Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Өңірлік комиссияның төрағасы мен мүшелері |
Өңірлік комиссияның үміткерге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа қатысуға рұқсат беру. Өңірлік комиссияның ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі жеңімпазды анықтау мақсатында өңірлік тапсырыстың үміткерлерін балдық бағалау бойынша бағалау. |
«Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығының 57-тармағына сәйкес, өңірлік комиссияның үміткерге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа қатысуға рұқсат беруінде және 59-тармағына сәйкес, өңірлік комиссияның ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі жеңімпазды анықтау мақсатында өңірлік тапсырыстың үміткерлерін балдық бағалау бойынша бағалауында. |
|
2 |
Басқарманың бас мамандары |
Базалық бағаларды айқындау |
«Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен базалық бағалардың бекітілуінде. |
|
3 |
Басқарманың бас мамандары, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» қызметкерлері. |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттаманы әзірлеу. Әлеуетті өнім берушілерді айқындау және конкурсқа қатысушылар деп тану, сонымен қатар конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолдану және есептеу. |
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес, Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды ҮЕҰ-ға және «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ-нің әлеуметтік желілердегі визуалды контентті дайындау үшін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттаманы әзірлеуінде және 27-бабына сәйкес, конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді айқындауында және конкурсқа қатысушылар деп тануында, сонымен қатар конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануында және есептеуінде. |
|
4 |
Басқарманың басшысы және орынбасарлары |
Әлеуметтік жобаны іске асыру қорытындылары бойынша көрсетілген қызметтер актісіне мемлекеттік органның қол қоюы |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің № 18 бұйрығының 20-тармағына сәйкес, әлеуметтік жобаны іске асыру қорытындылары бойынша көрсетілген қызметтер актісіне мемлекеттік органның қол қоюында. |
|
5 |
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)», «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылары |
Азаматтық қызметке кіруді тағайындау туралы бұйрық шығару |
«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес, азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылуында |
|
6 |
Комиссияның төрағасы мен мүшелері |
Байқауға қатысты құжаттарды қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді комиссия құрамымен қабылдау |
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының 2022 жылғы 23 қарашадағы №58 бұйрығымен бекітілген «Этномәдени бірлестіктер арасындағы жыл қорытындысы бойынша «Татулық және келісім» байқауы туралы» Ереженің 17-тармағына сәйкес, байқауға қатысты құжаттарды қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді комиссия құрамымен қабылдауда. |
|
7 |
Басқарманың басшысы |
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялау туралы кадр қызметіне ұсыныс енгізу |
Басқарманың штат саны - 20, нақты саны - 19, бос лауазым - 1 (қоғамдық-саяси ахуалды талдау, болжау және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы), аталған лауазым түрлі себептермен 2024 жылдың басынан бері бос болуда. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялау мерзімі белгіленбеген, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыру мүмкін. |
|
8 |
Комиссияның төрағасы мен мүшелері |
Қоғамдық аккредиттеуді облыстық ҚХА жанындағы аккредиттеу жөніндегі өңірлік комиссиясымен жүзеге асыру |
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 24-35-4 шешімімен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу қағидаларына сәйкес өңірлік, жергілікті этномәдени бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер), сондай-ақ республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) үшін қоғамдық аккредиттеуді облыстық ҚХА жанындағы аккредиттеу жөніндегі өңірлік комиссиясымен жүзеге асыруында. |