ОНЛАЙН СЕРВИС туралы семинар-кеңес
2022 жылдың 23 мамыр күні Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары аясында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Жуалы аудандық референдум комиссиясының және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда 2022 жылдың 5 маусымына тағайындалған Республикалық референдум бойынша электронды үкімет порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн қызметін енгізу алгоритміне сәйкес сайлау күні ОНЛАЙН СЕРВИС бойынша электронды үкімет порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-қызметін енгізу бойынша аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізді және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінен түскен сұракқтарына толық жауап берды.