Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында
айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Жалпы – 19 тапсырма
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1. |
Қаратау қаласындағы саябақтарды ретке келтіру бойынша талдап («Рухани Жаңғыру» және Орталық саябақ), мәселесін шешу |
2024 жылғы шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
1. 2023 жылы Қаратау қаласындағы «Орталық саябаққа» 16,3 млн. теңге қаржы қарастырылып, абаттандыру (суландыру жүйесі жүргізіліп, келушілерге арналған әжетхана салынып, кіреберісіне субұрқақ орнатылды) жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы саябақ ішіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жол бойы жарықтандырылды. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан 400,0 млн. теңгеге 2 жобаны (Орталық саябақ ішіне Этномәдени тұрғыда абаттандыру және 5 мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшалары) іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, 2026 жылы аудандық бюджеттен 17,2 млн. теңге бөлініп, қала әкімдігі тарапынан «Орталық саябақтың» ішіне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде (жарықтандыру жүйесі, саябақ ішіндегі орындықтарды ауыстыру, тал кесу және т.б.). Мердігер – ЖК «Айтбеков». 2. Қаратау қаласы «Рухани Жаңғыру» аллеясын 2025-2027 жылдары абаттандыру мақсатында 2024 жылы ЖСҚ әзірленді. Жоба құны - 361,8 млн. теңге. 2024 жылы аталған жобаға қажетті қаражатты қарастыру мақсатында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржыландыру күтілуде. |
|
2. |
Аудандағы жөндеуді қажет ететін каналдарды ретке келтіру бойынша ұсыныс енгізу (Бостандық а/о «Ұзын», «ЛВМК Жиембет», «Қыдыр», «Көккөл», «Әбіш» каналдарыы, Аққұм а/о «ПВМК Жиембет», «Аққұм» каналдары, С.Шәкіров а/о «Шаруашылық», «Қазақбай», «Жұмабек» каналдары, Ойық а/о «ЛВМК Ойық», «МЛР» каналдары, Ақкөл а/о «Орта арық», «Жаңатоған» каналдары) |
2024 жылғы қараша |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, «Казсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы табиғи ресурстар басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
Аудан теңгеріміндегі 14 каналды қайта жаңғыртудан өткізу үшін 2023 жылы аудандық бюджеттен 167 млн. 990 мың теңге қаржы қарасытырылып, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Сондай-ақ, барлық каналдардың (ПВМК Жиембет, Жиембет, ЛВМК Ойық, Орта Арық, Шаруашылық, Ұзын, Жұмабек, Жаңатоған, Қыдыр, Әбіш, АВМК Жиембет, Аққұм, Көккөл, Қазақбай) мемлекеттік сараптамасы алынып, қаржыландыру мақсатында 2024 жылы қыркүйек айында құжаттар топтамасы облыстық «КазСуШар» мекемесіне өткізілді. Жалпы жобалар құны 32 млрд. 518,2 млн. теңгені құрады. Қаржыландыру күтілуде. |
|
3. |
Аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сін жеке ғимаратпен қамтамасыз ету |
2024 жылғы қыркүйек |
Талас ауданының әкімі |
Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жеке ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 15 млн. теңге қаражат қарастырылып, Қаратау қаласы әкімдігі тарапынан Қаратау қаласындағы Д.Қонаев көшесі №35 мекен-жайда орналасқан 2 қабатты ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теңгеріміне берілді. |
|
4. |
Ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды бақылауда ұстау және ірі инвестициялық жобалар тарту |
тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41 026,1 (2024 жылы 23 672,3) млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 17 026,1 млн. теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 167,5 пайызды құрады. 2026 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 29,5 млрд теңге. Одан бөлек 3 жоба жоспарланды. Жеке инвестиция 20,6 млрд теңге. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жоспар негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,0 млрд теңге, оның ішінде жеке инвестиция 6,3 млрд теңге. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі 20,9%-ға орындалды. Қазіргі таңда «Азия чим» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады. Одан бөлек ауданымызға ірі жобалар келуде. Олар «Аспан-2(жоба құны 383,0 млрд тенге), Аспан-3(жоба құны 68,3 млрд тенге) және «Харвест агро» ЖШС(жоба құны 90,0 млрд тенге). Жыл қорытындысымен инвестиция көлемі орындалады. |
|
5. |
Қаратау қаласындағы үй кезегінде тұрған азаматтардың өз кезегімен үй алуын және кезек санын азайтуды тұрақты бақылауда ұстау |
тұрақты |
Талас ауданының әкімі |
Ауданда 2026 жылдың есепті кезеңінде 1248 азамат тұрғын үй кезегінде (көп балалы отбасылар 243, әлеуметтік осал топтағылар 596, бюджеттік қызметкерлер 408, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 1) тіркелген. 2025 жылдың мамыр айынан бастап кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үйлердегі пәтерді үлестіру қолданыстағы заңнамаға («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына) сәйкес Отбасы банк ұлттық даму институты арқылы жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 17 желтоқсанынан бастап бүгінгі таңға дейін «Отбасы банк» акционерлік қоғамына 114 азаматтың тізімін жолданып, нәтижесінде Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі №17 үй мен 3 мөлтек ауданындағы №64 үйлердегі 114 пәтерді кезекте тұрған азаматтарға беру бойынша жұмыстар жүргізілді (3 шағын ауданы №64 үйдегі 65 пәтердің 44 пәтері берілді және Б.Момышұлы №17 үйдегі 80 пәтердің 70 пәтері берілді, жалпы 114 тұрғынмен келісім-шарт жасалынып, кілттері мен пәтер құжаттары тапсырылды). Сонымен қатар, Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданы №25Д мекен-жайында орналасқан жоба құны 1 млрд. 451,8 млн. теңгені құрайтын 84 пәтерлі тұрғын үй сатып алынды (2025 жылы республикалық бюджет қаражаты 1 млрд. 308,9 млн. теңгесі игерілді. 2026 жылға аудандық бюджеттен қалған 142,9 млн.теңгесі бөлінген, көпқабатты тұрғын үй аумағындағы абаттандыру жұмыстары аяқталған соң болжаммен а.ж. мамыр айында қаражаттары толық төленетін болады). 2026 жылы 195 пәтерді тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беру жоспарлануда (3 шағын ауданы №64 және Б.Момышұлы №17 үйлерінде жалпы қалғаны 31 пәтер, Б.Момышұлы к-сі №15 – 80 пәтер және жаңадан сатып алынған 3 мөлтек ауданы №25Д тұрғын үйде – 84 пәтер).
|
|
6. |
Ағымдағы жылға жопарланған аудандағы елді мекендерді ауыз су (Сейілбек,Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары) және табиғи газбен қамтамасыз етуді (Берікқара, Қасқабұлақ, Қаратау, Көктал а/о) мерзімімен жүргізу
|
тұрақты 2024-2025 ж.ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
1. 2024 жылы аудан бойынша ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 7 елді мекенге (Сейілбек, Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары) ауыз су тарту үшін барлығы 2 млрд. 850,8 млн. (ҰҚ- 2 178 523,0 мың теңге, ОБ - 672 291,0 мың теңге) қаржы қарастырылып, Ақтөбе, Тұрымқұл, Сейілбек, Қожағаппар және Қараой елді мекендеріндегі ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған Арал және Қайыр ауылдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде (жобалар 98 пайызға орындалды) (Мердігер: «Констракшн Груп» ЖШС). 2. 