Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
s.salemov@zhambyl.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Сәлемов Серік Жақсылықұлы
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Общая информация, образование

Сәлемов Серік Жақсылықұлы 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын («жылумен, газбен қамтамасыз ету, желдету, ауа бассейінін қорғау», «құқықтану», «мемлекеттік және жергілікті басқару») бітірген.

Карьера

Ол әр жылдары «Салтанат» шағын мемлекеттік кәсіпорында тері өткеруші, «Ақбастау» шағын жеке кәсіпорында құрылыс учаскесінің шебері, «Салтанат» шағын мемлекеттік кәсіпорында директордың орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас консультанты, бас маманы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының бас маманы, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, жетекшісі лауазымдарын атқарған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің нормативтік-лингвистикалық жұмыстар басқармасының бастығы (басшысы), ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, аталған министрліктің Әкімшілік департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, түрлі серіктестіктердің жетекшісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аппарат басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

2022 жылғы шілде айынан бастап бүгінге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы