Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Мекеменің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес жекелеген жағдайларда сатып алуларды бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізу мүмкін. Алайда, аталған тәсілмен сатып алулар жүргізу барысында әлеуетті жеткізушіні, мердігерді таңдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін |
тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді бір көзден сатып алу санын барынша азайту және аталған тәсілді қолданған кезде кем дегенде 3 әлеуетті жеткізушіден баға ұсыныстарын алу |
Семинар-кеңес |
|
2024 жылдың шілде айы |
|
2 |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімі негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен шоғырландырылған қаржылық есептілікті қабылдау кезінде түрлі себептерге байланысты мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу мүмкіндігі туындайды |
Бөлімдердің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстары, сонымен қатар құзыретті органдарды шақыра отырып, басқарма қызметкерлеріне ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының нормаларын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу |
Семинар-кеңес |
|
2024 жылдың шілде айы |
|
3 |
Талдау барысында басқарманың бюджетті атқару бөлігіндегі қызметі зерделенді. Мемлекеттік органдардың елден тыс іссапарлары мен қызметтік сапарларына арналған шығындар жылдың басында жоспарланады, алайда өндірістік қажеттілікке байланысты, жыл ішінде жопардан тыс іссапарлар шығындарын төлеу алдағы айлардан ағымдағы айға жылжыту арқылы жүзеге асырылады. ҚР Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 14 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 31 тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына айдың басында және ішкі жылжыту айдың 20 күнінен кешіктірмей өзгерістер енгізуге болады. Демек, мемлекеттік органдардың жоспардан тыс іссапар шығындарын айдың 20 күнінен кейін төлеу мүмкіндіктері болмай қалады. Бұл мәселе мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтарына әсерін тигізу мүмкін |
Жоғарыда аталған негіздерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне, жеке қаржыландыру жопарларына, атап айтқанда, іс сапар шығындары, және еңбекақы төлемдері бойынша айдың соңында қосымша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныстар енгізу қажет |
Қаржы басқармасына хат |
|
2024 жылдың шілде айы |