2024-2025 жылдары аралығында құны 1 млрд. 919 млн. 462 мың теңгені құрайтын Талас ауданы, Берікқара ауылдық округі, Майтөбе және Қожағаппар ауылдарын (жалпы халық саны – 1808 адам, 412 аула) газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мердігер «AKBARS STROY Ltd» ЖШС тарапынан 2025 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой, Көктал ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың мамыр айында облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді. Жалпы сметалық құндары – 4 млрд. 433,7 млн. теңге (Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой ауылдарына газ таратушы жүйесіне 2 млрд. 176 млн. 938,7 мың теңге, ішкі кварталдық газ жүйесіне жалып 995 млн. 855,8 мың теңге, Көктал ауылана газ тарту желісі – 1 млрд. 260 млн. 977 мың теңге). Бүгінга таңға, Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарына газ тарту желісінің құрылысын жүргізу үшін жалпы бюджеттен 898 млн. теңге (РБ-842,6 млн. тг., ОБ-55 млн. 550 мың теңге) қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз мердігер «Газсервис» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2026 жылға өтпелі. Аталған ауылдарға ішкі кварталдық газ жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген, жоба құны 995,8 млн.теңге. Бұл жобаларды іске асыру мақсатында, республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландыру күтілуде. |
|
7. |
Қаратау қаласы, А.Шымырұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2024 жылғы желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Қаратау қаласы, А.Шымырұлы, Суханбаев, Көшек батыр, Сеченов көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен бөлінген 39 млн. теңгеге 2024 жылы маусым айында орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер: «Тараз Көлік Жолдары» ЖШС. |
|
8. |
Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы көшесін жарықтандыру мәселесін шешу |
2024 жылғы желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы, А.Момбеков және Фабричный көшелерін жарықтандыру үшін аудандық бюджеттен 8,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары а.ж. шілде айында толық аяқталды. Мердігер: «АлираСервисКомпаний» ЖШС. |
|
9. |
Қаратау қаласындағы ескі «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу мәселесін қарастыру
|
2025 жыл желтоқсан |
Талас ауданының әкімі
|
«Авангард» кинотеатрын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзріленіп, ведомствадан тыс сараптамадан өтіп № EX01-0126/25 22.07.2025 жылы қорытынды алынды. Жобалаушы «КазЦентр Проект» ЖШС келісім шарт соммасы 5,4 млн. теңге. Сметалық құны 280 млн. 012,0 мың теңге. Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім әзірленіп, өткізілуде. |
|
10. |
Қаратау қаласындағы көппәтерлі ғимараттардың алдын жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
|
2024 жылғы қыркүйек |
Талас ауданының әкімі |
Қаратау қаласы бойынша барлығы 153 шағын және көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде: Екі қабаттысы - 84 үй; Үш қабаттысы – 2 үй; Төрт қабаттысы – 17 үй; Бес қабаттысы – 48 үй; Тоғыз қабаттысы – 2 үй. 2024 жылы Қаратау қаласы бойынша жарықтардырылмаған Ә.Молдағұлова көшесі №20, №22, Тамды әулие көшесі №1 шағын қабатты және Б.Момышұлы көшесі №9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына тіректер (столб) орнатылып, демеуші есебінен толық жарықтандырылды. Бүгінгі таңда, Қаратау қаласы бойынша шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары толық жарықтандырылған. |
|
11. |
Тамды ауылындағы Қойгелді атындағы орта мектептегі жарамсыз тұрған екі спорт залының мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу |
2024 жылғы маусым |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
Тамды ауылындағы Қойгелді орта мектебі 1990 жылы кірпіштен соғылған, типтік. Жобалық қуаттылығы 720 орынды. 2023-2024 оқу жылында 284 бала білім алды. Қазіргі таңда, мектептің спорт залының тозығы жеткен. Осыған орай, Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес 2026-2027 жылдары Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Білім басқармасы тарапынан құрылыс басқармасына 2025 жылы Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін 2,5 млн. теңгеге қаражат қарастырылып, 2025 жылдың 21 қазан күні жоба мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Сараптама қорытындысы күтілуде. |
|
12. |
Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлерінің жетіспеушілік мәселесін «Дипломмен ауылға» жобасы аясында шешу бағытында жұмыстар жүргізу |
тұрақты |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасында барлығы 512 медицина қызметкерлері бар (91 дәрігер, 421 орта медицина қызметкерлері). Аудан бойынша Қаратау қаласында дәрігерлер тапшылығы 8 бірлік (ересектер мен балалар акушерия және гинекологиясы 2, Оториноларингология ересектер, балалар 1,травматология-ортопедия (камбустиология) ересектер, балалар 1, офтальмология (ересектер, балалар) 1, невропатолог ересектер 1, хирург (ересектер, балалар) 1, неонатолог 1) Өңірдегі кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Жоғарғы медицина уневерситеттерін бітіруші түлектердің «Дипломмен ауылға» жәрмеңкесіне қатысып, ауданға жас мамандарды шақыру жүргізілуде. Медициналық ұйымдардың есебінен, атап айтқанда, офтальмология және радиология (сәулелі диагностика) мамандықтары бойынша 2 дәрігерді резидентурада оқытып, мамандарды дайындауда. Оның ішінде радиология мамандығын бітірген резидент дәрігер 2023 жылы жұмысқа орналасты. 2024 жылы өңірге 1 жас маман келді, резидентураны тәмамдаған соң 2024 жылға жергілікті бюджетпен бітірген 3 дәрігер жұмысқа орналасты. Атап айтқанда Анестезиолог-реаниматолог - 1 , Неонатолог - 1, Кардиолог - 1. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды. Жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып (резидентура), оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 35 дәргер өңірге жұмысқа келді. Одан бөлек, 56 дәрігер резидентурада оқиды. |
|
13. |
Малдарға егілетін екпелердің (сібір жарасы, конго-кырым т.б.) мерзімінде егілуін, «Беккер» шұңқырының жетіспеушілігін шешуді қамтамасыз ету |
тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринариялық басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
1. Аудан бойынша 7 сібір жарасының ошағы бар (Берікқара а/о-2; Қасқабұлақ а/о-1; Қаратау а/о-2; Үшарал а/о-1; Қаратау қ-1). Ошақтардық сырттары қоршалып «Абайлаңыз сібір жарасы!» деген тақтайшалар ілінген. 2024 жылы кешенді ветеринариялық іс-жоспарға сәйкес наурыз-сәуір айларында сібір жарасы ауруына қарсы аудан бойынша МІҚ малы – 12 000 бас; қой-ешкі малы – 183 800 бас; жылқы малы – 6 500 бас; түйе малы – 1 800 бас егілді. II-жартыжылдықта МІҚ малына, жылқы малына, түйе малына және шошқа малына – 78 500 доза сібір жарасы ауруына қарсы вакцина егілді. Ал ұсақ қой-ешкі малына – 77 100 доза вакцина егілді. 2. Талас ауданы бойынша 2025 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы 8 ауылдық округтер мен елді мекендердегі ауылшаруашылық малдарына және қора-жайларына залалсыздандыру жұмыстары толықтай аяқталды. Атап айтсақ; Үшарал ауылдық округі бойынша: Үшарал ауылы, Ақатай , Әбділда би , Арал елді мекендері, Аққұм ауылдық округі, Бостандық ауылдық округі және Кеңес ауылдық округі бойынша Көшек батыр және Бөлтірік шешен ауылдары. Осы аталған. Аталған ауылдық округтер бойынша осы жұмыстарды атқару үшін облыстық бюджеттен 21 млн. 441 мың теңгеге дезинфекциялау жұмыстарына қажетті 8751,0 кг дельтометрин, 2004,9 л ципек, 334,1 л парисар препараттары алынып, қоймаға жеткізілді. Жоғарыда аталған 8 елді мекенде дезинфекциялық шараларды жүргізуге барлығы 16,467 млн.тг қаражат қарастырылды. 3. Аудан бойынша мал өлексесін тастайтын 7 (Бостандық, Ойық, Үшарал, Қызыләуіт, Қаратау, Берікқара ауылдық округтары мен Қаратау қаласы) Беккари шұңқырлары бар. Барлық нысандар қоршалған және ветеринариялық пункт меңгерушілерінің бақылауында. Сондай-ақ, 2025 жылы аудандағы 4 ауылдық округте (Кеңес, С.Шәкіров, Ақкөл және Тамды) Беккери шұңқырларын салу жоспарланып, бүгінгі таңға Кеңес және С.Шәкіров ауылдық округіндегі Беккери шұңқырларының құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттары рәсімделді. |
|
14. |
Шаруа қожалықтармен кездесіп, ағын су, тыңайтқыш, субсидия мәселесін шешуді қарастыру |
2024 жылғы |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Мемлекеттің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауы бойынша шаруаларға несие, субсидия алу, техника жаңалау, минералды тыңайтқыш, дизель майы, т.б. жеңілдіктер жайлы түсіндіру, насихаттау семинарлары тұрақты өткізілуде. Көктемгі дала жұмыстары барысында су қоймалары, өзен арналарындағы нысандардың қақпаларының толық өз деңгейінде жұмыс істеуі тексеріліп, ағын судың кедергісіз ағуы үшін елді-мекендердегі арық-атыздар, канал жүйелері және көпір асты арықтары қамыс пен қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын орнату, жер асты суларын пайдалану, сонымен қатар су сорғы құралдарын заңсыз қолданбау (анықталған жағдайда айыппұл салу), ағын суды жүйелі, келісім-шарт жасасу арқылы пайдалану бойынша аудандық Қазсушар мекемесімен бірлесіп, Талас өзені бойындағы егінмен айналысып отырған шаруашылықтарға түсіндірілді. Осыған байланысты каналдардағы судың ретімен берілуіне тұрақты кезекшілік жасау мақсатында 5 бірлік ақылы қоғамдық жұмысшыларға өтінім қабылданды. Аудан бойынша 2024 жылы жалпы 915,3 тонна (2023 жылы 489,7) тыңайтқыш алу жоспарланған. Оның ішінде: 396,7 тн- азотты, 91,3 тн- фосфорлы, 427,4 тн- басқа түрлері. Қазіргі уақытта 734 тн тыңайтқыш алынған. Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың негізгі бағыттары: мал шаруашылығын субсидиялау, инвестициялық субсидиялар, егін шаруашылығындағы көп жылдық екпелерді, тыңайтқыштарды, тұқымдарды субсидиялау, өнімді қайта өңдеуді субсидиялау және т.б. Gosagro.kz ақпарат жүйесінде субсидияға өтінім беру тәртібі мен талаптарын шаруашылық төрағалары мен округ әкімдіктерінің сала мамандарына түсіндіру семинарлары өткізілді. |
|
15. |
Үшарал ауылдық округіне қарасты Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды (11 шқ, ЖСҚ әзірленген) жөндеу мәселесін қарастыру |
2025 жылғы сәуір |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Үшарал ауылдық округі, Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолдарын асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін 176 млн. тг. ЖСҚ әзірленген. Алайда, қаражат қолдау таппауына байланысты жобаның мерзімі өтіп, жобаны қайта түзету үшін аудандық бюджеттен 1,6 млн. тг. қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. Сметалық құны 540,6 млн. теңгені құрады. Аталған жоба бойынша 2024 жылы 2025 жылға қаражат қарастыру мақсатында облыс әкімдігінің автомобиль жолдары басқармасына тиісті бюджеттік өтінім ұсынылған. 2025 жылы Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды жөндеу жұмыстары жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 77,0 млн. теңге қаражат қарастырылса, ал, қалған 463,6 млн. теңге қаражат жоғары тұрған бюджеттен бөлінбеуіне байланысты бүгінгі таңға аудандық бюджеттен бөлінген қаражат кері қайтарылды. Алдағы уақытта аталған жобаны қаржыландыру күтілуде. |
|
16. |
Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына демеушілер есебінен қоймалар соғып беру мәселесін қарастыру
|
2024 жылғы шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі |
