СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрығының 4 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, өнім беруші операторға тиісті мәліметтерді қамтитын оқу бағдарламасын ұсынатыны айқындалған. Алайда, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс саласындағы уәкiлеттi органмен оқу бағдарламасының үлгілік нысаны бекітілмеген. Сол себепті оқу бағдарламасында қамтылуға тиіс мәліметтердің тек бар болғаны оператор үшін жеткілікті, ал қамтылған мәліметтердің сәйкестігін нақтылайтын қандайда бір норма немесе стандарт жоқ болғандықтан, операторға оқу бағдарламасын қарау кезінде өз қалауы бойынша Бұйрықпен белгіленбеген қосымша талаптарды қоюға мүмкіндік береді. |
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен оқу бағдарламасының арнайы үлгілік нысанын бекіту.
|
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы |
|
|
|
2 |
«Ұлттық білім беру дерекқоры» мәліметтерінде балабақшаға тіркелген балалар мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде қызмет көрсетіп отырған өнім берушілерден ваучер алған. Алайда, баланың балабақшада болу уақытында үйірмеге баруы күдік тудырады. Осындай қатынас нәтижесінде баланың заңды өкілі мен өнім беруші арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуына жол беріледі. |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрығының 10-тармағының төртінші бөліміне білім беру ұйымдарының «балабақша», «бөбекжай» түрлерін қосу.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрығына өзгеріс енгізу |
|
|
|
3 |
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші ақпараттық жүйе арқылы операторға тиісті құжаттарды қоса бере отырып өтініш беретіні белгіленген. Яғни, өнім берушілер оператормен жеке байланыспай (жүздеспей) барлық құжаттарды операторға ақпараттық жүйе арқылы ұсынуы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, бұл норма өнім берушілермен әрдайым сақтала бермейді. Бұл ретте, өнім берушілер қашықтықтан қызмет алу мүмкіндігін пайдаланбастан, шығармашылық тапсырыс бойынша оператордан кеңес алу үшін (немесе осы тектес әртүрлі сылтаумен) операторға шақырусыз келіп, оған түрлі игiлiктер мен артықшылықтарды ұсыну арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындату қауіпі бар. |
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс саласындағы уәкiлеттi орган (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі) бұйрығымен оқу бағдарламасының арнайы үлгілік нысанын бекіту.
|
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы |
|
|
|
4 |
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын деп белгіленген. Операторларға кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салынғандықтан, олар өнім берушілер тарапынан жол берілген мемлекеттік шығармашылық тапсырыс саласындағы заң бұзушылық фактілеріне қатысты әрекет жасай алмайды. |
Заң бұзушылық фактілерін тексеруге құзырлы органдардың өкілдерімен бірлескен жұмысшы тобын құрып, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша өтінімдерді мақұлдау алдында үйірме өтетін орынның (ғимарат, МТБ) НҚА талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беру. |
Жұмыс тобы |
|
|