
Әбдіразақ Ақайби Жалелұлы 1993 жылы 13 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Экономика» мамандықтарымен аяқтаған.
Еңбек жолын 2013 жылы «KazComNet» ЖШС жүйелік әкімшілігінің көмекшісі қызметінен бастаған.
2015 – 2016 жж. «KazComNet» ЖШС енгізу бөлімінің маманы қызметін атқарған.
2016 – 2017 жж. аталған мекемеде бөлім басшысы қызметін атқарды.
2017 – 2022 жж. аралығында Жамбыл облысы әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
2022 – 2024 жж. Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыруды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2024 жылдың 23 желтоқсанынан Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік даму бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.