2025 жылға облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілген. Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына қоймалар соғуға 7 млн. 008 мың теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер «Сабыр» ЖК тарапынан құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. |
|
17. |
Қаратау қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын арнайы көлікпен қамтамасыз ету
|
2024 жылғы қараша |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі |
2025 жылға облыстық бюджеттен Қаратау қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы көлік алуға 31 млн. 360 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті көлікпен қамтамасыз етілді. |
|
18. |
Қаратау қаласындағы колледждерде ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары тапшылығын зерделеп, ақпарат ұсыну |
2024 жылғы маусым |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты 20 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын колледждердің саны – 10 (Құлан агротехникалық жоғары колледжі, Қордай ауылшаруашылығы колледжі, № 7 Бетқайнар колледжі, № 9 Меркі колледжі, № 3 Байзақ колледжі, № 8 Мойынқұм колледжі, № 10 Шу колледжі, № 11 Сарысу колледжі, № 16 Жуалы колледжі, № 17 Жамбыл колледжі). Аталған колледждер 7 білім беру бағдарламасы («Агрономия», «Ветеринария», «Зоотехния», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Балық шаруашылығы», «Ара өсіру және жібек шаруашылығы», «Орман шаруашылығы») бойынша жұмысшы және орта буын мамандарын (жұмысшы-11, орта буын-4) даярлауда. Талас ауданының әкімінің келісімімен бекітілген 2024-2028 жылдарға арналған қажеттілік ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары тізілімде жоқ. |
|
19. |
Әлеуметтік және денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын қадағалау |
тұрақты |
Талас ауданының әкімі |
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі тарапынан 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. 2025 жылы әлеуметтік көмек түрлерін төлеуге 422,2 млн.теңге жоспарланып, 9 айында 148,3 млн.теңгесі тағайындалып, төленді. АӘК-ті тағайындау барысында ескерілетін кедейшілік шегі 2025 жылдың ІІІ-ші тоқсанына 37182 теңге болып бекітілді. - Атаулы әлеуметтік көмекке 79,9 млн.теңге тағайындалып, 195 отбасына, немесе 1082 адамға төленді; - Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 11,6 млн.теңге толенді, 167 отбасына немесе 326 балаға тағайындалып, төленді; - Тұрғын үй көмегіне 9 отбасындағы 32 адамға 0,2 млн.теңге тағайындалып, толық төленді; - Бір жолғы әлуеметтік көмекке 267 адамға 28,7 млн.теңгеге көмек көрсетілді. - Үйден оқытуға 42 мүгедектігі бар балаларға 1,5 млн.теңге тағайындалып, төленді. - Отын сатып алу үшін 1700 ауылдық жердегі әлеуметтік сала маманына 33,4 млн. теңге қаралды. 1341 адамға 26,4 млн.тенге толенді. Көмек түрі: мүгедектігі бар, денсаулығына байланысты мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларға үйден оқыту кезеңінде төленеді. Отын сатып алу – әлеуметтік сала мамандарына маусым айынан құжат қабылданады.Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасына аудан тұрғындары тарапынан 2025 жылдың 9 айында 17 шағым оның ішінде 2 шағым (СРР) программасына арқылы, 2 шағым денсаулық сақтау басқармасы арқылы. 13 шағым call center орталығы, е-өтініш арқылы түскен. Аталған шағымдар толық Заң талаптарына сәйкес мерзімінде қанағаттандырылды. Емдеу алдын-алу мекемелерінде көрсетілетін қызмет сапалы әрі қол жетімді болу үшін стационарлық жағдайларда тәулік бойы білікті және мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде медициналық себептер бойынша профилактикалық, диагностикалық және терапевтік қызметтерді тұрақты көрсетуде. |