Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
|
|
|
|
|
1 |
Басшы |
Басқарушылық шешімдер қабылдау (қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет) |
Қызмет бойынша жоғарылату және мемлекеттік қызметтен босату, қызметкерлерге тәртіптік шаралар мен көтермелеу шараларын қолдану, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
|
|
2 |
Басшының бюджет бойынша орынбасары |
Облыстық бюджеттің міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімі негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу кезінде мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу мүмкіндігі |
|
3 |
Басшының коммуналдық мүлік жөніндегі орынбасары |
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару жұмыстарын ұйымдастыру |
Мемлекеттік мүлікті жалдауға, сенімгерлік басқаруға және сатып алушының мүлікті қабылдау-өткізу актілерін түзу кезінде жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу, мүлікті есептен шығару мүмкіндігі |
|
4
|
Бюджеттің атқарылуына жиынтық талдау жүргізу, есеп және есептілік бөлімінің басшысы |
Басқарманың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспарын жасауды, ұсынуды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, бекітілген (нақтыланған) жоспарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу арқылы ұйымдастыру |
Мекеменің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес жекелеген жағдайларда сатып алуларды бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізу |
|
5 |
Облыстық бюджеттік бағдарламаларға мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы |
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына олардың өтінім тапсырыстарына сәйкес өзгерістер енгізу, облыс әкімдігінің резервінен қаражаттарды бөлу |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімі негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, әкімдігінің резервінен қаражаттарды бөлу кезінде мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу |
|
6 |
Бюджеттің атқарылуына жиынтық талдау жүргізу, есеп және есептілік бөлімінің бас маманы |
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Жамбыл облысы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, аудандар мен Тараз қаласынан, ауылдық округтерден мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жай – күйін қадағалау, талдау; дебиторлық берешектер (1 ДБ - жиынтығы) және кредиторлық берешектер (1 КБ - жиынтығы) есептерін әзірлеу |
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, аудандар мен Тараз қаласынан, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және шоғырландырылған қаржылық есептілікті қабылдау кезінде мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу |