Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басшы |
Басқарушылық шешімдер қабылдау |
Кадрларды іріктеу, қызмет бойынша жоғарылату және мемлекеттік қызметтен босату, қызметкерлерге тәртіптік шаралар мен көтермелеу шараларын қолдану, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, жер учаскесіне құқық беру |
|
2 |
Бөлім басшылары |
Жер қатынастарын реттеуде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану |
Жер қатынастарын реттеу, жер комиссиясын ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету |
|
3 |
Бас мамандар |
Жер қатынастарын реттеуде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану |
Жер қатынастарын реттеу, жер комиссиясын ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету, жер учаскесін жалға немесе жеке меншікке беру туралы келісім-шарттар жасау |