GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
23 октября 2026
ЖУАЛЫДА «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ»: МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСҚАН МЕРЕКЕ

Республика күніне орай Жуалы ауданында «Достық керуені» жобасының кезекті іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты – этностардың мәдени құндылықтарын кеңінен таныту, салт-дәстүр сабақтастығын сақтау және қоғамдағы бірлік пен өзара құрметті нығайту.

Әртүрлі мәдениет – ортақ құндылық, ал татулық пен келісім – елді біріктіретін басты күш. «Достық керуені» осындай игі бастамалар арқылы қоғамдағы ынтымақты нығайтып, ұлттар арасындағы достықты дәріптеуге үлес қосуда.

19 октября 2026
Кеңес отырысы өтті

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы аудандық бөлімшесінің қызметкері және Жамбыл облысы Полиция департаменті Жуалы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығының қатысуымен аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің тізіміне енгізілген мекемелердің басшылары мен жауапты орынбасарларына арналған кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету алгоритміне сәйкес қойылатын талаптар мен міндеттер түсіндіріліп, қауіпсіздік шараларын сақтау, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу және белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

09 октября 2026
ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ

Ұстаз – жүрекке білімнің нұрын құйып, әр шәкірттің бойына үміт пен сенім ұялататын ардақты тұлға. Ұстаздың бір ауыз сөзі кейде баланың бүкіл өміріне бағыт-бағдар беріп, үлкен арманға қанат бітіреді.

Ұстаздар күніне орай ауданымызда білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ардагерлер мен ұстаздарға арналған салтанатты жиын өтті.

Жиында шәкірт тәрбиесі мен сапалы білім жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар ұстазды аудан әкімі Жалғас Мұртаза марапаттап, олардың еңбегіне құрмет көрсетті.

Бұл – марапаттан да биік, ұстаз еңбегіне деген ел ықыласының белгісі.

Ұстаз еңбегі – ұрпаққа салынған ең қымбат инвестиция. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел тірегі. Ал сол болашақтың негізін қалайтын жандарға деген құрмет ешқашан ортаймақ емес.

Барша ұстаздарға мың алғыс!
Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі еселене берсін!

03 октября 2026
«Адал азамат – Адал еңбек»: еңбек адамдары марапатталды

Жуалы ауданында Еңбек күніне орай адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова төрағалық етіп, еңбек адамдарына ізгі тілегін білдірді.

Жиында еңбек адамының қоғамдағы орны мен маңызына ерекше тоқталып, адал еңбекті дәріптеу – ел дамуының маңызды негіздерінің бірі екені айтылды. Әр салада маңдай терімен еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен танылған азаматтардың еңбегі көпке үлгі екені атап өтілді.

Салтанатты шара барысында ұзақ жылдар бойы әртүрлі салаларда еңбек етіп, ел игілігіне үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.

Солардың бірі – Рахманов Нұржан Кәрімұлы. Ол жастайынан әкесіне көмектесе жүріп, құдық қазу кәсібін меңгерген. Бүгінде осы салада 30 жылға жуық еңбек өтілі бар. Құдық қазу – үлкен тәжірибені, төзімділікті және жердің ерекшелігін терең білуді қажет ететін күрделі кәсіп. Нұржан Кәрімұлы жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында жер бедері мен топырақ құрамына қарап, су шығатын орындарды анықтап келеді. Оның еңбек жолы – табандылық пен адал еңбектің жарқын үлгісі.

Бейсесмбек Шакизада Жарылқасынқызы – аудан орталығында «Эдем» қонақ үйін ашып, отыз жылға жуық қонақжайлылық саласында еңбек еткен зейнеткер. Осы жылдар ішінде ауданға келген қонақтар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, қонақ үй қызметінің дамуына өзіндік үлесін қосты. Іскерлігі, жауапкершілігі және адамдармен тіл табыса білуі арқылы өз саласында абыройлы еңбек жолын қалыптастырды.

Әлімбекова Баян Манапқызы еңбек жолын Жуалы аудандық орталық ауруханасында медбике болып бастап, кейін 15 жыл бойы массаж жасау қызметін атқарған. Осы уақыт аралығында аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, олардың жалпы жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен адамға жанашырлығы арқылы көпшілікке қызмет етті.

Байділдаева Тұрсынкүл Мақұлбекқызы 1978-2022 жылдар аралығында қоғамдық тамақтану саласында еңбек етіп, іскерлігімен, тиянақтылығымен және жауапкершілігімен ерекшеленді. Келушілермен жақсы қарым-қатынас орнатып, қонақжайлығы мен жылы жүзінің арқасында көпшіліктің ықыласына бөленді. Ұзақ жылғы еңбегімен қоғамдық тамақтану саласының дамуына өзіндік үлесін қосты.

Ал Ирисханов Ислам Дудуловичтің жалпы еңбек өтілі – 40 жыл. Оның ішінде су шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі 14 жылды құрайды. Ол еңбек жолын 1986 жылы Ақсай су шаруашылығында жүк ілуші болып бастап, кейін өндірістік және жөндеу салаларында түрлі қызметтер атқарған. 2012 жылдан бері «Жуалы Су» мекемесінде су құбыры және кәріз желілерін жөндеу жөніндегі жұмысшы болып еңбек етіп келеді.

Көкеев Дидар Миятович еңбек жолын 2018 жылы Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында күзетші болып бастаған. 2022 жылдан бері «Жуалы Су» мекемесінде өндірістік қызметкер ретінде еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 8 жыл, қазіргі саладағы еңбек өтілі – 4 жыл.

Марапатталған азаматтардың әрқайсысы – өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби шеберлігі мен маңдай тері арқылы ел игілігіне қызмет етіп жүрген еңбек адамдары. Олардың еңбек жолы – кейінгі буынға өнеге, қоғамға ортақ құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Рымбекұлы Бүрлібаев пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жуалы аудандық филиалының төрағасы Сейтхан Шералханұлы сөз сөйлеп, еңбек адамдарына жылы лебіздерін жеткізді.

Еңбек күні – маңдай терімен елге қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалап, олардың қоғам алдындағы еңбегіне құрмет көрсететін айтулы мереке. Өйткені елдің дамуы мен берекесі – әр адамның адал еңбегінен басталады.

Жиын соңында марапат иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс тілініп, мерекелік құттықтаулар айтылды.

29 сентября 2026
Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы тексерілді

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айдос Асабаев 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандардың дайындық барысын тексеріп, бірқатар нысандарды аралады.

Аралау барысында білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына қарасты нысандардың жылыту маусымына әзірлігіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қазандықтардың техникалық жағдайы, жылу жүйелерінің дайындығы, жылыту құралдарының жұмысқа жарамдылығы және отын қорының жеткіліктілігі тексерілді.

Сонымен қатар, нысандардағы анықталған кемшіліктерді жою, жылыту жүйелерін сынақтан өткізу және қажетті дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтау мәселелері қаралды.

Айдос Құттыбайұлы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды, әлеуметтік нысандардың үздіксіз әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етілуін бақылауда ұстауды тапсырды.

Жылыту маусымын қауіпсіз әрі тұрақты өткізу мақсатында тиісті жұмыстар жалғасын табады.

28 сентября 2026
Заң мен тәртіп – қоғамның ортақ құндылығы» тақырыбында кездесу

Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Кәріқорған ауылында «Заң мен тәртіп – қоғамның ортақ құндылығы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы заң мен тәртіптің қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

Сонымен қатар аудандық полиция өкілдері интернет алаяқтықтың алдын алу, цифрлық сауаттылық, «дропер» ретінде заңсыз әрекеттерге тартылудан сақтану және ұрлықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жастар тәрбиесі, құқықтық сауаттылық, отбасындағы тәртіп пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері де қозғалды.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

28 сентября 2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Күреңбел ауылында «Заң мен тәртіп – қоғамның ортақ құндылығы: заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп, азаматтық жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Шара «Оқылмаған хаттар» тақырыбындағы театрландырылған көрініспен басталып, қоғамдағы құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын ашты.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

Сондай-ақ аудандық полиция өкілдері интернет алаяқтық, жалған қоңыраулар, фишингтік сайттар, «дроперлік» және ұрлықтың алдын алу бойынша маңызды ақпарат берді.

Жастардың құқықтық сауаттылығы, тәртіпті ұрпақ тәрбиесі, отбасындағы өзара сыйластық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері де кеңінен талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

25 сентября 2026
Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды

2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар.

Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызмет алуға I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты жүріп-тұруы шектелген азаматтар құқылы.

Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорация сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін қызметкер азаматтың үйіне барып, қажетті құжаттарды қабылдайды. Дайын болған қызмет нәтижесі көрсетілген мекенжайға тегін жеткізіледі.

Еске сала кетейік, ХҚКО-ға өзі келетін ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, кедергісіз жайлы орта қалыптасқан. Ал кезексіз қызмет алуға құқылы келушілерге арнайы жеңілдік терезелері арқылы жедел қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар, еліміздегі барлық фронт-офистер ыңғайлы пандустармен, көмек шақыру батырмаларымен, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған тактильді тақталармен және арнаулы арбалармен қамтылған.

 

 

 

21 сентября 2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ: ТАЗА АУЫЛ – ТАЗА ҚОРШАҒАН ОРТА

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Жуалы ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Асабаев бастап елді мекен көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, оған мекеме қызметкерлері мен тұрғындар белсенді қатысты. Көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлінді.

Тазалық – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктен басталады. Туған жердің көркеюі – әр азаматтың ортақ ісі!

21 сентября 2026
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Жоспарлы екпелермен қамту мәселесі» тақырыбында кеңейтілген штаб отырысы өтті. Жиынға денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының өкілдері, білім бөлімі, мемлекеттік және жекеменшік балабақша, шағын орталық меңгерушілері мен БАҚ өкілдері қатысты. Отырыста балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамту деңгейін арттыру, екпе алмаған балалардың есебін жүйелеу және ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.

Штаб отырысына төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова балалардың денсаулығын сақтау – басты міндеттердің бірі екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Күн тәртібінде 2026 жылдың 8 айындағы екпемен қамту көрсеткіштері, тәуекел топтары және екпесі толық емес балалармен жұмыс мәселелері қаралды. Жиынды қорытындылаған А.Ахметова білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, жұмысты нақты нәтижеге бағыттауды тапсырды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы