МАРАПАТТАУ
2022 жылғы 29 маусымда аудандық әкімдікте келесі күн тәртібімен кеңес өтті: Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Н.Б.Алтыбаеваның республикалық референдумға дайындық және оны өткізу қорытындылары туралы ақпаратты тыңдау; қызметтік міндеттерін жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық деңгейде орындағаны үшін учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловтың Алғыс хатымен, Жуалы ауданының әкімі Жалғас Әлижанұлы Мұртазаның Алғыс хатымен марапаттау.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы