СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығының 57-тармағына сәйкес, өңірлік комиссияның үміткерге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа қатысуға рұқсат беруінде және 59-тармағына сәйкес, өңірлік комиссияның ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі жеңімпазды анықтау мақсатында өңірлік тапсырыстың үміткерлерін балдық бағалау бойынша бағалауында. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша ағарту мен тәрбие жұмыстарын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік принципін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жүргізіп, іс-шаралар өткізу қажет. Сонымен қатар, Ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысқа қатысуға рұқсат беруді және ақпараттық саясатты жүргізу бойынша жеңімпазды анықтаудағы балдық бағалауды веб-порталдың және жасанды интеллекттің көмегімен IT-мамандар арқылы автоматтандыру қажет |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қалыптастыру. Ақпараттық саясатты автоматты түрде жүргізу тетігін қалыптастыру жолдарын іздестіру. |
- |
2025 жылдың аяғына дейін |
|
2 |
«Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен базалық бағалардың бекітілуінде. |
Өңірде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін заңнамаға сәйкес қайта бекіту қажет |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасын әзірлеу |
- |
2024 жылдың аяғына дейін |
|
3 |
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес, Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды ҮЕҰ-ға және «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ-нің әлеуметтік желілердегі визуалды контентті дайындау үшін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттаманы әзірлеуінде және 27-бабына сәйкес, конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді айқындауында және конкурсқа қатысушылар деп тануында, сонымен қатар конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануында және есептеуінде. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша ағарту мен тәрбие жұмыстарын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік принципін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жүргізіп, іс-шаралар өткізу қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша әлеуетті өнім берушілерді айқындауды және конкурсқа қатысушылар деп тануды, сонымен қатар конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануды және есептеуді веб-порталдың және жасанды интеллекттің көмегімен тапсырыс көлемін балдық бағалау бойынша бір және/немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге бөлу арқылы жүргізуді IT-мамандар арқылы тәжірибеге енгізу қажет |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қалыптастыру. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды автоматты түрде жүргізу тетігін қалыптастыру жолдарын іздестіру. |
- |
2025 жылдың аяғына дейін |
|
4 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің № 18 бұйрығының 20-тармағына сәйкес, әлеуметтік жобаны іске асыру қорытындылары бойынша көрсетілген қызметтер актісіне мемлекеттік органның қол қоюында. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша ағарту мен тәрбие жұмыстарын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік принципін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жүргізіп, іс-шаралар өткізу қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау тәртібін қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізу туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолдау қажет. |
Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс әзірлеу |
- |
2024 жылдың аяғына дейін |
|
5 |
«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес, азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылуында |
Бұйрыққа азаматтық қызметтің белгілі бір біліктілік талаптарын қажет ететін бос немесе уақытша бос лауазымдарына орналасу тек жарияланған конкурс бойынша және бос немесе уақытша бос лауазымға, лауазымдық өкілеттіктер шеңберінде өткізілетін тестілеуден ең жоғары балл алған адамды орналастыру туралы жаңа норма енгізу. Ұсынымды іске асыру үшін Бұйрықтың 3-тарауындағы Конкурсты өткізу тәртібін қайта қарап, Бұйрықтың 34-тармағына өзгеріс енгізіп жаңа редакцияда келесідей жазу керек: - «34. Лауазымдық өкілеттіктер шеңберінде өткізілетін тестілеуден ең жоғары балл алған кандидатпен ұйымның басшысы еңбек шартын жасасады және азаматтық қызметке қабылдау туралы акт шығарады, онымен азаматтық қызметші таныстырылады.».
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс әзірлеу |
- |
2024 жылдың аяғына дейін |
|
6 |
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының 2022 жылғы 23 қарашадағы №58 бұйрығымен бекітілген «Этномәдени бірлестіктер арасындағы жыл қорытындысы бойынша «Татулық және келісім» байқауы туралы» Ереженің 17-тармағына сәйкес, байқауға қатысты құжаттарды қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді комиссия құрамымен қабылдауда. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша ағарту мен тәрбие жұмыстарын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік принципін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жүргізіп, іс-шаралар өткізу қажет. Сонымен қатар, байқауға қатысты құжаттарды қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді қабылдауды жасанды интеллекттің көмегімен IT-мамандар арқылы автоматтандыру қажет. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қалыптастыру. Байқауға қатысты құжаттарды қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді автоматты түрде қабылдау тетігін қалыптастыру жолдарын іздестіру.
|
- |
2025 жылдың аяғына дейін |
|
7 |
Басқарманың штат саны - 20, нақты саны - 19, бос лауазым - 1 (қоғамдық-саяси ахуалды талдау, болжау және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы), аталған лауазым түрлі себептермен 2024 жылдың басынан бері бос болуда. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялау мерзімі белгіленбеген, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыру мүмкін. |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына неғұрлым қысқа конкурс жариялау мерзімін белгілеу туралы ұсыныс енгізу қажет.
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне ұсыныс әзірлеу |
- |
2024 жылдың аяғына дейін |
|
8 |
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 24-35-4 шешімімен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу қағидаларына сәйкес өңірлік, жергілікті этномәдени бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер), сондай-ақ республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) үшін қоғамдық аккредиттеуді облыстық ҚХА жанындағы аккредиттеу жөніндегі өңірлік комиссиясымен жүзеге асыруында. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша ағарту мен тәрбие жұмыстарын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік принципін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жүргізіп, іс-шаралар өткізу қажет. Этномәдени бірлестіктер үшін қоғамдық аккредиттеуді жасанды интеллекттің көмегімен IT-мамандар арқылы автоматтандыру қажет.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қалыптастыру. Этномәдени бірлестіктер үшін қоғамдық аккредиттеуді автоматты түрде жүргізу тетігін қалыптастыру жолдарын іздестіру. |
- |
2025 жылдың аяғына дейін |