Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.

Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

 

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.      

Басшы

Басқарушылық шешімдер қабылдау (қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет)

Шешімдер қабылдау және ұйымдастыру-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы

2.      

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және индустриалды-инновациялық дамыту бөлімінің басшысы

Грант алған кәсіпкерлермен шартты бұзу туралы мәселені конкурстық комиссияның қарауына енгізу

Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде грант алған кәсіпкерлер жобаларының барлығының іске асырылу барысына мониторинг жүргізілмеуі, тексеру таңдамалы түрде тек бір немесе екі жобаға жүргізілетіндіктен, сондай-ақ бұл мәселені конкурстық комиссияның қарауына енгізетін және қажеттілік болған жағдайда грант қаражатын қайтарумен айналысатын Басқарма қызметкерлері болғандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі болуы мүмкін

3.     

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және индустриалды-инновациялық дамыту бөлімінің бас маманы

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің  тізіліміне енгізу үшін дара кәсіпкерлерден өтініштерді қоса берілетін құжаттарымен бірге қабылдау, әрі қарай арнайы құрылатын комиссияның қарауына енгізіп, оның ұсынысына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тізілімге енгізу үшін жолдау

Мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді пайдалану мақсатында Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштерді құжаттар топтамасымен бірге қағаз жеткізгішінде қолма-қол қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алуы мүмкін

4.     

Басқарманың барлық мемлекеттік қызмешілері

Басқармаға түсетін жолданымдар мен арыз-шағымдарды қарау барысында хат иелерінің құқықтарын, жауап беру немесе тиісті құзырлы органдарға жолдау мерзімдерін сақтау

Басқармаға түсетін арыз-шағымдарды қарау барысында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) барысында жолданым иелерінің сұранысы бойынша қолайлы әкімшілік акт немесе ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алуы мүмкін

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы