоғанының Шу ауданына тиесілі жерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдау |
Жыл соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
2025 жылғы маусым айында «Биназар» тоғанының иесі А.Оразалиев Шу ауданы әкімінің қабылдауында тоғанды сот сараптамасының анықтаған бағаға сатуға дайын екендігін жеткізді. Аудан прокуроры тоғанды мемлекет қаражатына сатып алуды орынсыз санауда, себебі қолданыстағы заң талаптарына сәйкес прокуратура мемлекет атынан тиісті талапкер ретінде сотқа жүгінуге құқықылы. Осы орайда, Биназар тоғанына қатысты құжат көшірмелері Жамбыл облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді. Бүгінгі күні прокуратура тарапынан нақты жауап берілмеуіне байланысты Шу аудандық сотына, Шу ауданы әкімі аппараты тарапынан қайталама талап арыз дайындалуда. |
|
|
Жамбыл ауылындағы ауыз су жүйесіндегі мәселені түбегейлі шешу |
2026 жыл 2 тоқсан
|
Мойынқұм ауданының әкімі |
Жамбыл ауылдық округінің ауыз су имаратына 2024 жылы қуаттылығы 16 м3 сағатына су беретін мембраналық қондырғы қойылған. Алайда, 24 сағат су беру үшін су жинайтын резервуардың жарамсыз екені анықталған. Осыған байланысты аудандық бюджет есебінен 50 кубтық ауыз су мұнарасы орнатылды. Бүгінгі таңда ауыз жаңа су мұнарасына су жиналып, ауыл тұрғындарына ауыз су берілуде. |
|
1 |
Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының бойындағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жиегін қоршау мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу |
2025 жыл 2 тоқсан |
«Қазавтожол» АҚ (келісім бойынша) Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі |
Көрсетілген республикалық автожолдың 135–189 шақырым және 198–221 шақырым аралықтарында жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес II санаттағы жол болып табылады, сондықтан жолдың екі жағында қоршау қарастырылмаған. Соған қарамастан, Мойынқұм ауданы әкімдігі тарапынан жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жобаның құны 580 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының мал көп жүретін учаскелерінде 20 дана мал (сиыр, жылқы) макеттері және жылдамдықты төмендету үшін 5 дана полиция автокөліктерінің макеттері орнатылды. Мойынқұм ауданы әкімі тарапынан «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Ж.Дайрабаевқа және Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі М.Қ.Қалиақпаровқа аудан тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінің өтініштерін қанағаттандыру, сондай-ақ қараусыз жүрген малдың жолға шығуынан туындайтын жол-көлік оқиғалары мен адам өлімін азайту мақсатында республикалық маңызы бар «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автожолына әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға 2026 жылы республикалық бюджеттен қажетті қаржы қарастыруға ықпал ету жөнінде ұсыныс енгізілді. |
|
|
Ауданға инвестиция тарту мақсатында инвесторлармен кездесіп, олардың инвестициялық жобаларын ауданда іске асыру бағытында тиісті шаралар жүргізу
|
Тұрақты
|
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі(жинақтау) |
Ауданға инвестиция тарту мақсатында инвесторлармен жүйелі түрде кездесулер ұйымдастырылып, олардың инвестициялық жобаларын аудан аумағында іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «ANSHUN ENERGY CO.,LTD» ЖШС көмір өндіру және «Жібек жолы-жиния өндірістік дамыту» ЖШС құрамында алтын кенді өндіру және өңдеу бойынша Қытай Халық Республикасы мемлекетінен келген әлеуетті инвесторлармен келіссөздер өткізіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен қолайлы инвестициялық ахуалы таныстырылды. Сонымен қатар, инвесторларға жер телімдерін бөлу, инфрақұрылымға қолжетімділік, мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктер туралы толық ақпарат беріліп, жобаларды тиімді іске асырудың нақты тетіктері талқыланды. Инвестициялық ұсыныстарды сүйемелдеу және оларды іске асыру барысында әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсету мәселелері де қарастырылды. 2026 жылдың 19 наурызында «Total Energies» («Актас Энерджи» ЖШС-нің) Хантау ауылының маңында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылыс алаңына капсула салу рәсімі өтті. Аталған жоба ауданның әлеуетті ірі инвестициялық жобаларының бірі болып табылады.Құрылыс кезеңінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, пайдалануға берілген соң 150 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаны толық іске қосу 2028 жылдың аяғында жоспарланған. |
|
|
«Ауыл аманаты» жобасының 5-бағыты бойынша жоспарды және тауарлық несие бойынша ауданға жоспарланған 8 жобаны жыл қорытындысымен толық аяқтау |
Жыл соңына дейін |
Мойынқұм ауданының әкімі |
«Ауыл аманаты» бағдарламасының 5-ші бағыты бойынша 2025 жылы жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттары жинақталып, 26 құжат “Тараз “әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация” Жамбыл облысы бойынша филиалына өткізіліп, оның ішінде 12 азамат(ша) жалпы соммасы 81,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, 6 құжат арнайы тексеріс өтіп, 8 жоба қаржылық қолдаудан бас тартты. Тауарлық несие беру бойынша 2025 жылдық жоспары 8 бірлікті құрап, 8-азаматқа 317 бас қой, 60 бас МІҚ мал беріліп, келісім шартқа отырды. Жылдық жоспар толық көлемде орындалды. |
|
|
Мойынқұм ауылының тұрғыны М.Серікбаеваның көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерін жекешелендіру жұмыстарына заңнамалар аясында қолдау көрсету |
2025 жыл сәуір айы |
