Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
l.ilebaev@zhambyl.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Ілебаев Лесбек Құралбайұлы
Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы
Общая информация, образование

Ілебаев Лесбек Құралбайұлы 1982 жылы 17 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша PhD докторы.

Карьера

2004-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарған.

2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімінде оқыған. 

2014-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында, 2017-2018 жылдары «Каспий әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының міндетін атқарушы, 2018-2019 жылдары коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып еңбек етті.

2023 жылдың қаңтары - 2024 жылдың қаңтары аралығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.

2024 жылғы қаңтардан бастап – Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы