СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 148 бабына сәйкес Денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша, осы Заңмен және (немесе) денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешімін қоспағанда, кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын байқау кеңесі – басқару органы құрылуы мүмкін. Сонымен қатар, осы Заңның нормаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар құрылатын басқа салаларда, мысалы, ветеринария, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында байқау кеңесін құру көзделмеген.
|
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорындарды тиімді басқару мақсатында, денсаулық сақтау саласынан басқа салаларында да байқау кеңестерін құру туралы ұсыныстар енгізу |
Ақпарат |
|
III-тоқсан
|
|
2 |
Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік органдар болып табылмайтын және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын мемлекеттік мекемелерді орналастыру үшін нормалар жоқ, бұл мемлекеттік меншік объектілерін тиімді басқару үшін тиістілік нормаларын есептеуді қиындатады, бұл мәселе өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады - аудандардың бірдей қызмет түрлерімен айналысатын әртүрлі мемлекеттік мекемелермен айналысу және басқару органының мемлекеттік мекемелер басшыларының біріне артықшылық беруі ретінде қарастырылуы мүмкін.
|
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын мемлекеттік мекемелерді орналастыру үшін заңнамалық негізде нормаларды қарастыру жөнінде ҚР Ұлттық экономика, қаржы министрліктеріне ұсыныстар енгізу.
|
Ақпарат
|
|
III-тоқсан
|
|
3 |
Мемлекеттік органның кіре берісіне оның негізгі функциялары бойынша ақпараттық стендтің болмауы |
Мемлекеттік органның кіре берісіне негізгі функциялары бойынша ақпараттық стенд әзірлеу және ілу |
Стенд |
|
III-тоқсан |
|
4 |
Тауарлады, жұмыстарды, қызметтерді бір көзден сатып алу |
Тауарлады, жұмыстарды, қызметтерді бір көзден сатып алу санын барынша азайту және аталған тәсілді қолданған кезде кем дегенде 3 әлеуетті жеткізушіден баға ұсыныстарын алу бойынша ұсынымды басшылыққа алу |
Ақпарат |
|
Тұрақты |
|
5 |
Коммуналдық мүлікті пайдаланудың тиімділігін жүргізу бөліміне жеке және заңды тұлғалармен келісім шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелердің болмауы |
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жеке және заңды тұлғалармен келісім шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелерді қосу туралы ұсыныстар енгізу |
Ақпарат |
|
III-тоқсан |
|
6 |
ҚР Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 14 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 31 тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына айдың басында және ішкі жылжыту айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей өзгерістер енгізуге болады. Демек, мемлекеттік органдардың жоспардан тыс іссапар шығындарын айдың жиырмасыншы күнінен кейін төлеу мүмкіндіктері болмай қалады. Бұл мәселе мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтарына әсерін тигізуі мүмкін |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне, жеке қаржыландыру жоспарларына, атап айтқанда, іс сапар шығындары және еңбекақы төлемдері бойынша айдың соңында қосымша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарастыру |
Ақпарат |
|
Шілде
|
|
7 |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімі негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, аудандар мен Тараз қаласынан, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және шоғырландырылған қаржылық есептілікті қабылдау кезінде түрлі себептерге байланысты мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу мүмкіндігі туындайды. |
Құзыретті органдарды шақыра отырып, басқарма қызметкерлеріне ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының нормаларын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу |
Семинар, тренинг |
|
Тұрақты |
|
8 |
Мемлекеттік мүлікті жалдауға, сенімгерлік басқаруға және сатып алушының мүлікті қабылдау-өткізу актілерін түзу кезінде жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланысқа әкелуі мүмкін |
Құзыретті органдарды шақыра отырып, басқарма қызметкерлеріне ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының нормаларын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу |
Семинар, тренинг |
|
Тұрақты |
|
9 |
2022 жылдан бастап ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 41-бабына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өзге тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған жағдайларда, аталған Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шартын жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер енгізілді. |
ҚР Қаржы министрлігінен түсіндірме алу және ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына тиісті өзгерістерді енгізу жөнінде ұсынымдар енгізу |
Ақпарат |
|
III-тоқсан |