Облыс әкімі аппараты, Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Мойынқұм ауылы Д.Үдербаев көшесі №10 көпқабатты тұрғын үйде барлығы 5 отбасы тұрады. Бұл көпқабатты тұғын үй 2008 жылы кезектегі әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыларына берілген. Мойынқұм ауылындағы бұрынғы «Ауыз-су» КМК меншігіне тіркелген. Бұл кәсіпорын 2010 жылы банкрот болып, тұрғын үй құжаттары рәсімделмеген. Көпқабатты тұрғын үйдегі азаматтармен аудан әкімдігі кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жүмыстарын жүргізді. Ауданы әкімдігі тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ аудандық бөлімімен 1,5 млн. теңгеге келісім шарт жасалынып, жер учаскесінің мемлекеттік актісі алынды, техникалық құжаты әзірленіп, тұрғындарға берілді. |
|
|
Ауданның әлеуметтік көрсеткіштерінің тиісті межеде орындалуын қамтамасыз ету
|
Тұрақты |
Мойынқұм ауданының әкімі |
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 47,8 млрд.теңге, нақты көлем индексі106,2%-ды құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,5 млрд.теңгеге артық орындалды. (2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында – 31,3 млрд. тг. НКИ 99,2%). 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,6 млрд.теңге, нақты көлем индексі 100,8%-ды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 247,5 млн.теңгеге артық орындалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5,0 млрд.теңге болса, нақты көлем индексі 285,5%-ды құрап, 3,4 млрд.теңгеге артық орындалды. (2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1,6 млрд. тг. НКИ 43,2%). Құрылыс жұмыстарының көлемі 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1,0 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 212,2%-ды құрады. (2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 454,8 млн. теңге, НКИ 12,4%). Пайдалануға берілетін тұрғын үй алаңына қаңтар-наурыз айларында 1054,0 шаршы метрді, НКИ 114,8%-ды құрап, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 136,0 шаршы метрге артық орындалды. (2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында – 918,0 шаршы метр, НКИ 99,7 %). Бөлшек сауда тауар айналымы 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1,4 млрд.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 207,6% құрап, оң динамика қалыптастырылды. (2025 жылдың қаңтар-наурыз айларына 626,1 млн.теңге НКИ 71,9%). Көтерме сауда айналымының көлемі 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 740,6 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 161,3 пайызға артық орындалды. (2025 жылдың қаңтар-наурыз айларына 414,7 млн.теңге, НКИ 0,0%)
|
|
|
Күшаман ауылынан ангарлық үлгіде спорт кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысымен тиісті басқармаға бюджеттік өтінім өткізу |
30.06.2025 жыл |
Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі |
Күшаман ауылындағы шағын спорт үйірмесі нысанының ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,7 млн.теңге қаржы қарастырылып, жоба құны 218,9 млн.теңгені құрады. (Мердігер «NESIBE жоба» ЖШС.) Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Алайда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының халық саны жетіспеуіне байланысты келісім берілмеді. Дегенмен 2025 жылы аудандық бюджетке сұраныс беріліп, қолдау тапты. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. |
|
|
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау
|
Тұрақты |
Облыстық полиция департаменті (келісім бойынша)
|
Ағымдағы жылы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар орын алған жоқ (2025ж-0) . Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 1-де 3 дерек болып 200,0 пайызға өсіп отыр. (1-уі Бірлік-Мойынқұм тас жолында (Е.Ерходжаев) және 2-уі Республикалық тас жолда орын алған ЖКО-лары (басқа облыс тұрғындары) Қазіргі таңда Мойынқұм АПБ-нде профилактикалық есепте тұрғандар саны: Ата-аналық міндеттерін орындамайтын - 14 ата-ана және тізімдік есепте - 5 бала тұрады. Ағымдағы жылы анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар: ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 60 (2025 жылы-39) ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен (ата-ана балаларының тәртібіне немқұрайлы қараған және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны бойынша) - 27 (2025 ж.- 12) ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен (кәмелетке толмағандар ойын-сауық мекемесінде болуы бойынша) - 1 (2025 ж.- 1) ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы (ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша 4 (2025 жылы-5) дүкен иелері әкімшілік жауапқа тартылды. Осы алдын алу іс шаралары негізінде құқық бұзушылықтармен ұсталған барлық жасөпірімдердің ата–аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің құқықтық білімін жетілдіру мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен аудан мектептерінде 50 мәрте құқықтық тақырыпта зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында дәрістер мен әңгімелесулер, лекциялар оқылды, о.і. салауатты өмір салты туралы 10, суицидті ескерту бойынша 10, діни экстремизмге қарсы 10, есірткі және нашақорлыққа қарсы тақырыпта 10, жол қауіпсіздігі тақырыбында 10 дәрістер өткізілді. Атқарылған жұмыстардың барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары және инстаграмм әлеуметтік желідегі парақша арқылы барлығы 10 мақала жарияланды. |
|
|
Аудан аумағындағы кәсіпорындардың өндірген өнімінің (табысының) тиісті мөлшерін (пайызын) жергілікті бюджетке түсіру заңдылығын қарау |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің қаржы басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)
|
Аудан аумағында жұмыс жасап тұрған 10 ірі кәсіпорын бар. Оның ішінде ауданға тіркелген 8 кәсіпорын тарапынан «Өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары» бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-4 шешіміне сәйкес түсімнің 30 пайызы аудан бюджетіне, 70 пайызы облыстық бюджетке түсуде. |